ҚазАқпарат журналистері әріптестерін Dombyra-информға шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агентігінің қызметкерлері Ұлттық домбыра күні қарсаңында әріптестерін Dombyra-информға шақырды.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен  шілденің бірінші жексенбісі  Ұлттық домбыра күні болып белгіленген болатын. Айтулы мерекеге орай «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Ұлттық домбыра күнінің аталып өтуіне тың идеямен үн қосып отыр. Агенттіктің шығарушы редакторы Ербол Жанат пен тілші Аян Өрібаев ақпаратты домбыра арқылы халыққа ұсынуда. Екі жарым минуттық шағын роликте ақпаратты өлеңмен өрнектеген агенттіктің қызметкерлері ізгі бастаманы басқа да журналист әріптестеріне жолдады.

Соңғы жаңалықтар