«ҚазАқпаратта» 1 жылдың ішінде ең көп оқылған 20 жаңалық

None
None
 АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы бірден-бір Халықаралық Ақпарат агенттігі саналатын - «ҚазАқпарат» 2017 жылды қорытындылап, соңғы 365 күннің әр 24 сағатының ішінде ең көп оқылған жаңалықтарды талдап көрді. Бір айта кетерлігі, қатарынан «оза шапқан» 20 жаңалықтың айтарлықтай шоғыры Димаш Құдайбергенге қатысты жарияланғаны белгілі болып отыр.

Сөзсіз, жылдың ең айтулы жетістіктерінің алдыңғы қатарынан көрініп отырған Димаш Құдайбергеннің жеңісі қазақ атын алты құрлыққа таныта түсті. Қытай еліндегі «Singer-2017» жобасында шашасына шаң жұқтырмаған Димаш туралы кез келген жаңалық «ҚазАқпарат» бетінде салмақты материалдарға айналып шыға келді. Мәселен, 2017 жылдың 25 ақпанында «Димашты Астанада қарсы алған жанкүйер көп болмады » тақырыбындағы жарияланымды бір күнде 23 699 адам (бірегей оқырман) оқыған. Бұл көрсеткішті - «ҚазАқпарат» ХАА бетіндегі биылғы жылдың рекорды екенін айта кету керек.

Дүйім жұртты дүрліктірген «Қалаулым» бағдарламасы туралы жаңалық ақпарат агенттігінде жиырма мыңнан аса оқылым жинаған екі жарияланымның бірі болып отыр. «Қалаулымның» басына қара бұлт үйірілді» атты жаңалық 21 551 оқылым жинап, «күміс медальді» қоржынға салды. Ал «оқылым бәйгесінің» үштігін «1 шілдеден бастап зейнетақы, жәрдемақы және әскери қызметшілердің жалақысы өседі» деген жарияланым түйіндеген (16865 оқылым).

Ендігі кезекте, алдыңғы ҮШТІКТЕН кейін оқылым бойынша оза шапқан жарияланымдар легін ұсынсақ:

4) Димаш қытайлықтарға 14 млн теңге аударды - 16 555 оқылым;

5) ОҚО-да даладан табылған баланың құлағының тұсында сирек кездесетін белгі бар - дәрігерлер - 15 970 оқылым;

6) Байқаудың үшінші кезеңінде Димаштың әлеуетті қарсыласы пайда болды - 15 928 оқылым;

7) ОҚО-да даладан сөмкеге салынған жаңа туған нәресте табылды - 15 833 оқылым;

8) 1 шілдеден бастап ХҚКО-лардан қазақстандық төлқұжатқа балалардың суретін жапсыруға болады - 14 868 оқылым;

9) Алматы облысында бір отбасының үш мүшесі тұтқындалды - 14 075 оқылым;

10) ОҚО-дағы той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіруде - 13 721 оқылым;

11) Ақтөбеліктер жол-көлік оқиғасы кезінде қаза тапқан қызды ақтық сапарға шығарып салды - 12 291 оқылым;

12) Димаш Құдайберген жеке концертінде көрерменді немен таңғалдырды - 12 105 оқылым;

13) Интернетті дүр сілкіндерген оқушы Димаштан озуды армандайды - 12 095 оқылым;

14) Білім грантын кім иеленгенін қалай анықтауға болады - 11 826 оқылым;

15) Димаштың кешінде ән шырқаған шетелдік қонақтар концерт туралы пікір білдірді - 11 070 оқылым;

16) Әнші Луина дәмханаға келіп, шотты төлей алмаған қос ғашықты қонаққа шақырды -11 031 оқылым;

17) Сапарбаев баспанасы суға кеткен адамдармен дөрекі сөйлескен қызметкерлерге ескерту жасады - 10 611 оқылым;

18) Димаш қытайлық әнші қызға бауыр басып қалғандығын айтты - 10 387 оқылым;

19) Әкесі мен інісін айуандықпен өлтірген баламды кешірмеймін - сотталушының анасы - 10 282 оқылым;

20) Ақтөбеде су тасқынынан зардап шеккендерге жіберілген бұйымдардың жартысы қоқысқа тасталады - 10 180 оқылым.

«ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінде 1 жылдың ішінде ең көп оқылған 20 жаңалықтың легі осындай. Алдағы уақытта да агенттік ұжымы оқырмандарға маңызды әрі жедел ақпаратты кешіктірмей беруде барын сала бермек. 

Соңғы жаңалықтар