«ҚазАқпарат» пен Ауғанстанның Ufuq News агенттігі меморандумға қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен Ауғанстанның Ufuq News ақпарат агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Құжатқа бүгін қазақстандық ақпарат агенттігінің кеңсесінде «ҚазАқпарат» ХАА бас директоры Асқар Умаров және Ufuq News Agency президенті Мохаммад Махди Нури қол қойды.

«Біз сіздермен ынтымақтастық жасауға дайынбыз. Екі елдің гүлденуі үшін бір-бірімізге пайдамызды тигізе аламыз», - деді Мохаммад Махди Нури қол қою рәсімінен кейін.

«ҚазАқпарат» ХАА бас директоры да агенттіктер арасындағы ынтымақтастық барынша тиімді болатынына сенім білдірді.

«Бір-бірімізге көбірек ақпарат беруге тиіспіз, өйткені бір өңірдеміз», - деп атап өтті Асқар Умаров.

Меморандум ақпарат алмасу саласындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатын көздейді. Атап айтқанда, тараптар елдердің ішкі және халықаралық өміріндегі өзекті оқиғалар туралы жедел әрі сенімді ақпараттық материалдар алмасуға келісті.

«ҚазАқпарат» ХАА бұған дейін отыздан астам агенттікпен осындай меморандум жасасқан. Олардың арасында: ТАСС (Ресей), «Азертадж» (Әзербайджан), «Анадолу» (Түркия), «Белта» (Беларусь), IRNA (Иран), «Кабар» (Қырғызстан), Yonhap (Оңтүстік Корея), ӨзА (Өзбекстан), Арменпресс (Армения), «Ховар» (Тәжікстан), тағы басқа агенттіктер бар.

Соңғы жаңалықтар