USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

«ҚазАқпарат» ХАА ұжымы Тәуелсіздік күнінде көпбалалы отбасыларға сый жасады

2016 жылғы 16 желтоқсан 13:38
Бөлісіңіз:
«ҚазАқпарат» ХАА ұжымы Тәуелсіздік күнінде көпбалалы отбасыларға сый жасады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің ұжымы Тәуелсіздік мерекесіне орай Астана қаласында тұратын бірнеше көп балалы отбасыға сыйлық жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Естеріңізде болса, жуырда Астанада «Мейірімді қала» акциясы басталған болатын. Акцияны қолдаған агенттік қалада көмекке мұқтаж бірнеше отбасына Тәуелсіздік күні сый жасады.

«ҚазАқпарат» көмектескен отбасылардың бірі - аналары қайтыс болған, ал әкесі науқас күйінде 4 баланы жалғыз тәрбиелеп отырған жанұя. Аналары көз жұмған соң Шахдат төрт баласын далаға қалдырмай, өзі асыраған. Бірақ, қараша айының соңында операция жасатқан Шахдат қазір уақытша жұмыссыз отыр екен. Балаларының жасы 2, 4, 6, 8-де. Ұжым азық-түлік пен өзге де керек заттарды апарған екінші отбасы - жалғызбасты Кенжегүл есімді әйел. Кенжегүлдің 6, 8, 10, 12, 16 жастағы бес баласы бар. Кенжегүлдің жұбайы 6 жыл бұрын қайтыс болған екен.

Тәуелсіздік күнінде қуанышқа бөленген үшінші отбасы - Жанна мен оның алты баласы. Жаннаның ең кіші баласы небары 3 айлық, ал, ең үлкенінің жасы 13-те ғана.

«ҚазАқпарат» ұжымы қызметкерлерден жиналған қаражатқа молынан азық-түлік, бүлдіршіндерге ойыншық, тазалық заттары мен сәбилердің жөргектерін сатып алып, тарту етті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT