+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

ҚазАқпарат қызметкері Қаламқас Әбуова «Құрмет» орденімен марапатталды

2020 жылғы 14 желтоқсан 15:41
Бөлісіңіз:
ҚазАқпарат қызметкері Қаламқас Әбуова «Құрмет» орденімен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Басқарма төрағасының кеңесшісі Қаламқас Әбуова «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетсек, Тәуелсіздік күні қарсаңында бірқатар азамат мемлекеттік наградалармен марапатталған болатын.

Белгілі ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, өндірістік сала өкілдерінің еңбектері «Құрмет» орденімен бағаланды. Олардың қатарында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әншісі С.Айтбаева, Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Әділбаев, жазушылар С.Дәуітов және А.Кемелбаева, «Дизайнерлердің еуразиялық одағы» акционерлік қоғамының төрағасы Е.Асылханов, Маңғыстау облысы Жаңаөзен политехникалық колледжінің директоры Т.Болатбаева, Түркістан облысы Арыс қаласы В.Комаров атындағы №8 жалпы білім беретін орта мектебінің мұғалімі Т.Бородина, Алматы қаласы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерт ұйымының әртісі М.Жүнісова, «ҚазАпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Басқарма төрағасының кеңесшісі Қ.Әбуова, Солтүстік Қазақстан облысы «Раисовское» ЖШС директоры В.Коваленко, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Д.Қуатов, Ақтау қаласы «Ақ Бидай-Терминал» АҚ басқарма төрағасы С.Көбейсінов, қоғам қайраткері Қ.Жолдыбайұлы, ақын С.Дүйсенғазы, М.Әуезов атындағы Мемлекеттік қазақ академиялық драма театрының әртісі Ш.Меңдиярова, Павлодар қаласындағы №3 қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі В.Павлов, «Атырауинжстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Директорлар кеңесінің төрағасы В.Пак, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі А.Омарова, айтыскер ақын А.Тұрсынбаева, актер Ә.Райынбеков, «Ақтөбе облысы Чернобыль мүгедектері» АҚ төрағасы Б.Сатов, Ғ.Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясының солисі С.Таудаева, еңбек ардагері К.Әлпейісова, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Т.Қайыркен, ғалым О.Сәбден және басқа да тұлғалар бар.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT