ҚазАқпарат оқиғалардан ақпарат тарататын маңызды алаңға айналған - UNA бөлімінің басшысы Хазем Абдо

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UNA халықаралық байланыс бөлімінің басшысы Хазем Абдо «ҚазАқпарат» агенттігін 100 жылдық мерейтойына орайы «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Умаровқа құттықтау хат жолдады.

«Құрметті ханымдар мен мырзалар! Беделді «ҚазАқпарат» ақпарат агенттігінің құрылуына 100 жыл және алғаш рет 1920 жылы жарық көрген ерекше күнге орай, агенттікте жұмыс істейтін достарым мен әріптестерімді, «ҚазАқпарат» ХАА» АҚ Басқарма төрағасы Асқар Умаров мырзаны шын жүректен құттықтаймын.

«ҚазАқпарат» ақпарат агенттігі – расында өзінің ұзақмерзімді және қиындыққа толы кезеңінде Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азия өңіріндегі БАҚ материалдарының дереккөзіне айналып, оқиғалардан ақпарат тарататын маңызды алаңға айналған агенттіктердің бірі. Агенттік жаңалықтарды көптеген тілде, атап айтқанда қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде таратады. Онда географиясы кең оқиғаларды, толыққанды өркениет пен мәдени ерекшелікті, көптеген халық пен елді қамтып, әлемдік, араб елдері мен ислам дүниесінің жаңалықтарына да ерекше назар аударады», делінген Хазем Абдоның құттықтауында.

Оның айтуынша, «ҚазАқпарат» мәліметтің сенімді дереккөзіне айналған.

«ҚазАқпарат» бізде де, Ислам ынтымақтастық ұйымы ақпарат агенттігі одағында да, сондай-ақ көптеген аймақтық және халықаралық агенттіктің бұқаралық ақпарат құралдарындағы жаңалықтар мен мәліметтің сенімді дереккөзіне айналды. Онда кәсібиліктің жоғары стандартына берілген, ақпаратты таратар алдында оны тексеру мен бақылауда нақтылық пен обьективтілікті бекем ұстайтын тілшілердің кең қосыны мен талантты жұмыс тобы қалыптасқан», - деді Хазем Абдо.


Ол 2018 жылы «ҚазАқпарат» кеңсесіне барғанын еске алды.

«2018 жылы агенттіктің бас кеңсесіне барып, А.Умаров мырза және оның жұмыс тобымен жолығудың сәті түсті. Кездесуде нақты әрі кәсіби жұмыс жүйесімен, технологияны дамыту жөніндегі келешектегі жоспарымен, агенттік қызметкерлерін тоқтаусыз үйретумен таныстырды.

Сондықтан Ислам ынтымақтастық ұйымы елдеріндегі БАҚ саласындағы құнды жәдігер саналатын заманауи агенттік құру барысындағы 100 жылдық мерейтойлау қуанышымен бөлісу мен үшін сүйсінерлік оқиға. Баршаңызға келешекте табыс, жетістік және даму тілеймін!», - деді Хазем Абдо.


Соңғы жаңалықтар