ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
2016 жылғы 26 желтоқсан 06:50

ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2016 жылғы 26 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

26 желтоқсан. ДҮЙСЕНБІ

Словенияның тәуелсіздігі мен ынтымақтастығы күні. 1990 жылғы 26 желтоқсандағы референдумның қорытындыларын жариялайды. Референдум 1990 жылғы желтоқсанның 23-де өткізілген болатын.

Британияда сыйлықтар күні

Ұлыбритания және Британ ұлттар достастығының бірқатар елдері: Австралия, Жаңа Зеландия, Канадада Рождестводан кейін келесі күні атап өтілетін мереке.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

56 жыл бұрын (1960) Тың өлкесі құрылды. Оның құрамына Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары кірді. Тың өлкесі 1965 жылғы қазанның 19-да таратылды. Әкімшілік орталығы - Целиноград (бүгінгі Астана) қаласы болды.

36 лет назад (1980) спектаклем «Первые» по пьесе российского немецкого писателя Александра Раймгена о взаимоотношении казахов с немцами состоялось открытие Республиканского немецкого драматического театра.

36 жыл бұрын (1980) Ресейлік неміс жазушысы Александр Раймгеннің қазақтардың немістермен өзара қарым қатынасы туралы пьесасына жазылған Республикалық неміс драма театры ашылды.

25 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

21 жыл бұрын (1995) «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы қабылданды.

21 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» Заңы қабылданды.

11 жыл бұрын (2005) жазушы Дүкенбай Досжанның басты кейіпкері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болып табылатын «Ақ Орда» атты жаңа кітабы таныстырылды. Бұл Қазақстандағы аса маңызды тарихи оқиғаларды, оның ішінде Астананың көшуін арқау еткен роман. Шығармада Президенттің ел өміріндегі алатын орны ой елегінен өткізілген. Кітаптың таралымы - 2 мың дана.

11 жыл бұрын (2005) Ақтөбе облысының Алға ауданында Мұхамбетқазы хазірет Меңдіғұлов атындағы мешіт ашылды. Осыдан екі ғасыр бұрын Алғаның маңындағы Ақкемер кентінде ғұмыр кешкен хазірет Меккеге бірнеше рет барып қайтқан исламның адал да беделді қызметшісі болуымен бірге, өлке тарихында ағартушылық еңбегімен аты қалған өз заманының сауатты азаматы. Ол Ресей патшасының қабылдауында болып, Ақкемерде мектеп ашуға рұқсат алған болатын.

11 жыл бұрын (2005) Семейде жаңа медресе ашылды.

Діни оқу мекемесі Әнет баба атындағы Орталық мешіттің жанында орналасқан. Кеңес дәуірінде Семей өңірінде 14 мешіт болған екен. Абай шығармаларында да ХІХ ғасырдың соңында өңірде 8 мешіт, 8 медресе болғандығы айтылады.

10 жыл бұрын (2006) Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстан жолы» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.

10 жыл бұрын (2006) Павлодарда Чернобыль атом электр стансасы апатында құтқаруға қатысқан Павлодарлықтарға арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Ескерткіштің ортасында - адам денесінің нұсқалары, «атом ядросын» ұстауға талпынған қолдар. Павлодарлықтар мен чернобыльдықтардың шығармашылық қоғам ұжымының жобасы қала әкімшілігінің қолдауымен іске асырылған.

8 жыл бұрын (2008) Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қаракөл ауылында Қазақстан Республикасының композиторы, еңбек сіңірген ұстазы Нәсекен Сүлейменовтің мұражайы ашылды.

7 жыл бұрын (2009) Павлодар облысы Екібастұз қаласында жылдық қуаты 50 миллион кірпішті құрайтын жаңа зауыт іске қосылды.

Керамикалық кірпіш шығаратын кәсіпорынды «Вершина» ЖШС салып шықты.

7 жыл бұрын (2009) Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында жаңа редакциядағы «Корсар» балетінің премьерасы болды, оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев тамашалады.

«Корсар» балетінде К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының әртістері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлфайрус Құрманғожаева, халықаралық конкурстардың лауреаттары мен дипломанттары Жандос Әубәкіров, Рүстем Сейітбеков, Тайыр Ғатауов, Ғалия Мажағұлова, Елена Семенова, әртістер Жанәділ Бейсембиев пен Жанат Сәрсембаев ойнады.

5 жыл бұрын (2011) Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» заңына қол қойды.

5 жыл бұрын (2011) Екібастұздың минералдық бұйымдар зауытында республикада тұңғыш рет базальтты жылу өткізбейтін материалдар шығару игерілді.

4 жыл бұрын (2012) Бейжіңде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Ұлттық үйлестіруші кеңесінің отырысы өтті.

Қазақстандық делегацияны ШЫҰ қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі, СІМ ерекше тапсырма бойынша елшісі Шахрат Нұрышев басқарды.

Жиын барысында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының кеңесін 2013 жылы ШЫҰ Хатшылығы қызметкерлерін ротациялай отырып және Ұйымның қаржы-шаруашылық қызметінің сыртқы аудитімен, сондай-ақ Түрік Республикасына ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесін беру туралы меморандумға қол қоюмен Қырғыз Республикасында өткізуге байланысты мәселелер талқыланды.

4 жыл бұрын (2012) Алматыда «Қазақстан-2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағамы» атты Президенттің Жолдауын талқылауға қатысты Қазақстан халықтары Ассамблеясының республикалық жиыны өтті.

Мәжіліс барысында «Қазақстан-2050» стратегиясының негізгі ережелері талқыланды, Мемлекет басшысының Жолдауын ақпараттық-насихаттау және ғылыми-талмадамалық сүймелдеу бойынша Ассамблеяның жұмыс бағыттары қаралды.

4 жыл бұрын (2012) Үкімет Үйінде «ЭКСПО-2017» көрмесін өткізуге дайындық мәселелеріне қатысты жиын өтті.

Мәжіліс қатысушылары 2013-2018 жылдарға арналған «ЭКСПО-2017» көрмесін ұйымдастыру және өткізу жөніндегі ұлттық жоспардың негізгі бағыттарын талқылады. Атап айтқанда, көрменің тіркеу құжаттамасының жобасын әзірлеу, Халықаралық көрме бюросының кеңсесімен өзара іс-қимыл, сондай-ақ мемлекеттік корпорация құру мен оның қызметінің мәселелері қаралды.

4 жыл бұрын (2012) Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты «Шын жүректен» қайырымдылық акциясын өткізді.

Акцияның мақсаты - көп балалы отбасыларға жәрдемдесу. Акцияға бастамашылық еткен - Жоғарғы сот төрағасы Бектас Бекназаров. Желтоқсанның басында ол Жоғарғы сот судьялары мен аппарат қызметкерлеріне Астана аумағында тұрып жатқан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсетуді ұсынды.

4 жыл бұрын (2012) Талдықорғанда жаңа сүт зауыты ашылды.

4 жыл бұрын (2012) Астанада «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің редакциясында «Олжалы отызыншы Олимпидада» кітабының таныстырылымы болды, онда Қазақстан ұлттық олимпиадалық құрамасының Лондондағы ХХХ жазғы Олимпиадалық ойындардағы жарқын жеңістері баяндалған.

3 жыл бұрын (2013) Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде Қазақстандағы Халықаралық «EXPO-2017» көрмесіне арналған «дөңгелек үстел» өтті.

Қазақстанда «EXPO-2017» өткізудің маңыздылығы, ел экономикасына «жасыл экономиканы» енгізу мәселелері және т.б. талқыланды.

3 жыл бұрын (2013) Алматыда Ұлы Шыңғысхан Күніне арналған екінші Жалпытүріктік құрылтай-конференциясы өтті.

Ірі ғалымдар мен Шыңғысханның өмірін зерттеушілер ашқан жаңалықтарымен, белгісіз болып келген қызықты тарихи фактілермен бөлісті. Осы конференция аясында Қазақстанның жас ұрпағы өз отаны мен ұлы бабалары жайлы көптеген мағлұматтар алды.

2 жыл бұрын (2014) Ақмола облысының Целиноград ауданында мемлекеттік тілді оқыту бойынша орталық ашылды.

2 жыл бұрын (2014) Ташкент қаласында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасында екіжақты ынтымақтастық бойынша Бірлескен үкіметаралық комиссияның 14-ші отырысы болып өтті. Оның қорытындылары бойынша бірлескен Хаттамаға қол қою рәсімі өтті.

41 жыл бұрын (1975) Мәскеу-Алматы тас жолы бойынша әлемде алғаш рет «ТУ-144» дыбыстан ұшқыр ұшағы коммерциялық жүкпен ұша бастады.

ЕСІМДЕР

122 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі РЫСҚҰЛОВ Тұрар дүниеге келді.

1907-1910 жылдары Тұрар Меркедегі орыс-қазақ бастауыш мектебінде, 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауыл шаруашылық училищесінде оқып, бау-бақша мамандығын алады. 1914-1916 жылдары Меркеде және Ташкент түбіндегі бау-бақша ісімен айналысады. 1916 жылдың жазында Әулиеата оязында отаршылдыққа қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырғаны үшін қамауға алынады. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жас интеллигенттердің саяси сауаттану мектебі болды және олардың тағдырын айқындап берген ұлы қозғалыс еді. 1917 жылғы революция кезінде патшаның тақтан құлағанын естіген Т.Рысқұлов Ташкенттегі оқуын тастап, Әулиеата оязындағы Мерке ауданына келеді. Онда еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресу мақсатында 1917 жылдың басында «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1918 жылы Әулиеата оязы Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Қазан айында Кеңестердің VІ съезінде ТүркОАК құрамына кіреді. Одан кейін Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халкомы болып тағайындалады. Түрлі қызмет атқарып, 1920 жылы Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі, Түркістан АКСР ОАК төрағасы болып сайланды.

Рысқұловтың саяси, мемлекеттік қызметкер ретіндегі есімі Мұсылман бюросындағы қызметімен байланысты кеңінен белгілі болды. Оның басшылығымен Мұсбюро Орталықтың қысымы мен диктатына қарсы үнемі күрес жүргізді. Түркі Республикасы мен Түркі компартиясын құру жөніндегі Рысқұлов көзқарастары Мұсбюроның ІІ конференциясында қолдау тапты. Бірақ орталық араласып, түркістандықтардың ұлттық бағдарлануға деген еркіндігін басып тастады. Тұрарға пантюркизм мен ұлттық ауытқу жөнінде айып тағылып, өмірінің соңына дейін қалмады. Т.Рысқұлов 1920 жылы Бакудегі Шығыс халықтарының І съезінің жұмысына қатысты. 1920 жылы желтоқсанда РСФСР Ұлттар ісі жөніндегі халкомының орынбасары, 1922 жылы Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. 1924 жылы Монғолияға Коминтерннің өкілі ретінде жіберілді. 1925 жылы Қазрайком БКП (б) баспасөз бөлімінің меңгерушісі және «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы, 1926-1937 жылдары мақта жөніндегі тұрақты мәжіліс төрағасының орынбасары. Оның қаламынан ондаған кітап, кітапша, 100-ден аса мақалалар шықты. 1937 жылдың мамыр айында Мәскеуде қамауға алынған. 1934 жылы құрылған «Бүкілодақтық біріккен орталықты» ұйымдастырушы деген айып тағылған. 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына ұшыраған. Алматыда ірі даңғылдардың бірі Рысқұлов есімімен аталады.

116 жыл бұрын (1900-1978) тарих ғылымының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты ПОКРОВСКИЙ Сергей Николаевич дүниеге келді.

Украинада туған. Қызыл Профессура институтын бітірген.

Қазақ КСР прокурорының орынбасары, Қазақ мемлекеттік университеті кафедрасының меңгерушісі, проректоры, Қазақ КСР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институты бөлімінің меңгерушісі, директоры, Қазақ КСР Ғылым Академиясының Қоғамдық ғылым бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған.

Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы Қазан революциясы мен Азамат соғысына арналған. «Победа Советской власти в Семиречье», «Разгром иностранных военных интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1918-1920)», «Ленин и победа Советской власти в Казахстане» атты ғылыми еңбектері жарық көрген.

Еңбек Қызыл Ту, 2 рет «Құрмет белгісі», Халықтар достығы ордендерімен және медальдармен марапатталған.

108 жыл бұрын (1908-1992) әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ИБРАГИМОВА Тәмті Зәріпқызы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында туған. Ол 1931 жылы Қазақ радиосы комитетінің республикадағы тұңғыш дикторы болған. Мұхит әндерін алғашқы орындаушылардың бірі. Ибрагимова орындаған әндерді өнер маманы Б.Ерзакович нотаға түсірген. 1932-1935 жылдары Қазақ драма театрында өнер көрсеткен. «Майдангер композиторлар әндері», «Жас қазақ», «Мәңгілік алау», «Песня, рожденная в битвах» атты кітаптардың авторы.

78 жыл бұрын (1938) техника ғылымының кандидаты, профессор, Халықаралық көлік академиясының академигі, Мәскеу техникалық университетінің және Сібір автомобиль жолдары академиясының құрметті профессоры МҰРТАЗИН Бақытжан Сәтмағанбетұлы дүниеге келді.

Ресейдің Омбы облысында туған. Сібір автомобиль жолдары институтын, Мәскеу автомобиль жолдары институтының аспирантурасын бітірген. Өскемен автомобиль жолдары институтының аға оқытушысы, доценті, деканы, кафедра меңгерушісі, Қазақ КСР Жоғары және арнайы орта білім министрлігі бас басқармасының бастығы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Іс басқармасының бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1990-1996 жылдары - Алматы автомобиль жолдары институының ректоры қызметін атқарған. 1996 жылдан бері Қазақ көлік және коммуникация академиясының кафедра меңгерушісі, профессоры болған. Ғалым жол шаруашылығына қатысты бірқатар терминологиялық сөздіктердің авторы.

45 жыл бұрын (1971) Жамбыл облысы Сары су ауданының әкімі ЖАЙЛЫБАЕВ Бейбітбек Шыңдалыұлы дүниеге келді.

Білімі жоғары, 1994 жылы Алматы зоотехникалық мал дәрігерлік институтын зооинженер және 2009 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін экономист мамандықтары бойынша бітірген, ауыл шаруашылық ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын 1997 жылы Т.Рысқұлов ауданында «Ақбұлақ» АҚ-да зоотехник-селекционер болыпбастаған.

1999-2004 жылдары Т.Рысқұлов аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, 2004-2005 жылдары Т.Рысқұлов аудандық шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау комитетінің төрағасы, 01.-10.2005 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің бас инспекторы, 2005-2006 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімі аппаратының жетекшісі, 2006-2011 жылдары Т.Рысқұлов аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2011-2012 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы, 2012-2015 жылдары Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары.

2015 жылдың мамыры мен шілдесі аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған. Жамбыл облысы әкімінің 2015 жылғы «16» шілдедегі №327-ө өкімімен Бейбітбек Шындалыұлы Жайлыбаев Сарысу ауданының әкімі болып тағайындалды.

40 жыл бұрын (1976) «Қазақстан тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ басқармасының төрағасы ЖҰМАҒҰЛОВ Айбатыр Нышанбайұлы дүниеге келді.

34 жыл бұрын (1982) Солтүстік Қазақстан облысындағы Ғабит Мүсірепов атындағы аудан әкімі ДУДОВ Владимир Сергеевич дүниеге келді.

Көкшетау облысы (қазiргi Ақмола) Чистопол ауданының Тахтаброд ауылында туған. А. Мырзахметов атындағы Көкшетау университетiн аяқтаған (заңгер). Еңбек жолын коммерциялық салада бастап, әр-түрлi қызметтерде iстеген. 2005-2009 жылдар аралығында Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауда әкiмi аппаратының бас маманы, ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы жөнiндегi бөлiмiнiң бастығы болып жұмыс iстедi. 2009 жылдан Солтүстiк Қазақстан облысы, әкiмi аппаратының бас инспекторы, басшының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлiмнiң меңгерушiсi, аппарат басшысы қызметiн атқарды. 2011-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттiк бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлiмiнiң инспекторы, мемлекеттiк инспекторы болды. 2014 жылғы қазаннан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң өкiмiмен Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi болып тағайындалды.

67 жыл бұрын (1949) кеңестік және ресейлік театр және кино актері, әнші, тележүргізуші, Ресей халық әртісі БОЯРСКИЙ Михаил Сергеевич дүниеге келді.

123 жыл бұрын (1893-1976) ХХ ғасырдағы қытай мемлекеттік және саяси қайраткері Мао ЦЗЭДУН дүниеге келді.


8
8 жыл бұрын (1928) америкалық инженер және физик, ұялы телефонмен алғашқы қоңырау шалған адам ретінде белгілі Мартин КУПЕР дүниеге келді.

67 жыл бұрын (1949) Шығыс Тимораның 2007-2012 жылдардағы президенті Жозе Мануэл РАМУШ-ОРТА дүниеге келді.

63 жыл бұрын (1953) КСРО-ның құрамынан шыққаннан кейінгі Эстонияның үшінші мемлекет басшысы және эстон мемлекеттігінің бүкіл тарихындағы төртінші мемлекет басшысы, дипломат, журналист Тоомас Хендрик ИЛЬВЕС дүниеге келді.

63 жыл бұрын (1953) доминикан саясаткері, 1996-2000 және 2000-2012 жылғы 16 тамыз аралығындағы Доминикан Республикасының президенті Леонель ФЕРНАНДЕС (толық аты-жөні - Леонель Антонио Фернандес Рейна) дүниеге келді.

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT