ҚазАқпарат конкурсы: 2 миллион кімге бұйырады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «ҚазАқпарат» агенттігі жариялаған үздік дизайнерлік безендіру конкурсына өтінім беру екі аптадан соң аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Байқаудың Гран-при иегері 2 миллион теңге ақшалай сыйақыға ие болады.

Еске сала кетсек, "ҚазАқпарат" агенттігі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын халық арасында кеңінен насихаттап, мәдени-рухани құндылықтарға бетбұрыс жасау, сондай-ақ Елбасы бастамасының танымалдылығын арттыру мақсатында үздік дизайнерлік безендіру конкурсын жариялаған еді.

Республикалық конкурс нәтижесінде үздік деп танылған туынды (графикалық иллюстрациялар) «Рухани жаңғыру» тақырыбындағы түрлі декорацияларға, баспа өнімдеріне, киімдерге және тағы басқаларға қолданылатын болады. Сондықтан да, дизайнерлік идеялар негізінен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы құндылықтарға, атап айтқанда, «Бәсекелік қабілет», «Прагматизм», «Ұлттық бірегейлікті сақтау», «Білімнің салтанат құруы», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы»,  «Сананың ашықтығы» секілді алты бағытқа сай болуы шарт.

Әрбір қатысушы немесе ұжым аталған 6 бағыттың әрқайсысына тек 1 ғана жұмысын ұсына алады.

Атап өтейік, конкурс материалдары 1 қарашадан желтоқсан айының 15-іне дейінгі аралықта қабылданады. Конкурсқа қатысушылар үшін жас бойынша ешқандай шектеу қойылмайды. Конкурсқа қатысу үшін Ережемен танысуы және қатысу туралы өтініш формасын толтыруы тиіс.

Қатысушылардың жұмысын арнайы құрылған әділқазылар анықтайды, сонымен бірге «ҚазАқпарат» ХАА сайтында онлайн-дауыс беру жүргізіледі. Әр номинация бойынша жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйақымен марапатталады. Гран-при иесі 2 миллион теңге болатын ақшалай сыйақыға ие болады.

Сонымен бірге, үздік деп танылған туындылар бойынша:  1-орын - 1 500 000 теңге, 2 орын - 1 000 000 теңге, 3 орын - 500 000 теңге сыйақы белгіленіп отыр. Бұдан бөлек, ынталандыру сыйлығы ретінде жалпы қоры 1 000 000 теңгені құрайтын арнайы жүлделер де бар. Сәйкесінше: 1-арнайы жүлде  - 400 000 теңге; 2-арнайы жүлде - 400 000 теңге; 3-арнайы жүлде  - 200 000 теңге сыйақы алатын болады.

Конкурс жеңімпаздарының туындылары «ҚазАқпарат» ХАА сайтында орналасатын болады.  

Соңғы жаңалықтар