+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

ҚазАқпарат тілшісі жемқорлықпен күрес туралы байқауда үздік атанды

2021 жылғы 26 қараша 11:52
Бөлісіңіз:
ҚазАқпарат тілшісі жемқорлықпен күрес туралы байқауда үздік атанды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысында жемқорлыққа қарсы күрес бағытында жарияланған байқауда үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Байқауды облыстық ішкі саясат басқармасы және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аумақтық департаменті бірлесіп ұйымдастырды.

Байқау қорытындысы бойынша «Үздік телевизиялық жұмыс» аталымында «Қазақстан» РТРК АҚ облыстық филиалының орыс редакциясының шеф-редакторы Сәния Көпжасарова үздік атанды. «Үздік баспа басылымы» аталымында бірінші орынды «Бурабай» газетінің редакторы Жеңіс Оспанов, ал «Үздік интернет-жарияланым» аталымында «ҚазАқпарат» ХАА-ның аймақтағы меншікті тілшісі Аслан Оспанов лайық деп танылды.

«Бұқаралық ақпарат құралдары билік пен қоғам арасындағы белсенді диалог алаңы қызметін атқара отырып, халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іске асырылып жатқан барлық бастамалар мен іс-шаралар туралы хабардар етуге көмектеседі. Цифрландыру дәуірінде БАҚ-пен сенімді серіктестер ретінде тығыз және берік қарым-қатынас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудағы маңызды басымдықтардың бірі болып табылады», - деп атап өтті ұйымдастырушылар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT