ҚазАқпараттың фототілшісі үстел теннисінен Сенат Кубогын жеңіп алды
«Байланыс және ақпарат саласы қызметкерлерінің күні қарсаңында еліміздің жеткен жетістіктерін, Парламент жұмысын, саяси, әлеуметтік-экономикалық реформаларды халыққа жеткізудегі сіздердің еңбектеріңіз ерекше екенін ризашылықпен атап өткім келеді. Үстел тенисінен журналистер арасына өткен жарыс тартысты әрі қызықты шара болды. «Спорт» - ағылшын тілінен аударғанда «ойын, көңіл көтеру» дегенді білдіреді. Ой еңбегінің майталмандарына бүгін өз шеберліктерін танытуға әрі мерекеде көңіл сергітуге мүмкіндік туды», - деді сенатор Дархан Кәлетаев.
Жарыс нәтижесі бойынша, «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің фототілшісі Дәурен Мұхамеджанов Парламент Сенаты турнирінің жеңімпазы әрі кубогының иегері атанды. Журналистика ардагері, публицист Қайнар Олжай - екінші, «Қазақстан» телерадиокорпорациясының тілшісі үшінші орын алды.
Турнирдің барлық жеңімпаздары мен қатысушылары ҚР Үстел теннисі федерациясының сетификаттарымен және ақшалай сыйақыларымен марапатталды. Сыйлықтарды депутат Дархан Кәлетаев пен Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков табыстады.
Іс-шараға ҚР Ұлттық олимпиада комитеті қолдау білдірді.