Қазақстан 2 жылда жаңа IPv6 жүйесіне көшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жақын арада интернет адрестерді тіркеу мен таратудың жаңа IPv6 жүйесіне көшеді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен RIPE NCC аймақтық конференциясы барысында айтылды.

Мамандардың айтуынша, әлемде қолданыс аясының кеңеюіне байланысты IP-адрестер азайып келеді. Тек Қазақстанда ғана емес, әлемде де IP-адрестердің тапшылығы туындап отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен әлемнің бірнеше елінен келген техник мамандардың басқосуында жан-жақты айтылды. «Әлемде интернет адрестерді тіркеу, таратумен айналысатын 5 ірі ұйым бар. Олардың бірі RIPE NCC ұйымы 76 елді біріктіріп отыр. Бұл ұйым жаңа домендерді берумен айналысады. Бүгінгі шара сол ұйымның қатысуымен конференция өтуде. Ол шара Қазақстан провайдерлерінің жаңа жүйеге жылдам әрі кедергісіз көшуіне септігін тигізеді. Бүгін біз нағыз техникалық мамандарды жинап отырмыз. Олар Қазақстанда жаңа жүйені енгізудің басты проблемаларын талқылауда», - деді «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» ұйымының басшысы Шавкат Сабыров. Адрестерді тіркеудің жетілдірілген жаңа жүйесі интернет кеңістікте жиі орын алатын кибер-шабуылдарға тосқауыл қоймақ. «Қазір Қазақстанда 1 IP-адреспен бірнеше мыңдаған, тіпті 10 мыңдаған адамдар жұмыс істеп отыр. Ол техникалық тұрғыдан мүмкін. Бірақ, бұл қауіпсіздікке кері әсерін тигізеді. Мысалы, 1 ғимаратта 1 адрес бар десек, ол ғимаратта бес жүз адам жұмыс істеуі мүмкін. Құқықбұзушылық бола қалса, олардың қайсысы шабуыл жасады, анықтау өте қиын. Бүгінгі техникалық мамандар DDOS-шабуылдар мен қауіпсіздік шаралары туралы да әңгіме қозғамақ», - деп қорытындылады «Қазақстанның Интернет қауымдастығы» ұйымының басшысы Шавкат Сабыров. Маманның айтуынша, жаңа жүйеге көшу үшін Қазақстанға 2 жылдай уақыт қажет. Мәселе техникалық тұрғыдан дайындықтың жоқтығында болып отыр. Сонымен қатар, жаңа құрал-жабдық сатып алып, магистральді құралды жаңғырту қажетті туады. Бағдарламалық қамтамасыз етуді де жаңа жүйеге көшіру керек.

Соңғы жаңалықтар