Қазақстан 2012 жылы да жанар-жағармай экспортына тыйымды жалғастыратын болады - С. Мыңбаев

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Қазақстан 2012 жылы да жанар-жағармай экспортына тыйымды жалғастыратын болады.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Газ және газбен жабдықтау туралы» заң жобасын талқылаудан кейін журналистерге берген сұхбатында Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті.

Естеріңізге сала кетейік, жанар-жағармай бағасын тұрақтандыру мақсатында, әсіресе көктемгі егіс жұмыстары кезіндегі бағаға қатысты шаралар бойынша Үкімет оны экспорттауға тыйым салған болатын. Үкіметтің шешімімен бұндай бірнеше мәрте тыйым кері ысырылып келген еді. Бұл 2012 жылы да сақталатын болып отыр. «Оның мерзімі ұзартылатыны - анық мәселе», - деп атап өтті министр Сауат Мыңбаев.

Сонымен қатар, министр қазіргі күні Қазақстан мен Ресей арасында 2012 жылғы бензин жеткізілімінің ауқымына байланысты келіссөздердің де жүріп жатқанын мәлім етті.
«Желтоқсан айы бойынша тасымалданатын мөлшерлер анықталған. Ал келесі жылғы тасымалданатын ауқым бойынша Ресейдің уәкілетті органдарымен жұмыс атқарылуда. Әзірше бірлескен баланс туралы ешқандай құжатқа қол қойылған емес», - деді С. Мыңбаев.

Соңғы жаңалықтар