ҚазАқпарат қазақстандық өндірушілерге жеңілдік акциясы жөнінде хабарлайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тауар мен қызметтердің әлемдік нарығының мықты, бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып келе жатқан субъектісі ретінде мемлекет дамуының маңызды бағыттарының бірі - қазақстандық өндірісті дамыту және нығайту. Бүгінгі таңда елімізде қазақстандық өндірісті дамыту бойынша ішкі нарықтағы отандық өнім үлесін арттыруды мақсат ететін түрлі тұжырымдамалар жасалып, жүзеге асырылып келеді. Қазақстандық өндірушілерді қолдауға қаржылық және консультациялық көмек түріндегі мемлекеттік бағдарламалар жұмыс істейді.

Жетекші мемлекеттік БАҚ ретінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2017 жылдың 1 маусымынан бастап отандық тауар өндірушілерге жарнамалық-ақпараттық қолдау жобасын жүзеге асырады.

«ҚазАқпарат» қазақстандық өндіруші-компанияларға 90% жеңілдікпен жарнама орналастыру бағдарламасын ұсынады. Мәселен, PR-мақаланы екі тілдік нұсқада жариялау, оның сілтемемесін әлеуметтік желіге (120 000 жуық тіркелуші) салу және он тәулік бойы www.inform.kz порталында баннер орналастыру бағасы прайс-парақтағыдай 480 000 теңге емес, 50 000 теңгеге шығады. Басты лентаға орналастырылған барлық материалдар автоматты түрде арнайы «Қазақстанда жасалған» айдарына көшіріледі.

Бұдан өзге, Агенттік акциялық ұсыныстар бойынша компаниялардың өндірген тауарлары жөнінде қысқаша ақпаратын, логотип және байланыс номерлерін орналастыруына мүмкіндік беретін арнайы саттелит-сайтын іске қосады.

Бағдарлама және ақпараттық өнім бойынша қосымша ақпаратты Маркетинг және сату мамандарынан: 8 (7172) 95-40-72 байланыс телефоны арқылы алуға болады. е-mail: [email protected] .

Акция мерзімі: 2017 жылғы 1 маусымнан 1 шілдеге дейін - өтініш беріп үлгеріңіздер!

ҚазАқпарат - Халықаралық дәрежеге ие болған Қазақстандағы алғашқы ақпарат агенттігі. Медиа-агенттік 97 жылдан астам уақыт бойы саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс-тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып келеді. 

Журналистика саласының үздік дәстүрінің сақталуы, сапалы контент өндіру, технологиялық базаны жақсарту және кәсіби топтың реттелген жұмысы агенттік қызметінің жоғары нәтижелеріне қол жеткізуіне сеп болды.

ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдары, ұлттық қаржылық және өндірістік құрылымдардың қызметі жөнінде ресми хабар таратылады. Агенттік қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылады. 

Google Analitics мәліметі бойынша, www.inform.kz порталын пайдаланушылардың географиясы 229 елді қамтиды. Порталдың тәулік ішіндегі оқылым саны орта есеппен 60 000-ды құрайды.

Бүгінгі таңда ҚазАқпарат әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс жүргізеді. Facebook, Мой мир, ВКонтакте, Twitter, Одноклассники, Google+, Instagram, Linkedin, Imgur әлеуметтік желілеріндегі арналар мен парақшаларына жазылушылардың жиынтық саны 120 000 адамнан асып түседі.

Соңғы жаңалықтар