+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

ҚазАқпарат – уақыт сынынан сүрінбей өткен еліміздің басты ақпарат құралы - Аида Балаева

2020 жылғы 13 тамыз 10:37
Бөлісіңіз:
ҚазАқпарат – уақыт сынынан сүрінбей өткен еліміздің басты ақпарат құралы - Аида Балаева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымын бір ғасырлық мерейтойымен құттықтады.

«Ақпарат айдынындағы қарқыны мен тынымсыз тірліктің ауқымы жөнінен еліміздегі жетекші агенттікке айнала білген - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі ұжымын бір ғасырлық мерейтойымен құттықтаймын!

Объективті және сенімді ақпарат көзі болған агенттіктің ғасырлық тарихы Қазақстан тарихымен тығыз байланысты. Егер бір кездері «ҚазАқпарат» агенттігі ана тіліміздегі ақпараттың дамуы мен таралуына баға жетпес үлес қосса, бүгінде ол отандық журналистика мен қоғамның дамуына өлшеусіз еңбек сіңіріп жатыр. Сондықтан да «ҚазАқпарат» туралы уақыт сынынан сүрінбей өткен беделді әрі еліміздің басты ақпарат құралы деп айтуға болады», - деп жазды Аида Балаева құттықтауында.

Министр агенттік журналистері жаңа технология мен медиа талаптарын қолдана отырып, халыққа шынайы ақпарат ұсынуда кәсібилігімен танылып жүргенін атап өтті.

«Бұл тұрғыда «ҚазАқпарат» ХАА алдағы уақытта да мемлекет мүддесі мен қоғам дамуына лайықты үлесін қосатын қуатты құрал болып қала береді деп сенемін. Шығармашылықтың шыңына ұмтылып, жақсы жаңалықтың жаршысы болыңыздар! Министрлік атынан ҚазАқпарат агенттігінің барша қызметкерлеріне толайым табыс пен сәттілік тілеймін!», - деді Аида Балаева.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT