«ҚазАқпарат» ХАА Қазақстан Президентінің Алғыс хатын алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымы Қазақстан Президентінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Ақордада отандық журналистиканы дамытуға қосқан зор үлесі үшін «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің шығармашылық ұжымын Алғыс хатпен марапаттады.

Қазақстан Президенті Алғыс хатын агенттіктің бас директоры Асқар Умаровқа табыс етті.

Еске салсақ, бүгін Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыс етіп, алғыстарын жариялағандығы туралы айтқан болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар