«ҚазАқпарат» фототілшілерінің жұмыстары Сеулдегі көрмеде жұрт назарына ұсынылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі оңтүстіккореялық «Yonhap» жаңалықтар агенттігі ұйымдастырған халықаралық көрмеге қатысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Yonhap» ақпарат агенттігі Азия-Тынық мұхит Ұйымының (OANA) төрағасы ретінде «International press photo exhibition: at the scenes of the pandemic» («Халықаралық баспасөз фотокөрмесі: пандемия кезінде) көрмесін ұйымдастырды.
Фотокөрме коронавирус індеті тақырыбына арналған. Суреттер көрмесі 24 қарашада Сеулдегі Корея Республикасының Тарих мұражайында ашылды. Көрме 2021 жылдың 1 наурызына дейін жалғасады.
Фотокөрмеге «ҚазАқпарат» ХАА фототілшілері - Мұхтар Холдорбеков, Виктор Федюнин, Александр Павскийдің түсірген суреттері қойылған.
Жалпы көрмеден әлемнің алдыңғы қатарлы 47 ақпарат агенттігінің 120 фотосуретін көруге болады.
Суреттер көрмесіне қандай жұмыстар қойылғанын мына сілтеме арқылы қарап шығуға болады.
Айта кетсек, «ҚазАқпарат» ХАА Азия-Тынық мұхит өңіріндегі жаңалық агенттіктері ұйымының (OANA) мүшесі.
- OTAU TV ұлттық спутник желісінің құрылғанына 10 жыл толды
- 19 қаңтар күні елімізде болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Egemen Qazaqstan газетіне бас редактор тағайындалды
- Моңғол әншілері қазақтың танымал әнін орындады - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу
-
Атырауда Тауман Амандосов атындағы сыйлықтың иегерлері анықталды
-
Аязда көлігімен халықты тегін тасыған журналист алғысқа бөленді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам