Қазақстан 10 жылда қоршаған ортаны қорғауға 370 млрд теңгеге жуық инвестиция салды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан 10 жылда қоршаған ортаны қорғауға 370 млрд теңгеге жуық инвестиция салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі finprom.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылдың қаңтар-тамызында қоршаған ортаны қорғауға жұмсалған инвестиция көлемі жыл ішінде 24 пайызға артып, 92,5 млрд теңгеге жетті. Өткен жылдың осындай кезеңіндегі инвестиция сомасы 74,6 млрд теңге болған еді. Бұл 2018 жылғы сомадан 2 есе көп. Соңғы 3 жылда секторға салынған инвестиция көлемі орташа есеппен жылына 94,7 пайызға артып келеді. Жалпы, соңғы 10 жылда елімізде қоршаған ортаны қорғауға 368,8 млрд теңге жұмсалды.

Өңірлік шекте қоршаған ортаны қорғауға Ақмола облысы мол қаржы құйып отыр. Аймақ өткен жылмен салыстырғанда инвестиция көлемін 2 есеге арттырып, 27,5 млрд теңгеге жеткізді. Ал Шығыс Қазақстан облысында жыл ішінде инвестиция сомасы 5,4 есеге ұлғайып, 10,1 млрд теңгені құрады. Үздік үштіктің қатарында Маңғыстау облысы да бар. Бұл өңір секторға 7,8 млрд теңге жаратқан.

Қазақстан өңірлері арасында тек Алматы облысы ғана қоршаған ортаны қорғауға инвестиция салмады. Ал бұл өңірдің ауасының ластануы жоғары қалалары бар аймаққа кіретіндігі белгілі.

Жалпы ауасының ластану деңгейі жоғары қалалар қатарында Ақтөбе, Өскемен, Атырау, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Балқаш, Шымкент, Теміртау және Семей қалалары бар.


Соңғы жаңалықтар