«ҚазАқпарат» ХАА мен Жапонияның Kyodo агенттігі ынтымақтастық меморандумына қол қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі мен Жапонияның Kyodo ақпарат агенттігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Тараптар құжатқа қашықтықтан: Астанада «ҚазАқпарат» ХАА бас директорының бірінші орынбасары Данияр Утешев, Токиода Kyodo ақпарат агенттігі халықаралық байланыстар бөлімінің директоры Какуя Огата қол қойды.

Құжатқа сәйкес, тараптар елдердің ішкі және халықаралық өміріндегі айтулы оқиғалар туралы сенімді әрі жылдам ақпараттармен тұрақты түрде алмасып отырады. «ҚазАқпарат» пен Kyodo озат тәжірибені үйрену және кадрлар біліктілігін арттыру мақсатында журналист, фототілші және басқа мамандарды алмасуға ниетті.

Бұдан тыс, ақпарат агенттіктері өз мемлекетінің аумағында аккредиттелген серіктесінің журналистері мен фототілшілерінің кәсіби қызметін жүргізуіне қолғабыс етеді.

Еске сала кетейік, қазіргі кезде «ҚазАқпарат» ХАА әлемнің 43 ақпарат агенттігімен ынтымақтастық меморандумына қол қойған. Олардың арасында: ТАСС (Ресей), «Азертадж» (Әзербайжан), «Анадолу» (Түркия), «Синьхуа» (ҚХР), Télam (Аргентина), The Islamic Republic News Agency (Иран), «Кабар» (Қырғызстан), Yonhap (Оңтүстік Корея), ӨзА (Өзбекстан), Middle East News Agency (Мысыр), Empresa Brasil de Comunicação медиахолдингі (Бразилия), «Ховар» (Тәжікстан), Афина-Македония жаңалықтар агенттігі (Грекия), Ufuq News (Ауғанстан), т.б. бар.

Соңғы жаңалықтар