ҚазАқпарат журналистерін шетелдік әріптестері құттықтады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ журналистерін шетелдік әріптестері құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚазАқпарат тілшілерін Түркияның Анадолы агенттігінің өңірлік директоры Толга Озгенч пен Қытайдың «Жэньминьван» сайтының, Chinadaily медиахолдингінің журналистері, «Қытай» журналының тілшісі Ю Шаньшань құттықтап, ыстық ықластарын білдірді.

Сондай-ақ, әзербайжандық журналист Әли Мамедов: «Құрметті қазақстандық әріптестер! Сіздерді Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтаймын» деп, ізгі тілегін жолдайды.

Бұған дейін де бір топ шетелдік журналист қазақстандық әріптестерін кәсіби мерекемен құттықтаған болатын.

Еске сала кетейік, бүгін — Қазақстандағы Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.







Соңғы жаңалықтар