USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

ҚазАқпарат Елбасы музейі туралы деректі фильм түсірді

2021 жылғы 1 желтоқсан 10:56
Бөлісіңіз:
ҚазАқпарат Елбасы музейі туралы деректі фильм түсірді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі оқырман назарына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейі туралы екі тілде түсірілген фильмді оқырман назарына ұсынады. Бұл фильм ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай түсірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өткен жылы Есілдің сол жағалауында Тұңғыш Президент музейінің жаңа ғимараты ашылған болатын. Бүгінгі таңда музейді күніне мыңнан астам келуші тегін тамашалайды.

Жаңа музейде 140 мыңнан астам архивтік құжаттар мен 35 мыңға жуық кітап бар. Мұнда Н. Назарбаевтың балалық шағынан бастап, өмірінің әр кезеңіндегі маңызды деректер жиналған.

Музей залдарында Тұңғыш Президенттің өмірі мен қызметі арқылы Тәуелсіз Қазақстан тарихының басты кезеңдері бейнеленген. Сондықтан экспозицияларға кіріспе «Елбасына апарар жол» бейнесаяхатынан басталады. Бұл видеода Мәңгілік Ел идеясының мән-маңызы түсіндіріледі. Видеодан кейін көрермендер «Мәңгілік ел» идеясындағы қоладан жасалған мүсіндік композицияларды тамашалай алады. Ортада Елбасы бейнесі, оның артында – Қазақстанның көпұлтты халқы бейнеленген барельеф тұр. Сол жақта – Отан қорғаушы батыр мен қазіргі әскери қызметші, ал оң жағында – ана мен әкенің мүсіні орналасқан.

Бұған дейін Елбасының жаңа музейінде қандай жәдігерлер бар екендігін жазған едік.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT