«ҚазАқпарат» ХАА және «Qatar News Agency» жаңалық алмасуға келісті

None
ДОХА. ҚазАқпарат – Президент Телерадиокешенінің делегациясы Катар астанасы Дохаға барып, осы елдің ең ірі медиасы – Qatar News Agency және Qatar Media Corporation басшылығымен келіссөз жүргізді.

Катар мемлекеттік ақпарат агенттігі Qatar News Agency басшылығымен кездесуде тараптар контент алмасу бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Қазақстан және Қатар ақпарат агенттіктері арасында кешенді келісім жасасу жоспарлануда.

«ҚазАқпарат» ХАА және Qatar News Agency өзара тиімді ақпарат алмасуды дамытып, жаңалықтар мен сараптамалық материалдар алмасады, сондай-ақ порталдарды ұлттық тілдерге оқшаулау мәселелерінде екі агенттіктің табысты тәжірибесін пайдалана алады. Бұдан басқа, неғұрлым тиімді жұмыс істеу үшін Қазақстан және Қатар тарапы өздерінің тілшілер желілерін бірлесіп пайдалануға дайын.

Дохада тағы бір ірі ақпарат холдингі – Qatar Media Corporation басшылығымен келіссөздер жүргізілді. Бүгінгі таңда бұл медиа компанияның құрылымына бірнеше телеарна мен радиостанция кіреді.

Qatar Media Corporation басшылығы Президент Телерадиокешенінің қызметтері құрған әлеуметтік желілерге арналған контенттің жоғары сапасын атап өтті. Тараптар контентті бірлесіп жасау және оны тиімді тарату бөлігінде ынтымақтастықтың ықтимал нұсқаларын талқылады. Qatar Media Corporation басшылығы жақын арада Қазақстанға баруды жоспарлап отыр.

«ҚазАқпарат» ХАА - 1920 жылы құрылған Қазақстанның ежелгі ақпарат агенттігі. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚР Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ құрамына енді.

Qatar News Agency - Қатардың мемлекеттік ақпарат агенттігі. Ол 1975 жылы 25 мамырда құрылған. Оның штаб-пәтері Қатар астанасы Дохада орналасқан. Qatar News Agency жаңалықтары араб және ағылшын тілдерінде тарайды, сонымен қатар испан және португал тілдерінде жаңалықтар қызметі бар.

Qatar Media Corporation (бұрын Qatar General Broadcasting and Television Corporation деп аталған) – Қатардағы қоғамдық хабар тарату желісі. Ол 1997 жылы 27 сәуірде тіркелді. Qatar Media Corporation құрамына бірнеше телеарна мен радиостанция, соның ішінде Qatar TV, Qatar Broadcasting Service (QBS) радиостанциясы, Qatar Radio кіреді.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті телерадиокешені арабиялық «Әл-Жазира» спутникті телеарнасымен әріптестік қарым-қатынас орнатқанын жазған едік.


Соңғы жаңалықтар