ҚазАқпарат фототілшісі «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінің фототілшісі Виктор Федюнин «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сала ардагеріне аталмыш медальді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева табыстады. Виктор Федюниннің фотожурналистика саласында еңбек етіп келе жатқанына 20 жылдан асқан.

«Фотожурналистикада 2000 жылдардан бері жұмыс істеп келемін. Әуелі басында «Астана ақшамында» фото тілші болып бастадым. Одан кейін республикалық «Око» газетінде жұмыс істедім. 2006 жылдан бері «ҚазАқпарат» сапында еңбек етіп келемін. Жұмысым өзіме өте ұнайды. Ұжым да, жұмыс қарқыны да ұнайды. Әрқашан ақпараттың алдында жүруге талпынамыз. Ал біз ақпарат тарататын оқиғалар өте көпқырлы. Халықаралық деңгейдегі ауқымды шаралардан хабар тарату кезінде тілшілермен қанаттасып жұмыс істеудің өзі қызықты. Олар жазған ақпараттың суретпен әрлеп мазмұнын ашу – біздің міндетіміз. Маған осы міндетті мүлтіксіз атқару ұнайды», - дейді Виктор Федюнин.


Соңғы жаңалықтар