«ҚазАқпарат» ХАА Халықтық бақылау бастамасына ақпараттық қолдау көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі пандемия кезінде медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізу үшін құрылған Халықтық бақылау бастамасына ақпараттық қолдау көрсететін болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Еске сала кетсек, бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның кеңесшісі Лима Диас қазақстандықтарды Халықтық бақылау тобына қосылып, медициналық ұйымдарға мониторинг жүргізуге шақырды. Оның айтуынша, қазіргі таңда осынау үрейлі ауру өршіп тұрған уақытта халықтың күші оянып келе жатыр. Елдегі ахуалға қоғамдық бақылаудың маңызы зор.
«Сол себепті дәрігерлерге ең бірінші кезекте көмектесу үшін қоғамдық бақылау керек. Қазіргі уақытта маңыздысы: мониторинг пен бақылаудың тиімді механизмдерін даярлап, қысқа уақытта белсенділерді үйлестіру керек, БАҚ пен мемлекеттік орган болып, бір-бірімізбен ықпалдаса жұмыс жүргізгеніміз дұрыс. Идеяларыңыз немесе ұсыныстарыңыз болса, қоғамдық бақылау тобына қосылғыңыз келсе пікірге ұсынысыңызды қалдырыңыз. Болмаса diaslimakz@gmail.com поштасына хат жолдауға болады. Байланыстамын», - дейді ол.
«ҚазАқпарат» ХАА өз тарапынан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның тапсырмасымен, волонтер Аида Боқаева мен Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың бастамасымен қолға алынған Халықтық бақылау тобына ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлайды.
Айта кетерлігі, бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау министрі ауруханада емделіп жатқан науқастарға дәрі-дәрмек жетпей жатқаны туралы әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты жауап берген еді. Министр медициналық ұйымдардың жұмысын қадағалайтын Халықтық бақылау құратынын айтқан.
- Коронавирус: Қазақстан «қызыл» аймаққа кірді
- Бір тәулікте 16 адам пневмонияға шалдығып, 3 науқас қайтыс болды
- 827 қазақстандық коронавирустан емделді
- Қазақстанда 1 480 адам коронавирус жұқтырды
-
Қарағанды облысында алдағы екі жылда дәрігерлерге 300 пәтер бөлінеді
-
Алматыда 58 кәсіпкерлік нысан карантин талаптарын бұзғаны анықталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам