ҚазАқпарат тілшісі «Nevsky Award» халықаралық конкурсының күміс жүлдесін иеленді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің тілшісі Арайлым Мұрат «Nevsky Award» сыйлығының күміс жүлдесіне ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен екінші рет өтіп отырған «Nevsky Award» халықаралық конкурсының «Сыртқы саясат және өңіраралық диалог туралы үздік материал» аталымы бойынша күміс төсбелгісі мен «Күміс көгершін» мүсіншесі ҚазАқпарат агенттігінің тілшісіне бұйырды.

Бұл жүлде әріптесімізге Қазақстан мақтанышы Димаш Құдайбергеннің норвегиялық тыңдармандары туралы «Его творчество трогает наши сердца и души - норвежский фан-клуб Димаша» атты материалы үшін беріліп отыр.

Ұйымдастырушылардың мәліметі бойынша, конкурсқа әр түрлі БАҚ-тан 70-тен астам өтінім түскен.

Сыйлықтың мақсаты – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы сыртқы саясат, өңіраралық келісім, мәдени және рухани құндылықтар, Қазақстан қоғамының тұтастығы сияқты өзекті тақырыптарды кәсіби деңгейде наисхаттап жүрген БАҚ өкілдерін ынталандырып, қолдау.

Сыйлық жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде ҚР Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қазыбаев, ҚР Журналистика Академиясының академигі, Олжас Сүлейменов әдеби қорының мүшесі Валерий Жандәулетов, кинорежиссер Әділхан Ержанов және басқа да танымал тұлғалар құрметті қонақ ретінде қатысты.


Басты фото: instagram.com/newskyaward.kz
Соңғы жаңалықтар