ҚазАқпарат тілшісі «Ақпарат саласының үздігі» атанды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Бүгін БҚО әкімдігінде Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мерекелік іс-шараға қатысқан облыс әкімі Ғали Есқалиевтің атап өткеніндей, тәулік бойы тыным таппай еңбек ететін ақпарат майданы сарбаздарының қоғамда алар орны ерекше.

«Қалам тербеген журналистер демократиялық құндылықтарды, қоғамда орын алып жатқан мәселелердің ашықтығын қамтамасыз етіп, өркениет көшінің ілгері басуына, елдің түйткілді жайттарын шешуге өз үлестерін қосып, аянбай қызмет етуде», деді әкім.

Өңір басшысы аға буынның абыройлы ісін кейінгі толқын сәтті жалғастырып келе жатқанын, қазіргідей қиын-қыстау кезеңде журналистердің де алдыңғы шептен табылып отырғанын жеткізді.

Салтанатты жиын барысында сала үздіктері түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда, «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары, халықаралық «ҚазАқпарат»агенттігінің тілшісі Ғайсағали Сейтақ, «Ақжайық» телеарнасы директорының орынбасары Клара Қамбетова, аға операторы Рүстем Ишанов, «Хабар-24» телеарнасының БҚО бойынша меншікті тілшісі Ботакөз Базарбаева, облыстық «Приуралье» бас редакторының орынбасары Лучия Курарару «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен, журналистика ардагерлері Есенжол Қыстаубаев, Людмила Корина, Сергей Кульпин «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Құрмет грамоталары, басқа да марапат, сыйлықтар табыс етілді.


Соңғы жаңалықтар