«ҚазАқпарат» ХАА «ЗачОт-2014» байқауында жеңімпаз атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА Алматы Менеджмент Университеті (ALMA University) ұйымдастырған «ЗачОт-2014» байқауында жеңімпаз атанды.

Агенттіктің Алматыдағы тілшісі Жаппарберген Айботаның білім беру саласы туралы жазған бірнеше мақалалары «Қазақ тілінде білім беру саласының жаңалықтарын жедел жеткізу» аталымы бойынша үздік деп танылды. Бүгін университет басшылығы жеңімпаздарды марапаттап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

«Құрметті достар! Құрметті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері! Біз бүгін Республикамыздағы білім беру саласының тақырыптарына арналған «ЗачОт-2014» байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанатына келіп отырмыз. Қазіргі уақытта білім берудің рөлі мен қадір-қасиеті күн санап өсуде, ал білім саласының тақырыптарын кәсіби тұрғыдан жазып, оның өзекті мәселелерін дер кезінде көтере білген БАҚ өкілдерінің қыруар еңбегін бағаламауға болмас деп білемін. Сіздерге Қазақстан білімінің дамуына қосқан үлестеріңіз үшін айтатын алғысымыз шексіз», - деді ALMA University президенті Асылбек Қожахметов.

Байқау 2009 жылдан бері өткізіліп келеді. Биылғы байқауға барлығы 45 автордан 262 жұмыс келіп түскен. Олардың ішінде 20 автордың жұмысы үздік деп танылды.

Сонымен қатар, 5 автор байқаудың арнайы жүлдесіне, Қазақстанның 7 профессоры «Академиялық адалдығы» үшін марапатына ие болды.

Соңғы жаңалықтар