«ҚазАқпарат» ХАА тілшісі «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының байқауында жеңімпаз атанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры журналистер арасында ұйымдастырылған «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы және «Қазақстандағы кәсіпкерлік БАҚ назарында» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттады.

Жеңімпаздардың ішінде «ҚазАқпарат» ХАА Алматыдағы тілшісі Жаппарберген Айбота да бар. Оның мақалалары «Ғаламтордағы үздік мақала» аталымы бойынша қазақ тіліндегі басылымдардың арасында бірінші орынға лайық деп танылды.

Байқауға еліміздің 24 қаласынан 109 тілші қатысқан. Қазылар алқасы барлығы 432 жұмыс ішінен үздіктерін анықтады. Телеарналар арасында қазақ тілінде жарияланған үздік сюжет ретінде «Алматы» телеарнасының тілшісі Үмбетәлі Меймештің жұмысы танылса, орыс тіліндегі телеарналар ішінде «Жастар Корпорациясы» атты теле жобасымен «Рика-ТВ» арнасының тілшісі Марина Васильева жүлделі орынды иеленді.

«Қазақ тіліндегі үздік радиосюжет» аталымы бойынша «Қазақстан-Тараз» радиосының тілшісі Мақұлбек Малдарбековтің жұмысы үздік деп танылса, орыс тіліндегі радиожурналистер арасында бірінші орын қостанайлық «Караван новостей» радиосының тілшісі Константин Должанскийге бұйырды.

Дауыс беру нәтижесінде қазыл алқасының шешімімен «Мерзімді баспасөздегі» үздік жарияланым» аталымы бойынша «Ақтөбе» газетінің тілшісі Мейрамгүл Сатаева мен «Сапа Талдықорған» газетінің тілшісі Ксения Клеева жеңімпаз атанды.

Ал, «Даму» қоры тағайындаған «Кәсіпкерлікті қолдауды белсенді насихаттағаны үшін» арнайы сыйлығы «Закон.кз» тілшісі Торғын Нұрсейітова мен «Панорама» басылымының журналисі Николай Дрозд, «Қазақ радиосының» редакторы Рита Сәрсенге бұйырды.

Әріптестерімізді жеңісімен құттықтаймыз!

Соңғы жаңалықтар