ҚазАқпарат Қазақстандағы ең беделді медиахолдингке айналды - «Йонхап» агенттігінің президенті

None
None
СЕУЛ. ҚазАқпарат - «Йонхап» ақпараттық агенттігінің президенті әрі басқарма төрағасы Сунг Бу Чомын «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігін 100 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Армысыздар! Мен Оңтүстік Кореядағы басты ақпарат агенттігінің президенті әрі бас директоры Сунг Бу Чомын. Осынау жүз жылдық айтулы мерейтоймен «ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігін шын жүректен құттықтаймын.

«ҚазАқпарат» ақпараттық агенттігі құрылған 1920 жылдан бері Қазақстандағы ең сенімді әрі ең беделді медиахолдингке айналды. Агенттіктеріңіз елдегі және шет елдегі оқырмандары үшін ақпарат таратуда маңызды рөл атқарады.

Сонымен қатар «ҚазАқпарат» бүгінгі таңда мен басқарып отырған Азия және Тынық мұхит аймағы ақпарат агенттігі ұйымдастырған түрлі іс-шараларға белсене ат салысып келеді», - деп жазды Сунг Бу Чомын мырза құттықтау хатында.

Оның айтуынша, өткен жылы қараша айында ОАНА ассамблеясы аясында «ҚазАқпарат» агенттігінің басқарма төрағасы Асқар Омаров мырзамен екі жақты кездесу өткен.

«Кездесу барысында Асқар мырзамен агенттіктер арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша пікір алмастық. Бұдан кейінде «ҚазАқпараттың» ОАНА аясындағы әріптестік байланысымыз арта түсеріне сенемін. Екі елдің басты ақпарат агенттіктері ретінде біздердің ұзақ жылдарға созылған тығыз іскерлік байланысымыз жалғасын табуда. Сөзіміздің дәлелі ретінде «Йонхап» Алматыға меншікті тілшісін жіберді және естуімше «ҚазАқпарат» өз тарапында меншікті тілшісін Сеулге жіберуді жоспарлап отырған көрінеді. Мен екі агенттікке де іскерлік байланыстарымыздың артуын және өзара достығымыздың нығая түсуін тілеймін.

«ҚазАқпаратты» жүз жылдық мерей тойымен құттықтай отырып, агенттікке іскерлік табыстар тілеймін. Алғыс білдіремін!», - деді «Йонхап» ақпараттық агенттігінің президенті.



Соңғы жаңалықтар