ҚазАқпаратта онлайн-концерт жалғасады: әлемнің виртуоз-хомусшысы Юлияна Кривошапкина

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Саха (Якутия) Республикасының танымал дәстүрлі әншісі, әлемнің виртуоз-хомусшысы Юлияна Виссарионовна Кривошапкина (сахнадағы аты Дьүрүйээнэ) үйдегі онлайн концертті жалғастырады.

ҚазАқпараттың YouTube арнасынан көрсетілетін онлайн-концертте Дьүрүйээнэ хомуста ойнап, өзінің тамаша туындыларын тыңдарманға ұсынады. 16 сәуір күні кешкі сағат 20:00-де үйдегі концертті мына сілтемеден тамашалаңыз.

Юлияна Кривошапкина-Дьүрүйээнэ – «Әлемнің виртуоз-хомусшысы» атағын иеленген этно-әнші, музыкант. Саха (Якутия) Республикасының Мемлекеттік эстрада театрының әртісі-вокалшысы.


Юлияна алғашында «Айархаан» этно тобында өнер көрсетіп танылған. Бірқатар халықаралық фестивальдарға қатысып, «world music» тыңдармандарын әуен мелодикасымен баурады. Юлияна оның құрамында көптеген елдерде тірі, этникалық музыка фестивальдарінің гран-при, лауреат, хед-лайнерлері атанған. Ол әншілігімен қатар, хомустың сүйемелдеуімен осуохай, тойук, дэгэрэн секілді фольклорлық әуендерді орындайды. Оның дауысы мен хомуста ойнауы керемет үйлесіп, адамның бойында ғажайып шаттық сезімін оятады. Өзі де өнер көрсеткенде музыкасын «тірілту» үшін түрлене түседі. Юлияна саха халқының мәдениетімен таныстырып қана қоймай, дэгэрэн стилі мен хомус дыбысының үйлесімінен басқа халықтардың ұлттық аспаптарын, ән стильдерінің дыбысталуын қосып, тәжірибе жасап, жаңа образдарды іздейді.

Еске салайық, бұдан бұрын ҚазАқпаратта түркиялық әнші, композитор, түркі халықтарының музыкасын зерттеуші, «Түрік әлемінің саздары» ансамблінің көркемдік жетекшісі Ирфан Гюрдал қазақ жұртшылығына арнап онлайн-концерт өткізген болатын.






Соңғы жаңалықтар