+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

ҚазАқпаратқа үлкен табыстар тілеймін - «Kyodo News» президенті

2020 жылғы 13 тамыз 13:00
Бөлісіңіз:
ҚазАқпаратқа үлкен табыстар тілеймін - «Kyodo News» президенті

ТОКИО. ҚазАқпарат – Жапонияның «Kyodo News» ақпарат агенттігінің президенті Тору Мизутани «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігінің 100 жылдық мерейтойына орай видеоқұттықтау жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ханымдар мен мырзалар, Сәлеметсіздер ме?! Мен Kyodo News президенті Тору Мизутанимін.

Киодо атынан Қазақстан Республикасының «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігін 13 тамыз күні құрылғанына 100 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймын. ҚазАқпаратқа алдағы жылдары үлкен табыстар тілеймін.

2020 жылы әлемді дүр сілкіндірген жағдай – коронавирус пандемиясы орын алды. Бір ғасырда бір рет қайталанатын бұл құбылыс әлі күнге дейін әлем жаңалықтарының бас тақырыбына айналып отыр. Мен осы жазда Токиода өткен Олимпиада және Паралимпиада ойындарында қазақстандықтарды көремін деп үміттенгенмін. Себебі олар осымен бір жылға кешіктірілген еді, алайда әлемде мынадай оқиға орын алды. Ендігі жерде халықаралық қауымдастық коронавирустық дағдарысты еңсереді деген үмітпен келесі жылғы кездесуді асыға күтемін.


Цифрландыру жаһандық масштабта тез таралатындықтан өз кезегінде смартфондар ұсынатын жаңа да ыңғайлы құралдар пайдаланушыларға үлкен ақпарат алмасуға мүмкіндік берді. Алайда пайдасымен қатар зияны да бірге жүретіндіктен, жалған жаңалықтар сияқты проблемалардың бүкіл әлемде пайда бола бастағаны да белгілі. Осы таңда коронавирустық дағдарыс ақпараттық агенттіктердің шынайы және нақты жаңалықтарды тез жеткізудегі қызметі мен рөлі бұрынғыдан да маңызды екендігін дәлелдей түсті.

Әлемдік медиа индустрия мен журналистиканың одан әрі дамуын көремін деген үмітпен ҚазАқпаратты 100 жылдық мерейтойымен құттықтағаныма шын жүректен қуаныштымын.

Назарларыңызға рақмет!», - деді Тору Мизутанимін видеоқұттықтауда.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT