USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

ҚазАқпарат ұжымы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша марапатталды

2021 жылғы 3 желтоқсан 15:51
Бөлісіңіз:
ҚазАқпарат ұжымы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша марапатталды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - «Қайырымды істер марафоны» ұлттық жобасы аясында ұйымдастырылған «Ең мейірімді» байқауында «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы «Ең мейірімді редакция» аталымы бойынша жүлделі II орынға ие болды.

Аталған байқау бойынша, Қостанай облысынан «Ритм» газеті I орын алса, Атырау облысының «Мақат тынысы» газеті III орын иеленді.

Айта кетейік, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ ұжымы мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық шараларын 2016 жылдан бері жүйелі ұйымдастырып жүр. Әр жанұяға азық-түліктер үлестіріліп, ақшалай да көмек беріліп келеді.

Қайырымдылық акциялары әр жылы дәстүрлі түрде Наурыз мейрамы, «Мектепке жол» акциясы, Ораза айт, Құрбан айт мерекелерінде және Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылады. Сондай-ақ, аталған акциялардан тыс, науқас жандардың еміне қаражат та жинап беріп келеді.

Бүгінге дейін агенттік ұжымы 20 отбасыға қол ұшын созды. Соның ішінде 4 жанұя тұрақты қамқорлыққа алынған. Осы ұжымның тұрақты қамқорлығындағы 4 жанұяға қосымша көмек көрсету үшін кәсіпкер азаматтардың да демеушілік қаражаты тартылады. Бұдан бөлек, агенттіктің жеке қызметкерлері де акциялардан тыс, өз еркімен және жеке қаржысына жәрдем беріп келеді.

Еске сала кетейік, «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылуда. Жобаның басты мақсаттарының бірі – жақсылыққа жаны құмар адамдарды біріктіру және ұйымдастыру, қоғам мен адамдардың өмірін жақсы жаққа өзгертуге мүмкіндік беретін, жомарттық пен жақсылық идеясына негізделген қоғам құру.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ризабек Нүсіпбекұлы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT