Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 371.56 EUR 422.43
RUB 5.56 CNY 53.51

ҚазАқпарат-Анонс: желтоқсанның 4-і мен 6-сы аралығындағы оқиғалардың күнтізбесі

2009 жылғы 4 желтоқсан 09:26
Поделиться:

ПРЕЗИДЕНТ

Желтоқсанның 4-інде Астанада ҚР Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің 22-ші жалпы мәжілісін өткізу жоспарланып отыр. Алдағы мәжілістің тақырыбы - «Қазақстанның әртараптану және технологиялық даму саясатына шетелдік инвесторлардың қатысуы» деп аталады. Мәжіліс аясында Мемлекет басшысы және Премьер-Министр Кеңестің құрамына кіретін шетелдік компаниялардың басшыларымен екі жақты кездесулер өткізеді деп жоспарлануда.

ҮКІМЕТ

Желтоқсанның  4-інде  Білім және ғылым  министрлігінде  ведомство алқасының  мәжілісі   болады.

ПАРЛАМЕНТ

Желтоқсанның 4-інде   Парламент  Сенатында «Ұйымдар мен мемлекеттік  органдардың    тауарларды,   жұмыстар  мен қызмет көрсетулерді сатып алуындағы   қазақстандық  қамтудың  үлесін арттыру  жөніндегі   мемлекеттік  саясатты  жүзеге асыру»  деген  тақырыпта «дөңгелек үстел»  отырысы  болады.

ҚОҒАМ

Желтоқсанның 4-інде Бейжіңде ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-қытай бесінші отырысы өтеді. Оған ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев бастаған қазақстандық делегация  қатысады.  

СПОРТ

Желтоқсанның 2-сі мен 6-сы аралығында Қырғызстанның Қант қаласында футзалдан Қазақстан ашық біріншілігінің екінші туры өтеді. Бұл турда Алматының «Қайрат», Қарағандының «Тұлпар», Астананың «Ұшқын-Искра», «Бішкектің «АУБ» және «Фратон» командалары өзара сынға түседі. Бірінші турдан кейін 4 ойында 10 ұпай жинаған «Қайрат көш бастап келеді.

АСТАНА

Желтоқсанның 4-інде сағат 10.00-да   Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  Ұлттық  университетіндегі Тұңғыш  Президент  аудиториясында  халық   жазушысы,   қоғам   және саясат   қайраткері Әбіш Кекілбаевтің  70 жылдығына арналған   ғылыми-тәжірибелік  конференция  өтеді.

Желтоқсанның 4-інде сағат 18.30-да Астана қаласының Қазіргі заман өнері мұражайында суретші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты, ҚР Мәдениет қайраткері Қ.С.Ахметжан еңбектерінің «Көңіл айнасы» атты көрмесі ашылады. Бір айға созылатын көрме Қазақстанның Тәуелсіздік күніне және суретшінің 60 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

 

Желтоқсанның 4-інде  Сыртқы істер министрлігінің  мәжіліс  залында  «Бала құқықтары  туралы конвенцияға  -20   жыл:    замана  ығыттары  мен   инновациялық   бағыттар»  деген  тақырыпта    конференция  өтеді.

Желтоқсанның  4-інде «Дипломат»  қоннақүйінде  «Кеден  одағының  қалыптасу үдерісі»  деген тақырыпта семинар өтеді.

Желтоқсанның 4-інде  Ұлттық мұрағатта «Қазақстан БАҚ-тары экономикалық дағдарыс кезеңінде»  деген тақырыпта    республикалық  конференция  болады.

Желтоқсанның  4-інде  Орталық сайлау комиссиясының  кеңсесінде     Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің  құрдастарымен  кездесу  болады. 

АЛМАТЫ

Алматыда Орталық мұражайда желтоқсан айының 5-і күні «Шығыстық  рождество» атты орталықазиялық қолөнер көрме-жәрмеңкесі ашылады. Шараны ұйымдастырушылар «Our Heritage» қоғамдық қоры мен «Бақыт» сәндік қолданбалы өнер орталығы.   Жәрмеңкеге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей және өз еліміздің қолөнер шеберлері қатысады.

АЙМАҚ

АТЫРАУ

Атырау облысында желтоқсанның 1-інен бастап жылуға арналған тариф 30 пайызға өсті. Желтоқсанның 1-інен бастап халық - 1 Гкал жылу энергиясы үшін 2 769 теңге (ҚҚС есептемегенде), заңды тұлғалар 3 499 теңге  (ҚҚС есептемегенде) төлейтін болады. Бұл осыған дейін қолданылып келген тарифтен 30 пайыз жоғары.

ПАВЛОДАР

Желтоқсанның 4-інде   Павлодар  мемлекеттік   педагогикалық институтында  республикалық  «Шаяхметов оқулары» басталады. Алғаш рет өткелі  отырған  бұл шара     ғалым,    педагог және  қоғам қайраткері  Тасболат  Шаяхметовты (1937-2008) еске алуға арналған.

2009 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА:

ОҚИҒАЛАР

153 жыл бұрын (1856) Жанқожа Нұрмұхамедұлының жетекшілігімен Сырдария қазақтарының көтерілісі басталды. Көтерілістің басты себебі - Патша әкімшілігі жергілікті тұрғындардан суармалы жерлерді тартып алуы. Орталығы Жаңақала қамалы болды. Саны 3 мыңға жуық көтерілісшілер Қазалы бекінісінің №1 фортын қамауға алды. 1857 жылғы қаңтардың 9-да 320 жаяу әскер мен 300 казактан құралған Фитингофт қарулы отряды көтерілісшілерді басуға шықты. Нашар қаруланған және соғыстың тәсілін білмейтін Жанқожа отрядының көтерілісшілері жеңіліп қалды.

 122 жыл бұрын (1887) Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы - ғылыми құжаттарды сақтау мекемесі құрылды. Комиссияның басты мақсаты - мұрағат істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археологиялық және этнографиялық заттарды жинақтау. Комиссия жұмыстарында жергілікті өлкетанушылармен бірге құрметті мүше ретінде В.Бартольд, Санкт-Петербор археология институтының директоры Н.Покровский, академик В.Радлов, және де қазақ, татар мен башқұрт зиялы қауымдарының өкілдері А.Балғымбаев, А.Байтұрсынов, М.Кәрімов, М.Сүлейменов, т.б. қатысты. Комиссия Қазан революциясына дейін жұмыс жасады.

88 жыл бұрын (1921) француз ғалымдары А.Кальмет пен К.Герен туберкулез бацилласының әлсіреуіне туберкулездің алдын алатын вакцинаны ойлап шығарды (БЦЖ вакцинасы).

80 жыл бұрын (1929) Парижде «Жас Түркістан» журналының бірінші нөмірі шықты. Ұйымдастырушысы - М.Шоқай. Түркістанның ұлттық тәуелсіздік ойын насихаттады. Журналды «Прометей» қоры қаржыландырды, оны Польшаның президенті маршал Ю.Пилсудский құрған. 1939 жылғы тамызға дейін журналдың 117 нөмірі жарық көрді. Ахмет Наим, Тәуекел батыр, Ахметжан Оқай, Шайым Өктем мен т.б. жазушылардың мақалалары басып шығарылды. 1939 жылы 2-ші дүниежүзілік соғыстың басталуымен жабылып қалды.

 63 жыл бұрын (1949) Павлодарлық сүт консервілерінің зауыты іске қосылды. 1946 жылғы сәуірде зауыт шикізат аймағын алды, Павлодар облысының - Павлодар және Каганович (қазіргі Ақсу қаласының ауыл аймағы) екі ауданынан тұрады. 1946 жылғы желтоқсанда зауыт сүт консервілерінің бірінші партиясын берді. Зауыттың қуаттылығы бір жылда 300 ц сүтті өңдеуге және 5 млн. дана сүт консервілерін шығаруға есептелген.

18 жыл бұрын (1991) Гаагада Еуропалық Энергетикалық хартияға қол қойылды. Оның мақсаты - Батыс пен Шығыстың энергетика саласының халықаралық ынтымақтастығын нығайту. Қазіргі кезде Энергетикалық хартияға Еуропа мен Азияның 51 мемлекеті және де Еуропалық бірлестік қосылды, 18 елмен он шақты халықаралық ұйымдар бақылаушы мәртебесіне ие болды.

18 жыл бұрын (1991) ТМД-ға қатысушы-елдердің Байланыс саласында аймақтық достастығы құрылды. Қазіргі уақытта Достастық елдерінің қатысушысы ретінде байланыс саласында 18 түрлі ұйымдар қатысты. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында Байланыс саласындағы аймақтық достастық (БАД) мәртебесі мемлекетаралық үйлестіруші мекемесі ТМД-ның үкімет басшыларының кеңесінде анықталған, пошта және электр байланыс саласында мемлекетаралық үйлестіруші қарым-қатынас келісіміне қол қойылған. ТМД елдері мен БАД бақылаушыларының басқа мүшелері байланыс саласында ұжымдық ынтымақтастықты іске асырды.

14 жыл бұрын (1995) Қазақстан «Ислам Конференция» ұйымының мүшесі болды. «Ислам Конференция» ұйымы 1969 жылы қыркүйекте Рабатта (Марокко) өткен мұсылман елдерінің үкіметі мен мемлекет басшыларының конференциясында негізі қаланды.

 12 жыл бұрын (1997) Астанада Халықаралық баспасөз орталығы құрылды. Отандық басты компаниялардың бірі, ақпарат пен қоғаммен байланысу саласында маңызды қызмет көрсетеді.

 7 жыл бұрын (2002) «Орысша - қазақша сөздік» (www.sozdik.kz) сайты құрылды. Сайттың мақсаты - Қазақстан және Қазақстан тұрғындары туралы ақпарат алу.

4 ЖЕЛТОҚСАН, ЖҰМА

Үнді әскери-теңіз флотының күні. 1971 жылғы үнді-пәкістан соғысы кезінде әскери-теңіз флоты Карачи портының (Пәкістан порты) аумағында бомбалауда маңызды рөл атқарған күні атап өтіледі.

Информатика күні. 1948 жылғы желтоқсанның 4-де КСРО-ның Министрлер одағының Мемлекеттік комитеті И.С.Брук және Б.И.Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасын халықтық шаруашылығына енгізіп, 10475 рет санымен тіркеді. Бұл Ресей Федерациясының есептеуіш техникасының дамуына қатысты алғашқы ресми түрде тіркелген құжат. Бұл күн ресей информатикасының туған күні деп айтылуға толық құқығы бар.

ОҚИҒАЛАР

90 жыл бұрын (1919) Семей губерниясы партия комитеті «Қазақ тілі» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Содан кейін аптасына 3 рет шығатын болды. Еңбекшілерді революцияны қорғауға шақырды. 1923 жылы «Еңбекші жас» атты айдарын комсомол жастарына арнап шығарды. «Қазақ тілі» редакциясында Ж.Аймауытов, Ш.Тоқжігітов, С.Дөнентаев, М.Тұрғанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов жұмыс жасады. 1928 жылдан бастап «Жаңа ауыл» атымен округтік газет ретінде шыға бастады, 1930 жылдан бастап - Аягөздік аудандық газет.

14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің Жарлығымен Швейцария конфедерациясында Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

1 жыл бұрын (2008) Астанада «Қазақстан» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Оның авторы - Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшісі Пол Браммелл. Ұлыбритания елшісінің айтуынша, ол өз кітабында Қазақстанның тарихын, назар аударатын жерлерін, табиғатын және де елге келетін шетел туристеріне пайдалы ақпарат берілуіне баса назар аударған. Кітаптың таныстырылымына республиканың орталық мемлекеттік органдарының өкілдері, елшілік, коммерциялық ұйымдар қатысты.

 ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1939) Ақмола облыстық соғыс және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы ӘБУТӘЛІПОВ Чапай Мұталапұлы дүниеге келді.

Ақмола облысында туған.

Қазақ ауылшаруашылық институтын (Қазақ ұлттық аграрлық университет), Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

«Қазауылшаруашықтехника» Көкшетау (Ақмола) облыстық бірлестігінің аға инженері, механик, бас инженер, кеңшардың директоры. 1975-1990 жылдары - Көкшетау (Ақмола) облыстық ауылшаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары, Еңбекшілдер ауданы партия комитетінің бірінші хатшысы, Целиноград (Ақмола) облыстық партия комитетінің хатшысы. 1990-2000 жылдары - Көкшетау (Ақмола) облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Көкшетау (Ақмола) облыстық кеңесінің төрағасы, «Агропромэнерго» өндірістік бірлестіктің төрағасы, Көкшетау (Ақмола) қалалық ұйымның төрағасы - «Отан» («Нұр Отан») Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде - 2000 жылдан.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 12-шақырылым депутаты.

Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.

45 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі қаржы және бюджет комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі БИСЕМБАЕВА Бағила Мүбаракқызы дүниеге келді.

Ақмола облысының Атбасар қаласында туған.

М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтын бітірген.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

5 ЖЕЛТОҚСАН, СЕНБІ

Экономикалық және әлеуметтік даму жолына ұмтылған еріктілердің халықаралық күні. 1985 жылғы желтоқсанның 17-дегі БҰҰ Бас Ассамблеясы 40-сессиясының шешімімен атап өтіледі.

Таиланд корольдігінің Мемлекеттік мейрамы - Корольдің туған күні. Атаулы күн алдында Бангкок көшелері бойымен Король гвардиясының мерекелік шеруі өтеді. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 6-да орнатылды.

Әскери даңқ күні. Мәскеу түбіндегі шайқаста кеңес әскерлерінің неміс-фашист басқыншыларына қарсы шабуылы басталған күн (1941). 1995 жылғы наурыздың 13-де қабылданған «Ресейдің Әскери даңқ (жеңісті күндері) күндері туралы» Федералды Заңына сәйкес атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңеске мүше елдердің мемлекет және үкімет басшыларының кездесуіне қатысу үшін Венгер Республикасына ресми сапар шекті. Будапешт қаласында әлемнің ядролық державалары - Ресей, АҚШ, Ұлыбритания басшылары Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік беру туралы меморандумға және стратегиялық қарулы қақтығысты шектеу туралы келісім жөніндегі бекіту қағаздарын алмасу туралы құжатқа қол қойды.

3 жыл бұрын (2006) Екі жақты келісімнің қорытындысында Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев пен Еуропалық комиссияның Президенті Жозе Мануэл Баррозу Европалық Одақ (ЕО) пен Қазақстанның энергетика саласындағы ынтымақтастығында бірін-бірі түсіну меморандумына қол қойды.

Меморандум Қазақстанның Каспий өңіріндегі табиғи газ бен мұнайдың ірі өндірушісі ретінде және энергетикалық саланың ынтымақтастығын нығайтуда ЕО пен Қазақстанның екіжақты қызығушылығында маңызды рөлін анықтайды. Меморандум энергетикалық қауіпсіздікті және өнеркәсіп ынтымақтастығын нығайту секілді маңызды аспектілерді қамтиды.

1 жыл бұрын (2008) Бішкекте қазақ әдебиетінің классигі Мұхтар Әуезовтың шығармасына түсірілген «Қараш асуындағы атыс» («Выстрел на перевале Караш») атты киносының мерейтойлық көрсетілімі өтті. Фильмді 1968 жылы қырғыздың жас кинорежиссері Болат Жәмшиев түсірді. Режиссердің түсірген көрінісі «Қырғызфильм» және «Қазахфильм» киностудияларының біріккен жұмысы болды, қалың көрермен қауымның назарын өздеріне аударды.

1 жыл бұрын (2008) Таразда қалалық киноконцерт залында Жамбыл облысынан шыққан танымал қазақ актері Асанәлі Әшімовке арналған мұражай салтанатты түрде ашылды. Көрме қойылымына А.Әшімов сахналық костюмдер, реквизиттер, сирек кездесетін суреттерді пайдалануға берді. Тағы да арнайы жабдықталған бір кабинетінде өз қонақтарын қабылдай алады.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1914-1978) ғалым, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанда өсімдік қорғау ғылымын ұйымдастырушы ЖИЕМБАЕВ Жазкен Тайшықұлы дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған.

Омбы ауылшаруашылық институтын бітірген.

Солтүстік Қазақстан облыстық ауылшаруашылығы мектебінің директоры қызметін атқарған. 1946-1958 жылдары - Бал арасы тәжірибе стансысының, Республикалық өсімдіктерді қорғау стансысының директоры. 1958-1978 жылдары - Қазақ өсімдіктерді қорғау ғылыми-зерттеу институтының директоры, фитопатология бөлімінің меңгерушісі. 1978 жылдан Қазақ ұлттық аграрлық университетінің фитопатология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері астық дақылдарының қаракүйе, тамыр шірігі, ақ ұнтақ ауруларын зерттеуге, оларды тежеуге бағытталған шаралар жүйесіне арналған. 13 монография мен 50-ден астам өндіріске арналған ұсыныстардың авторы.

Қызыл Жұлдыз, «Құрмет белгісі», 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

95 жыл бұрын (1914-1998) актер, режиссер, Қазақстан Республикасының халық әртісі ТӨЛЕКОВ Қуат дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Атырау қаласында туған.

Атырау облыстық драма театрының студиясын, Санкт-Петербор театр, музыка және кино өнері институты жанындағы жоғары курсты бітірген.

Атырау облыстық драма театрының актері, директоры қызметтерін атқарған.

М.Әуезовтің «Түнгі сарын», «Абай» спектаклінде Жантас, Абай, С.Мұқановтың «Ботагөз», «Мөлдір махаббатында» Амантай, Әбутәліп, М.Ақынжановтың «Ыбырай Алтынсарин», «Исатай - Махамбетінде» Ыбырай, Исатай, Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Пластунов, Карабай, Ғ.Слановтың «Махамбетінде» Махамбет, Д.Фурмановтың «Чапаевында» Фурманов, М.Горькийдің «Зыковтарында» Антип Зыков, Ф.Шиллердің «Махаббат пен зұлымдығында» Президент рөлдерін сомдаған.

Режиссер ретінде Б.Қорқытовтың «Асыл жандар», Т.Ахтановтың «Күтпеген кездесу», Қ.Аманжоловтың «Досымның үйленуі», Ш.Хұсайыновтың «Рәбиға», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», Б.Майлиннің «Шұға» шығармаларын сахналады.

2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған. Атырау қаласының құрметті азаматы.

60 жыл бұрын (1949) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі ТҰРЛЫБЕКОВ Ерлан Қабыкенұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған.

Алматы халық шаруашылығы институтын (Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті) бітірген.

Қазақ КСР Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің есепші-тексерушісі, аға есепші-тексерушісі қызметтерін атқарған. 1976-1985 жылдары - Қазақ КСР Қаржы министрлігінің аға бақылаушы-тексерушісі, Қазақ мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жөніндегі кәсіподақ кеңесі бөлім меңгерушісінің орынбасары. 1985-1991 жылдары - Қазақ КСР Қаржы министрлігінің аға, бас бақылаушы-тексерушісі, бөлім бастығының орынбасары, бақылау-тексеру басқармасының бас бақылаушы-тексерушісі. 1991-1995 жылдары - «КРАМДС-РЕДМЕТ» АҚ-ның бас есепшісі, «Мирас» шағын кәсіпорынның директоры, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Бақылау Палатасының аға инспекторы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Аппараты қаржы, еңбек және ақша айналымы бөлімінің аға референті. 1996-2000 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі Аппараты комитеттерімен жұмыс жөніндегі бөлімінің консультанты, бас сарапшысы, сектор меңгерушісі. 2000-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет комитеті хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің қаржы және бюджет комитеті қызметін қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдың 17 мамырынан.

«Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10-жыл», «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10-жыл» медальдарымен марапатталған.

40 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасының таэквондодан құрама командасының бас жаттықтырушысы ШОКБЫТОВ Сұлтанмахмұд Ноқатұлы дүниеге келді.

Өзбекстан Республикасында туған.

Тверь мемлекеттік университетін бітірген.

1991 жылы Түркияда өткен Халықаралық турнирдің, 1995 жылы өткен Орта Азиялық ойындардың жеңімпазы. 1994 жылы Италияда өткен Халықаралық турнирдің күміс жүлдегері.

6 ЖЕЛТОҚСАН, ЖЕКСЕНБІ

Финляндия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. (1917). Ең алғаш Финляндия мемлекетінің тәуелсіздігін Кеңес Үкіметі таныған болатын. Сол кезден бастап, бұл оқиға Финляндия Республикасының ең басты мерекесі ретінде атап өтіледі.

Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 13-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

38 жыл бұрын (1971) Алматыда Қазақстанның алғашқы ақпараттық ғылыми-техникалық орталығы ашылды.

10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев Жапонияға ресми сапармен барды. Он бес ғасырдан бері жапон елінің биік тағын мұрагерлікпен иеленіп, дәстүрді үзбей жалғастырып келе жатқан атақты әулет мүшесі - император Акихито Қазақстан басшысымен әңгіме кезінде екі ел арасындағы байланыстардың игі дәстүрге айналуына тілектестік білдірді. Сапардың басты жетістігі - Жапония тарапынан Қазақстан экономикасын жандандыруға несие көздерін анықтап, инвестиция тарту болды.

5 жыл бұрын (2004) Петропавлда гуманитарлық-техникалық колледжде «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының бастамасымен көп балалы аналардың «Бэби» атты жаңа қоғамдық ұйымның ашылу салтанатты өтті. «Бэби» қоғамдық ұйымы көпбалалы аналармен олардың балаларына көмек көрсету үшін құрылған. «Бэби» ұйымының төрағасы болып сегіз баланың анасы Светлана Кирякова тағайындалды.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1939) Қазақстанның халық жазушысы, Әлеуметтік Ғылымдар Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі КЕКІЛБАЕВ Әбіш дүниеге келді.

Атырау облысында туған.

С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Қазақ КСР Мәдениет министрінің орынбасары, Жазушылар одағы басқармасының екінші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті бөлімінің меңгерушісі, Қазақ КСР Президенті Аппаратының мәдениет және ұлтаралық қатынастар реферантурасының басшысы, «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. 1994-1996 жылдары - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 13-шақырылымының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік кеңесшісі. 1996-2002 жылдары - Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2002-2007 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаты, «Асар» партиясы парламенттік фракциясының мүшесі. 2007 жылдан - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшесі.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 12- және 13-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі ұлттық саясат, мәдениет және тілді дамыту комитетінің төрағасы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі 1-шақырылымының депутаты - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы.

«Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың», «Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10-жыл» медалімен марапатталған. Абай атындағы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Л.Н.Гумилев атындағы Евразиялық мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.

7 ЖЕЛТОҚСАН, ДҮЙСЕНБІ

Азаматтық авиацияның халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. Чикаго қаласында өткен (АҚШ) конференцияға мүше - 52 мемлекет өкілдері қол қойған Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға қол қойған күннен бастап атап өтіледі.

Спитак қаласында (Армения) болған жер сілкінісі құрбандарын еске алу күні (1988). Жерасты сілкінісінің күші эпицентрде 10,5 баллға жетті. Спитак қаласы түгелдей, Ленинакан қаласы жартылай қирап қалды. Ресми мәлімет бойынша, 28 854 адам қаза тауып, 12 мың адам жарақаттанған, 400 мың адам баспанасыз қалған. Армян халқының қасіретіне КСРО құрамында болған барлық республика үн қатып, жан-жақтан қол ұшын беруге асықты. Шет елдерден де материалдық көмектер берілді.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы жарияланды.

3 жыл бұрын (2006) Елорданың халықаралық баспасөз орталығында жастардың жаңа ақпараттық-танымдық «Жастар жаңа мемлекеттік қызмет» атты журналының таныстырылымы өтті. Республикалық журнал жылына 4 рет екі тілде шығады. Ұйымдастырушы - Қазақстан жастар конгресінің Мемлекеттік қызмет мектебі.

3 жыл бұрын (2006) Алматыда «Город» республикалық күнделікті газетінің бірінші саны жарық көрді. Газеттен оқырмандар жаңалықтар мен республикада өткен соңғы оқиғаларға түсінік алады, тағы да спорт пен шоу-бизнес жаңалықтарын және теледидар бағдарламаларын оқиды. Баспа тиражы - 10 мың дана.

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1949) техника ғылымдарының докторы, Халықаралық Инженерлер Академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі КИИНОВ Ләззат Кетебайұлы дүниеге келді.

Маңғыстау облысында туған.

Казақ политехникалық институтын (Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген.

«Жетібаймұнай» мұнай және газ өндіру басқармасының мұнай және газ өндіру операторы, өңдеуге талдау зертханасының басшысы қызметтерін атқарған. 1977-1992 жылдары - Мағыстау облыстық партия комитетінің өнеркәсіп-көлік бөлімінің нұсқаушысы, «Маңғышлақмұнайөндірісхим» аумақтық өндіріс басқармасының бас инженері, «Қаражанбастерммұнай» ұңғырларды күрделі жөндеу және мұнай беру пластыларын жоғарылату жөніндегі Қаражанбас басқармасының бастығы, «Комсомольскмұнай» мұнай және газ өндіру басқармасының бастығы. 1992-1999 жылдары - «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің бас директоры, Маңғыстау облыстық әкімшілік басшысы, Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсібі министрінің орынбасары, Каспий құбыр бірлестігі бас директорының орынбасары. 1999-2003 жылдары - Маңғыстау облысының әкімі, «ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ-ы президенті. Қазіргі қызметінде - 2003 жылдың наурызынан.

55 жыл бұрын (1954) ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор АМАНБАЕВ Төлеген Рахманұлы дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған.

Мәскеу мемлекеттік университетін және оның аспирантурасын бітірген.

Қазақ химия-технологиялық институтының оқытушысы, аға оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған. 1998-2002 жылдары - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің кафедра меңгерушісі. 2003 жылдан - М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті тематикалық әдіс және үлгілеу кафедрасының профессоры.

54 ғылыми еңбектің авторы.

8 ЖЕЛТОҚСАН, СЕЙСЕНБІ

Өзбекстанның Конституция күні. 1992 жылғы желтоқсанның 8-де өткен Өзбекстан Жоғарғы Одағының 11-ші сессиясында қабылданды.

Қырғызстанның радио мен теледидар қызметкерлерінің күні. 1995 жылғы желтоқсанның 23-інде Қырғыз Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1991) Беларус, Ресей және Украинамен 1991 жылғы желтоқсанның 8-де Минскде ТМД құру туралы келісімінде қол қойылған мемлекетаралық бірлестік - Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды (ТМД). Бұл мемлекеттердің айтуынша, КСРО терең дағдарыс пен құлау кезеңінде өзінің өмір сүруін тоқтаты, олар достастықты саяси, экономикалық, гуманитарлық, мәдениет және т.б. жақтарынан дамытуға ынталанатынын айтты. 1991 жылғы желтоқсанның 21-де келісімге ТМД-ның Басты қағидалары мен мақсаттары декларациясына Беларус, Ресей және Украинамен бірге Алматыда қол қойған Әзірбайжан, Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Молдавия, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан қосылды. 1993 жылы ТМД-ның Жарғысы қабылданды, онда мемлекеттер бірігіп жұмыс істеу мүмкіндігін қарастырады: адам бостандығы мен құқығын қамтамасыз ету, сыртқы саяси қызметті үйлестіру, ортақ экономикалық кеңістікте көлік және байланыс жүйесін дамыту ынтымақтастығын құру, тұрғындардың денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау, әлеуметтік және иммиграциялық саясаттың сұрақтары, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес, сыртқы шекараны қорғау мәселесіндегі ынтымақтастық. ТМД-ның нақты мүшелерімен қатар, өзге қызметтеріне қатысатын басқа қауымдастық мүшелері болуы мүмкін. ТМД мемлекет басшыларының отырысында кейбір мемлекеттер бақылаушы ретінде отырады.

Мемлекет басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, Сыртқы істер министрлерінің кеңесі, Мемлекетаралық экономикалық кеңес, Санкт-Петербордағы үкіметаралық ассамблеяның орталығы секілді тағы басқа органдары құрылды. ТМД-ның тұрақты жұмыс істейтін органы - Минскідегі үйлестік-кеңестік комитет.

 17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының Инженерлік Академиясы құрылды, оның президентті болып О.Жолдасбеков тағайындалды.

Қазіргі күні Ұлттық инженерлік академия Қазақстандағы ең ірі және ықпалды қоғамдық ғылыми ұйым болып табылады. Оның құрамында 20-дан астам ғылыми-өндіріс орталықтары жұмыс істейді, ол бүкіл қазақстандағы технопарктерді құрылу мен дамытуына белсенді қатысады, оның бөлімдері мен филиалдары аймақтағы өндіруші кәсіпорындарымен тығыз байланыста. Академияның ғылыми орталықтарының арасынан мынандай ұйымдарды белгілеуге болады, олар Ғылыми-инженерлік ақпараттық-есептеуіш орталығы, «Нефть» ғылыми-зерттеу орталығы, Қазіргі заман технологияларының институтты, Экологиялық сараптама институты және басқалар. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен АҚШ Ғылым академиясының бірігіп өткізген халықаралық сертификаттауынан табысты өтті.

 15 жыл бұрын (1994) Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің құрылғанына 60 жыл толуына байланысты университет бас ғимараты алдында әл-Фараби ескерткіші ашылды.

12 жыл бұрын (1997) Тегранда өткен (Иран Ислам Республикасы) Ислам Конференция Ұйымының VIII-ші Саммитте «Қазақстан Республикасының Азиядағы өзараәрекеттестік және сенім шаралары мәжілісінің шақырылымы бастамасын қолдау туралы» Қарар қабылданды.

 1 жыл бұрын (2008) Павлодардың Ертіс жағалауы балалары жазған «Слова, идущие от сердца» атты кітап жарық көрді. Онда облыстың 70-жылдығына арналған «Павлодарское Прииртышье - территория дружбы и согласия» атты байқауына жіберілген ең үздік әңгімелер, өлеңдер мен суреттер жарияланды. Шығармашылық жарыстың ұйымдастырушысы - Қазақстан халқының кіші Ассамблеясы және «Звезда Прииртышья» атты облыстық газеті. Жас прозашы мен ақындар шығармашылық шабыттарымен және сүйіспеншіліктерімен туған ауылы мен ауылдастары туралы айтып берді. Эссе мен ақындық жолдардың авторлары - ауыл мен қала мектептерінің оқушылары, студенттер мен Павлодарлық ұлттық жаңғырту мектебінің оқушылары.

ЕСІМДЕР

 75 жыл бұрын (1934-1984) Қазақ КСР-нің волейболдан еңбек сіңірген жаттықтырушысы ДЕМИН Юрий Михайлович дүниеге келді.

Ақтөбе қаласында туған.

Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтын (Қазақ спорт және туризм академиясы) бітірген.

Алматы қалалық білім беру бөлімі № 1 Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің аға жаттықтырушысы қызметін атқарған.

КСРО чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері А.Портной, Н.Рагозин, ағайынды Виталий мен Вячеслав Шапрандарды баптаған.

 70 жыл бұрын (1939) педиатр-ғалым, медицина ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері ХАБИЖАНОВ Болат Хабижанұлы дүниеге келді.

Атырау облысында туған.

Алматы медицина институтын (С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген.

1963-1978 жылдары - Қазақ педиатрия ғылыми-зерттеу институтының (Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы) кіші, аға ғылыми қызметкері. 1978-1991 жылдары - Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының жүрек-қантамыр аурулары бөлімшесінің меңгерушісі. 1991 жылдан - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті №2 балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі.

Негізгі ғылыми еңбектері ревматология мәселелеріне арналған. Ревматизмге шалдыққан балаларда дәрі-дәрмектен болатын аллергиялық реакциялардың сыр-сипаты жөнінде теорияны пайымдады.

Қазақ тілінде студенттерге арналған тұңғыш «Бала хирургиясы», «Педиатрия» оқулықтардың, 7 өнертабыстың, 200 аса ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монографияның авторы. 4 ғылым докторларын, 19 ғылым кандидаттарын даярлады.

«Қазақстан Республикасының ғылым ісін дамытқаны үшін» белгісімен марапатталған.

 50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Қоғамдық саяси жұмыс департаментінің директоры НҰРҒАЗИЕВА Бану Ғаниқызы дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.

Қазақстан Компартиясы Шелек аудандық комитетінің идеология бөлімінің нұсқаушысы, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінде үйірме жетекшісі, Армияға, авиация мен флотқа жәрдемдесу жөнiндегi ерiктi қоғам (ДОСААФ) спорт-техникалық клубының оқытушысы қызметтерін атқарған. 1992-2005 жылдары - Шелек аудандық әкімшілігі ұйымдастыру бөлімінің референті, Шелек аудандық әкімдігі аппараты ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы әкімдігі денсаулық сақтау және тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы, Алматы қаласы Жетісу ауданы әкімдігінің аппарат басшысы, ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Алматы қаласы әкіміне қарасты Ақпараттық-талдау орталығының директоры. 2005-2008 жылдары - Шығыс Қазақстан облыстық ішкі саясат департаментінің директоры, «Восточный Медиа Экспресс» ЖШС-нің директоры, «Нұр Отан» ХДП-сы орталық аппараты саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың маусым айынан.

9 ЖЕЛТОҚСАН, СӘРСЕНБІ

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні. БҰҰ-ның бастамасымен желтоқсанның 9-да атап өтіледі. 2003 жылы Мексиканың Мерида қаласында жоғары дәрежелі саяси конференцияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы БҰҰ-ның қол қою конфенциясы ашылды, 2003 жылғы қарашаның 1-де Бас Ассамблея қабылдады.

Танзанияның Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні. Танзания федерациясы 1964 жылы Занзибар мен Танганьика мемлекеттерінен құрылды. Танганьика тәуелсіздігін 1961 жылы желтоқсанның 9-да, ал Занзибар 1963 жылдың желтоқсанның 10-да алған болатын. 1964 жылғы қаңтардың 12-де екі ел бірігіп, Біріккен Танзания Республикасын құрды. Танзанияның 1965 жылы қабылданған уақытша конституциясы екі елдің толық теңдігін қарастырған.

ОҚИҒАЛАР

 18 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Министрлер кабинетінің Қаулысымен А.Пушкин атындағы Мемлекеттік кітапхана Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы болып өзгертілді.

12 жыл бұрын (1997) Тегранда ислам әлемінің экологиялық апаттардан зардап шеккен аймақтарына: Арал теңізінің бассейні мен Семей ядролық полигон аймағына көмек көрсету туралы Қарар қабылданды.

 1 жыл бұрын (2008) Оралда генерал-майор Асылбек Жаманбаевтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Асылбек Жаманбаев (1946-2007) М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген, еліміздің ішкі істер органдарында көп жылдан бері жұмыс істеді. Атырау, Жезқазған облыстарының ІІБ әр жылдары басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтің Жарлығымен оған генерал-майор атағы берілді. Соңғы жылдары А.Жаманбаев қалалық маслихаттың депутаты және Оралдағы еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының профессоры болды.

 1 жыл бұрын (2008) Қарағандыда ұлы ғалым және ойшыл Абайға арналған ескерткіш ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев қатысты. Ескерткіш авторы - мүсінші Асқар Нартов. Биіктігі бес метрлік мүсін Қарағанды облысының көркемдік-өндірістік комбинатында құйылған.

ЕСІМДЕР

 100 жыл бұрын (1909-1983) ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері НҮСІПБЕКОВ Ақай дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Алматы облысы Кеген ауданында туған.

Алматы ауыл шаруашылығы техникумын, Мәскеудегі Шығыс еңбекшілері коммунистік университетін бітірген.

Алматы ауыл шаруашылығы техникумының оқытушысы, директоры, Қазақстан Компартиясы Алматы облыстық комитетінің сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1937-1941 жылдары - Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі, Семейдегі басшы ұжымшар кадрларын даярлайтын республикалық оқу орнының директоры. 1946-1983 жылдары - Қазақ КСР Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтының кіші, аға ғылыми қызметкері, этнография бөлімінің меңгерушісі, директоры.

Төңкеріске дейінгі және кеңестік Қазақстан тарихына байланысты 200-ге жуық ғылыми еңбектердің авторы. Бес томдық «Қазақ КСР тарихының» негізгі авторларының бірі.

Қазақстан Ғылым Академиясының Ш.Уәлиханов атындағы сыйлығының, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Ленин, 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

Алматыда тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылып, бір көшеге есімі берілген.

 75 жыл бұрын (1934-2007) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, профессор ДӘУЛЕТҚАЛИЕВА Кира Мұташқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Ташкенттегі Орта Азиялық политехникалық институтын бітірген.

Қазақстан Ғылым Академиясының Геология ғылымдары институтының лаборанты, аға лаборанты, кіші, аға ғылыми қызметкері, гидрохимия зертханасының меңгерушісі, бас ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) профессоры қызметтерін атқарған.

Ғылыми зерттеулерінің негізгі бағыты - Қазақстан жер асты суларының химиялық құрамы. Жер асты сулары химиялық құрамының қалыптасу ерекшеліктері, гидросфераның табиғи суларының химиялық құрамы қалыптасуының генетикалық заңдылықтарын кентастық кен орындарын іздеу және экологиялық мақсаттарда зерттеген.

10 ЖЕЛТОҚСАН, БЕЙСЕНБІ

 Адам құқын қорғаудың халықаралық күні. 1948 жылғы желтоқсанның 10-да БҰҰ Бас Ассамблеясы Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын қабылдады. Барлық елде 1950 жылдан бастап атап өтіледі.

Таиланд корольдігінің Ұлттық мейрамы - Конституция күні. Бүгінде Таиланд - конституциялық монархия. 1932 жылдан бастап, бүгінгі монарх - Ұлы мәртебелі король - Пумипон Адулядетқа дейін (9 Рама, 1946 жылдан бері басқарып отыр) өз билігін Ұлттық Ассамблея, атқарушы билікті Министрлер кабинеті, сот билігін - сот арқылы жүзеге асырады.

Футболдың бүкілдүниежүзілік күні. БҰҰ-ның шешімімен атап өтіледі.

Нобель сыйлығын тапсыру күні. Белгілі ғалым А. Нобельдің туған күніне байланысты, жыл сайын Норвегия королінің қатысуымен Осло университетінің үлкен залында Нобель сыйлығын тапсыру салтанаты өтеді.

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1991) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы атауын Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы шешім қабылдады.

18 жыл бұрын (1991) Алматыдағы Республика сарайында бүкіл халық сайлаған Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаевтың Елбасы қызметіне кірісуіне арналған Республика Жоғарғы Кеңесінің салтанатты мәжілісі болып өтті. Президент ата-баба салтымен ақ киіздің үстіне көтеріліп, халық алдында ант берді.

18 жыл бұрын (1991) Қазақстан Республикасы Президентінің Республиканың Алмас қорын құру туралы Қаулысы шықты.

 10 жыл бұрын (1999) Оңтүстік Қазақстан облысындағы №2 Сарыағаш орта мектебіне қазақтың белгілі жазушысы Асқар Сүлейменовтің есімі берілді.

 1 жыл бұрын (2008) Фонтенблода (Франция) «Н.Назарбаев - создатель казахстанской модели межэтнического и межконфессионального согласия» атты кітабының тұсау кесер рәсімі болды. Мерекелік шараға қаланың саясаткерлері, іскерлер мен академиялық ортаның өкілдері, қоғам қайраткерлері, өнер мен ғылым тұлғалары және қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақ студенттері қатысты.

ЕСІМДЕР

 120 жыл бұрын (1889-1970) ғалым, география ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, КСРО География қоғамының құрметті мүшесі, Қазақстанда гляциология ғылымының негізін салушылардың бірі ПАЛЬГОВ Николай Никитич дүниеге келді.

Ресей Федерациясында туған.

Мәскеу құрылыс училищесін, Бүкілодақтық сырттай оқыту институтын бітірген.

Қазақстан Ғылым Академиясы география секторының меңгерушісі, КСРО География қоғамы қазақ бөлімшесінің төрағасы қызметтерін атқарған.

Ғылыми жұмыстарының негізгі бағыты - мұздықтардың пайда болуы, олардың көлемін, қуатын анықтау. Іле Алатауы жоталарындағы мұздақтардан бастау алатын өзендердің гидрогеографиясын және гидрологиялық режимін зерттеуге елеулі үлес қосты. Жетісу, Сырдария облыстары жерін алғашқылардың бірі болып топографиялық картаға түсірді.

Тянь-Шаньдағы екі мұздық, Полюстік Оралдағы бір мұздық Пальгов есімімен аталады.

 100 жыл бұрын (1909-1999) ғалым-педагог, филология ғылымының кандидаты, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, республиканың жоғарғы мектебіне еңбек сіңірген қайраткері АҚМҰРЗИН Сәрсен дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында туған.

Батыс Қазақстан облысы Сламихин (Жалпақтал) педагогикалық техникумын бітірген.

Орал қаласындағы қазақ орта мектебінің (№11 мектеп-интернат) директоры, Батыс Қазақстан педагогикалық институтының оқытушысы, ректоры, проректоры, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

28 ғылыми еңбектің авторы. Негізгі ғылыми еңбектері жоғары оқу орындары мен орта мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдісін жүйелеуге, қазақ әдебиетінің даму тарихын қарастыруға арналған.

Қызыл Жұлдыз, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

 35 жыл бұрын (1974) акробатикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері ДУХНО Андрей Владимирович дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Зыряновск қаласында туған.

Жаттықтырушысы - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Э.Григорянц.

Азия ойындарының абсолюттік чемпионы (Жапония, 1996). 1996 жылы Германияның Федеративті Республикасында, 1998 жылы Минск қаласында өткен әлем чемпионаттарының күміс жүлдегері.

11 ЖЕЛТОҚСАН, ЖҰМА

 Демікпенің бүкілдүниежүзілік күні. Кеңірдек демікпесі ауруына назар аударту мақсатында Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасымен атап өтіледі. Бұл күннің негізгі мақсаты - денсаулық саласындағы күрделі мәселелерінің бірі болып саналатын демікпе ауруының себеп-салдарларымен халықты жан-жақты таныстыру. Оны жеңу жолында ғылым саласында жасалған жаңалықтар туралы хабарлау. Бүгінде әлемде 300 миллион адам демікпемен ауырады. Ол көбіне нашар экологияның салдарынан пайда болады.

Халықаралық тау күні. 2003 жылғы БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші шешімі бойынша желтоқсанның 11-де атап өтіледі. 2004 жылдан бері БҰҰ шешімі бойынша «Бейбітшілік - таулардың тұрақты дамуына кілт» атты ұранмен өткізіледі. Бас Ассамблеяның қарарында таулы аймақтардың тұрақты дамуына бағытталған ерекше өзекті мәселелер белгіленген. Бұл күні Бас Ассамблея халықаралық бірлестіктерге жоғары деңгейдегі мерекелік шаралар ұйымдастыруына шақырды, оның мақсаты таулы аймақтардың тұрақты дамуын насихаттау.

Жер шарының шамамен төрттен бірін алып жатқан таулар 10 пайызға жуық тұрғындардың үйі. Бұл - өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін көптеген түрлері үшін қорық, жердегі негізгі өзендердің қайнар көзі.

ОҚИҒАЛАР

12 жыл бұрын (1997) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Ресейдің қолданбалы ғылымдар академиясының Құрметті мүшесі болып тағайындалды.

11 жыл бұрын (1998) Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қалың елім, қазағым» атты кітабының тұсау кесер рәсімі болып өтті.

3 жыл бұрын (2006) Алматыда көпшілікке Шайх-Асан Курайшин ас-Сунна деген атпен танымал журналист Асан Сарқұловтың «Заман көшіндегі дін ақиқаты» атты кітабының тұсау кесері болды.

Ол кітапта Қазақстанда мұсылман дінін тарату туралы, ислам дінінің дамуы туралы және де осы тақырыпта басқа жаңа баспалар шығару туралы жазылған. Кітаптың тиражы үш мыңға жуық.

3 жыл бұрын (2006) Батыс Қазақстан облысының Жаңақала ауданы орталығында танымал қоғам қайраткері Сәтқали Сапаровтың тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. С.Сапаров (1928-1976) 14 жыл ішінде аймақтағы үш ауданды - Зеленовка ауданын (1962-1963), Тасқалы ауданын (1963-1972) және Жаңақала ауданын (1972-1976) басқарды. Ол басқарған аудандардың дамуына сіңірген еңбегі үшін екі мәрте Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталды. Жаңақала ауылының орталық көшелерінің біріне есімі берілген.

ЕСІМДЕР

90 жыл бұрын (1919-1995) әнші, музыкатанушы БЕКХОЖИНА Талиға дүниеге келді.

Семей қаласында туған.

Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерватория) бітірген.

Қазақ мемлекеттік филармониясының әншісі, Қазақстан Ғылым Академиясының Әдебиет және өнер институтының кіші ғылыми қызметкері болған.

Фольклорлық экспедиция құрамында Қазақстанның және Өзбекстанның жергілікті тұрғындары арасынан бұрын белгісіз болып келген 1500-ден астам әндерді нотаға түсірген, халық шығармашылығының орындаушылары жайында деректер жинаған. Ақын әрі композитор Ш.Құдайбердиевтің әндерін құрастырып, кітап шығарған («Аманат», 1989).

12 ЖЕЛТОҚСАН, СЕНБІ

Қазақстан Республикасы Кеден органдарының құрылған күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы желтоқсанның 12-ндегі «Қазақстан Республикасының қаржы, салық және кеден қызметін қайта құру туралы» Жарлығын орындау мақсатында осы қызметтердің барлығы бір жүйеге - ҚР Қаржы министрлігіне біріктірілді. ҚР Кеден комитеті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды.

ҚР Кеден органдарының негізгі қызметі - Қазақстан Республикасы экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, материалдық және мәдени құндылықтарды заңсыз шет елге шығарудың алдын-алу, қару-жарақ, есірткі заттар тасымалдауға тосқауыл болу, контрабандамен күрес, республика бюджетіне кеден салығының уақытында түсіп отыруын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы азаматтар мен автокөлік өткізу жұмысын ұйымдастыру және басқалар. Ең басты мақсатының бірі - кәсіби деңгейі жоғары кеден қызметінің мамандарын даярлап шығару.

Ресей Федерациясының Мемлекеттік мейрамы - Конституция күні. РФ Президентінің 1994 жылғы жарлығымен Ресейдің мемлекеттік мерекесі ретінде бекітілген.

Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қазанда 21-інде орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

3 жыл бұрын (2006) Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Эталон орталығы ашылды. Елбасы Орталық Азиядағы жалғыз цезий негізіндегі уақыт эталонын өз қолымен қосты. Қазіргі заманғы 8-қабатты ғимаратта 76 эталон мен эталон жабдықтарының бірлігі 10 түрлі зертханада орналасқан.

1 жыл бұрын (2008) БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның мүгедектер құқығы Конвенциясына және оның факультативті протоколына қол қою рәсімі өтті. Қазақстан Конвенцияға қосылған әлемнің 137-ші елі болды. 2006 жылғы желтоқсанның 13-де БҰҰ-ның Бас Ассамблеясында құжат қабылданып 2008 жылғы мамырдың 3-де күшіне енді. Біріккен Ұлттар Ұйымында Конвенцияның орындалуын бақылайтын орган құрылды. Мүгедектер құқығының комитеті Конвенцияға қатысушы-мемлекеттердің баяндамасын қарап, ұсыныс пен ортақ ұсынымдар шығарады.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1929) актер, Қазақстанның халық әртісі ЖӘКІБАЕВ Қасым Әбенұлы дүниеге келді.

Алматы облысы Жамбыл ауданында туған.

Т.Жүргенев атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.

1948 жылдан - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар және жасөспірімдер театрының, «Қазақфильм» киностудиясының актеры.

Театр сахнасында Сарман, Жақай («Алтын сақа», «Ыбырай Алтынсарин» М.Ақынжанов), Полонии («Гамлет» У.Шекспир), Врум («Махаббат пен зұлымдық» Ф.Шиллер), Қайрабай («Мөлдір махаббат» С.Мұқанов), Тоқай («Ұлпан и Есеней» Ғ.Мүсірепов пен К.Ысқақов), Шыңғыс хан («Миғұла терісі үстіндегі сот» Ш.Айтматов пен М.Шаханов) рөлдерін ойнаған. «Дерсу Узала», «Қан мен тер», «Үшеу», «Сталинге сыйлық», «Отырардың күйреуі», «Тоғысқан тағдырлар», «Махаббат стансасы» сияқты 100-ге жуық фильмдер мен сериалдарға түскен.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

75 жыл бұрын (1934) әскери қайраткер, генерал-майор МАРДЕНОВ Жүкен Баймұханбетұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған.

Алматы мемлекеттік шет тілдер институтын бітірген.

Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті (МҚК) Павлодар облыстық басқармасының қызметкері болған. 1968-1983 жылдары - Қазақ КСР МҚК-нің орталық аппаратында, МҚК-і Көкшетау және Шығыс Қазақстан облыстық басқармалары бастығының орынбасары. 1983-1991 жылдары - Қазақстан МҚК-і Бірінші (барлау) басқармасының бастығы - Қазақстан МҚК-і Алқасының мүшесі, МҚК-і Целиноград (Ақмола) облыстық басқармасының бастығы, облыстық партия комитетінің бюро мүшесі, Халық депутаттары облыстық және қалалық кеңесінің депутаты, Қазақ КСР МҚК-і төрағасының кадр жөніндегі орынбасары. 1991-1994 жылдары - Қазақстан МҚК-і барлау бөлімінің бақылаушысы. 1994 жылдан - «Аксель» компаниясы бас директорының орынбасары. Қазіргі кезде күзет фирмасын басқарады.

«Генералдар кеңесі» қоғамдық бірлестік президиумы төрағасының орынбасары.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін», «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10-жыл», басқа да медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамотасымен, «Қазақстан Республикасы ҰҚК-нің құрметті қызметкері» белгісімен, Қазақстанның халықаралық қатынастар орнатуына белсенді үлес қосқаны үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - сыртқы істер министрінің Алғыс хатымен марапатталған.

55 жыл бұрын (1954) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі ЖЫЛГЕЛДИЕВ Сағат Ермағамбетұлы.

Қызылорда облысында туған.

Қазақ драма театры жанындағы театр студиясын, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітірген.

1977 жылдан - Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ балалар және жасөспірімдер театрының актеры.

Сахнада Ақын («Ауылдан келген ару» И.Сапарбаев), Байжан («Алтын ажалы» И.Ғайып), Абдолла («Ең әдемі келіншек» С.Балғабаев), Қожа Ахмет Иасауи («Әзірет Сұлтан» О.Дастанов), Шеге, Байдалы би, Сердәлі («Қыз Жібек», «Ұлпан», «Ақан сері -Ақтоқты» Ғ.Мүсірепов) рөлдерін сомдаған.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

13 ЖЕЛТОҚСАН, ЖЕКСЕНБІ

Мальта Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні. 1974 жылы Өкілдер Палатасының шешімімен Мальта республика болып жарияланды.

Бүкіләлемдік балалар телеарнасы мен радиохабарламаларының күні. Бұл мерекелік күнді 1994 жылғы сәуірде Каннада БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) өкілдері жариялады. Сол кезден бері жыл сайын желтоқсанның екінші жексенбісінде атап өтіледі.

ОҚИҒАЛАР

14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қаулысымен Сауд Арабия Корольдігінде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

5 жыл бұрын (2004) Астанада вокзал алаңында 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды. Астананың теміржол вокзалында «Батыр-паровоз» ескерткішін орнату туралы Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев 2004 жылғы 6-шы тамызда теміржолдың 100-жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтқан болатын. Паровоз Швецияда жасалған. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақ республикаларының магистраль жолдарында пайдаланыста болған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелеріне жүк тасымалдаған.

5 жыл бұрын (2004) Тараздағы Абай атындағы Орталық кітапханада электронды залдың көрсетілімі болып өтті. Электронды залда жаңа компьютерлер, сканерлер, құжаттардың бай электронды коллекциясы бар. Бұл кітапханалық жүйе Қазақстанның Ақпараттық кітапханалар консорциумының мүшесі.

3 жыл бұрын (2006) алғашқы рет Қазақстанда С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында балаларға арналған - «Мұхаммед Пайғамбар» және «Қажы» атты исламның жорамалы мен құндылықтары, әлемнің ең ірі діні туралы Санйаснаин Хан кітабының тұсау кесері өтті. Кітаптар «Расскажи мне о?» сериясында берілген. Олар көптеген елдерде ағылшын,орыс және басқа тілдерде шықты. Кітап бәріне түсінікті тілде жазылған және тамаша көркемделген.

3 жыл бұрын (2006) Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов «Золотой Икар» атты сыйлықтың иегері атанды. Сыйлықты Еуразиялық кеңістікте мәдени байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Далл'арко» Халықаралық мәдени қордың шешімімен қордың вице-президенті Янник Мерсье табыс етті.

ЕСІМДЕР

240 жыл бұрын (1769-1844) орыс жазушысы, ақын, мысалшы, Санкт-Петербор Ғылым Академиясының академигі КРЫЛОВ Иван Андреевич дүниеге келді.

Мәскеу қаласында туған.

Крылов орыс әдебиетінде мысал жанрын биік сатыға көтерді. Өткір де айшықты тілімен, әжуасықағымен ерекшеленетін 200-ден астам мысал жазды. Шығармаларында өмір шындығын терең бейнелеп, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды шенеді. «Рухтар поштасы» сатиралық журнал шығарды. Көптеген пьесалар мен либреттолардың авторы.

Қазақ оқырмандарын Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин («Қарға мен түлкі»), Абай («Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден») таныстырды. А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С.Көбеев «Үлгілі тәржіма» атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді. Крыловтың туындылары «Мысалдар» деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан.

85 жыл бұрын (1924) түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ҚАЙДАР Әбдуәли Туғанбайұлы дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Алматы облысында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет), Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын бітірген.

1954-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының кіші ғылыми қызметкері, шығыстану секторының аға ғылыми қызметкері, ұйғыр филологиясы бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан - Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының құрметті директоры.

Негізгі ғылыми ізденістері қазақ және ұйғыр тілдері және жалпы салыстырмалы түркітану, сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, паремиология мәселелерін зерттеуге арналған. Елдегі тіл саясатына белсенді араласып, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына қатысты елеулі ат салысты.

Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті. Башқұртстан Ғылым Академиясының құрметті академигі. «Известия НАН РК», «Советская тюркология» ғылыми, ғылыми-танымдық журналдарының редакторы, редакциялық алқасының мүшесі. 

3 дәрежелі «Даңқ», екі мәрте «Қызыл Жұлдыз», екі мәрте «Отан соғысы», «Халықтар достығы», «Отан», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен, медальдармен марапатталған.

14 ЖЕЛТОҚСАН, ДҮЙСЕНБІ

Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысушыларына құрмет көрсету күні. Украина Президентінің 2006 жылғы 10-шы қарашадағы Қаулысымен бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) Алматыдағы Республика алаңында Қазақстанның тәуелсіздігін бейнелейтін болашақ ескерткіштің орнына мәрмәрдан аманат тасын қоюға орай митингі болды.

10 жыл бұрын (1999) Астана қаласында «Алпамыс батыр» дастанына - 1000 жыл» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

8 жыл бұрын (2001) Президент Н.Ә.Назарбаевқа Ватиканның ең жоғары марапаты - Пии ордені мен осы орден Рыцарының мақтау қағазы тапсырылды. Табыстау құрметіне Қазақстан Республикасының Апостоль нунциясы Марианн Олесь ие болды.

5 жыл бұрын (2004) Оралда Плясунков көшесінде Ермекқали Серікбаев тұрған 103-ші үйде ескерткіш тақта салтанатты түрде ашылды.

Е.Серікбаев (1914-1998) өз заманында Батыс Қазақстан облысы аудандарының бірқатар ұйымдарын басқарған болатын. 1914 жылы желтоқсанның 13-де бұрынғы Тайпақ ауданында дүниеге келген, педтехникумды бітірген соң 1936-1972 жылдар аралығында облыстық білім саласында қызмет еткен, содан соң Тайпақтағы, Шыңғырлаудағы, Теректідегі, Жымпитыдағы, Қазталовтағы партия органдары мен кеңестерін басқарған. Зейнетке шыққан соң облыстық АХАЖ-дың орынбасары болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ол батарея комиссарынан бастап полктың партбюро хатшысы қызметтерін атқарған. Ерлігі мен көп жылдық еңбегі үшін екі мәрте Қызыл Жұлдыз, ІІ-ші дәрежелі Отан соғысы, Еңбектің Қызыл Ту ордендерімен және көптеген медальдармен марапатталған.

1 жыл бұрын (2008) Ақтөбеде қазақ халқының танымал қоғам қайраткері Байбек ұлы Әйтеке би ескерткіші ашылды. Ескерткіштің ашылу салтанатына Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов қатысты. Ескерткіш қалалық әкімшіліктің алдындағы алаңда орналасқан. Постаментте Әйтеке бидің бейнесі толығымен граниттен жасалған. Ескерткіштің биіктігі 8 метрге дейін жетеді. Монументтің авторы - мүсінші Жеңіс Жұбанқосов.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1939) суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, қазақ анимациялық киносының негізін салушылардың бірі МҰҚАНОВ Флобер Темірғалиұлы дүниеге келді.

Семей қаласында туған.

Алматы көркемсурет училищесін, Москва көркемсурет академиялық театры студиясын бітірген.

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» мультфильмдерді шығарушы топта суретші болды.

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының суретшісі қызметін атқарған. «Майра» (Ә.Тәжібаев), «Шыңғысхан» (Иран Ғайып), «Абай», «Хан Кене» (М.Әуезов), «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Ақан сері - Ақтоқты» (Ғ.Мүсірепов) спектальдерінің сахналық безендіруін жасаған.

Пейзаж жанрында өзіндік қолтаңбасы бар суретші ретінде белгілі. Салған шығармалары мемлекеттік және жеке коллекцияларда сақтаулы.

70 жыл бұрын (1939) бокстан спорт шебері, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Ақтау қаласының құрметті азаматы ДРАЧ Александр дүниеге келді.

Ресейдің Хабаров өлкесінде туған.

Днепропетровск инженерлік-құрылыс институтын бітірген.

1971-1990 жылдары - бокстан жаттықтырушы. 1990 жылдан Маңғышлақ туризм және спорт облыстық басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

А.Қилымов, А.Кушков, Т.Қалимов, М.Жәкиев, Е.Ишекенов, Т.Хитуов сынды белгілі боксерларды баптаған.

«Жауынгерлік ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған.

15 ЖЕЛТОҚСАН, СЕЙСЕНБІ

Украин сот қызметкерлерінің күні. 2000 жылғы 8-ші желтоқсандағы Украин Президентінің Қаулысымен бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (1999) Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігінің стратегиясын бекітті.

4 жыл бұрын (2005) алғашқы рет Қазақстан Республикасының Қарулы күштері тарихында полковник атағын әйел алды, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі Бас клиникалық госпитальдің гинекология бөлімінің бастығы Гүлпарида Байділдаева. Полковниктің медициналық еңбек өтілі 24 жыл. Әскери-медициналық бөлімдерде жұмыс істеген, дәрігермен қамтамасыз ету ұйымында теориялық-практикалық үздік дайындығы бар.

1 жыл бұрын (2008) Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылында Тәуелсіздік монументі ашылды - Алматыда Республика алаңында орналасқан ескерткіштің кішірейтілген көшірмесі.

Ескерткіш мешітпен «Нұрдәулет» сауда орталығының қасында орналасты, Ақтөбелік кәсіпкер Ербол Байжарқыновтың қаражатына ашылды. Постамент мәрмәрдан жасалған, барыстағы алтындалған «алтын адам» денесі металл мен керамикадан жасалған. Ескерткіштің биіктігі 20 метрден асады.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1924-2002) актриса, Қазақстанның халық әртісі БӘКІРОВА Шолпан дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған.

Талдықорған қазақ драма театрының, Қызылорда облыстық қазақ драма театрының актрисасы қызметтерін атқарған.

М.Әуезовтің «Еңлік - Кебегінде» Еңліктің, «Қара қыпшақ Қобыландысында» Көкланның, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш - Баян сұлуында» Баян, «Ақан сері - Ақтоқтысында» Ақтоқты, Ш.Айтматовтың «Ана - Жер-анасында» Толғанайдың, М.Кәрімнің «Ай тұтылған түнінде» Таңқабикенің, У.Шекспирдің «Король Лирінде» Гонерильяның рөлдерін орындаған.

80 жыл бұрын (1929) кескіндемеші, Қазақстанның халық суретшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ЫСМАЙЫЛОВА Гүлфайрус Мәнсүрқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Алматы көркемсурет училищесін, Санкт-Петербор И.Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын бітірген.

Алматы көркемсурет училищесінің оқытушысы, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының бас суретшісі қызметтерін атқарған.

А.Сәтбаевтың «Ақбөпе», Л.Степанов пен Н.Тілендиевтің «Дорога дружбы», С.Мұхамеджановтың «Жұмбақ қыз», Е.Рахмадиевтің «Алпамыс», Е.Брусиловскийдің «Қозы-Көрпеш - Баян сұлу», Дж.Пуччинидің «Богема», «Чио-Чио-сан», Дж.Вердидің «Аида» опералары мен балеттеріне, «Қыз Жібек» фильміне декорациялар жасаған.

«Қазақ вальсі. Шара Жиенқұлованың портреті», «Ғ.Мүсіреповтің «Ақын трагедиясы» пьесасындағы Ақтоқты рөліндегі Шолпан Жандарбекованың портреті», «Қыз Жібек рөліндегі Күләш Байсейітованың портреті», «Халық шебері», «Дина Нүрпейісованың портреті», «Ә.Қастеевтің портреті», «М.Әуезовтің портреті», «С.Мұқановтың портреті» атты көптеген портреттердің, натюрморттардың авторы.

«Тарлан» сыйлығының иегері. «Құрмет белгісі», «Халықтар достығы», «Парасат» ордендерімен марапатталған.

40 жыл бұрын (1969) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары, философия ғылымдарының кандидаты ШОМАНОВ Асқар Жұмабайұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі стратегиялық өңдеу және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың 9 қазанынан.

16 ЖЕЛТОҚСАН, СӘРСЕНБІ

Қазақстан Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1991). 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қойды.

Бахрейн мемлекетінің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1971). Бахрейн, яғни екі теңіз корольдігі Катар мен Сауд Арабиясы аралдарының арасындағы Парсы бұғазының оңтүстік жағын ала орналасқан, 33 аралдан тұратын мемлекет. Тәуелсіздік алғанға дейінгі жүз жылдықта Ұлыбританияның отары болды. Мемлекет басшы - әмір. ХVIII ғасырдың соңынан бастап Бахрейнді Әл-Халифа әулеті басқарып келеді. Негізгі пайда көзі - мұнай. Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы мамырдың 28-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өз резиденциясында ЕуроОдақ Комиссиясының (КЕС) Қазақстандағы тұрақты өкілі Роберт Кремердің сенім грамотасын қабылдады. Елбасы Алматыда ЕуроОдақ өкілдігінің ашылуы Қазақстан мен Еуропа арасындағы экономикалық, саяси байланыстардың дамып, еуропалық серіктестермен сауда-саттық, іскерлік қатынастардың жолға қойылуына едәуір көмек көрсетеді деп атап өтті.

15 жыл бұрын (1994) Ақын Мұхтар Шахановқа «Қырғыз Республикасының ел ақыны» атағы берілді.

13 жыл бұрын (1996) Алматыда Республика алаңында Тәуелсіздік монументі салтанатты түрде ашылды. Комплекс өзін көркемдік туындыларымен, сәулеттің синтез жасаушыларымен, мүсінмен, мәдениет пен мемлекеттік, танымал ғылым қайраткерлерінің нақыл сөздерінің мәтінімен көрсетеді. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген сәулетшісі Шота Уәлихановтың басшылығымен сәулетшілердің авторлық тобы қар басқан көркем көріністі алаңның композициясында толығымен пайдаланды. Композицияның орталығы тік тұрған көркем стела, бедерлі манғышлақ құлпытастарын еске түсіреді, биіктігі 28 метр.

13 жыл бұрын (1996) «Анкара» бесжұлдызды қонақ үйі салтанатты түрде ашылды. Ашылу салтанатында Қазақстан мен Турция Президенттері қатысты.

12 жыл бұрын (1997) Қазақстанның Ұлттық банкі ұлы жазушы М.Әуезовтің 100-жылдығына арналған құны 20 теңгелі металл естелік шақаларын айналымға шығарды.

5 жыл бұрын (2004) Семейде қазақ халқының танымал ұлы, туған жерінің тәуелсіздігі үшін күрескен Қабанбай батырдың ескерткіші салтанатты түрде ашылды.

3 жыл бұрын (2006) Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Жалпақтал ауылында өткен ғасырдың қырқыншы жылдары жұмыс атқарған «Қазақ халқын құтқару ұйымы» («Союз спасения казахского народа») атты жастар ұйымын құрушылардың аты жазылған ескерткіш тақта ашылды.

Қозғалыстың 14 белсенді жастарының аты жазылған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатында туыстары мен жақындары қатысты. Одақтың басқарушысы Ғұбайдолла Әнесов 1941 жылы желтоқсанда тұтқындалып, ату жазасына кесілген, қалған қатысушылары ұзақ мерзімге түрмеге қамалды. Жалпақтал көшелерінің біріне Ғ.Әнесовтың аты берілді.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1914-1986) филология ғылымдарының докторы, профессор САЙКИЕВ Халаби Мұхитұлы дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданында туған.

Орал А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет).

1946-1961 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы, проректоры, факультет деканы, Қазақстан Ғылым академиясының Тіл және әдебиеті институтының директоры. 1962-1986 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің орыс тілі кафедрасының меңгерушісі.

Ғалым орыс, қазақ тілдерін салыстыра, орыс тілінің граматикасын зерттеді. Орта және жоғары оқу орындарына арналған орыс тілі оқулықтарының авторы.

80 жыл бұрын (1929) әнші, КСРО және Қазақстан халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері ТӨЛЕГЕНОВА Бибигүл Ахметқызы дүниеге келді.

Семей қаласында туған.

Алматы мемлекеттік консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1951-1971 жылдары - Қазақ радиосының, Қазақ мемлекеттік филармониясының әнші-солисі. 1971-1979 жылдары - Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әнші-солисі. 1979 жылдан - Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы вокал кафедрасының профессоры.

Әншінің репертуарында қазақтың халық әндері, Қазақстан композиторларының шығармалары бар. Өзінің концерттік-орындаушылық өнерін шеберліктің жоғары сатысына көтеріп, классикалық дәрежеге жеткізді. Қазақ опера өнеріне де елеулі үлес қосты. Таңдаулы партиялары: Жібек (Е.Брусиловский «Қыз Жібек»), Қарлығаш (А.Жұбанов және Л.Хамиди «Абай»), Гүлбаршын (Е.Рахмадиев «Алпамыс»), Джильда, Виолетта (Дж.Верди «Риголетто», «Травиата»).

Ол «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Бұл Шұғылада болған еді», «Тақиялы періште» фильмдерінде өз замандастырының тұлғасын жасады.

Гастрольдік сапармен Канадада, Францияда, АҚШ-та, Италияда, Швецияда, Египетте, Алжирде, Сирияда, Үндістанда болды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 7-9-шақырылымдарының депутаты.

Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған. Астана қаласының құрметті азаматы. 

17 ЖЕЛТОҚСАН, БЕЙСЕНБІ

1430 хижра жылының 1-ші мұхаррамы - 1430 хижра жылының басталуы (мұсылман жыл санау бойынша). Хижра күнтізбесі бойынша 1430 жылдың бірінші күні

Желтоқсан құрбандарын еске алу күні. Қазақ халқының азаматтық және саяси позициясын айқын аңғарта білген, 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы қанды қырғында опат болған жастардың әруағына сыйынып, құран оқылады.

ОҚИҒАЛАР

90 жыл бұрын (1919) Орынбор қаласында «Ұшқын» газетінің алғашқы саны жарық көрді. Ол қазір «Егемен Қазақстан» деп аталады. Өзінің алғашқы нөмірінен-ақ басылым қазақ халқын халықаралық және еліміздің ішкі жағдайларының аса маңызды оқиғаларымен таныстырып отырды. Сол кезден бері газет атын сегіз рет өзгертті.

10 жыл бұрын (1999) Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барды. Онда БҰҰ бас хатшысы К.Аннан мырзамен және Бүкілдүниежүзілік еврей конгресінің президенті Э.Бронфманмен кездесті.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1894-1938) отандық тіл білімі көшбасшыларының бірі, ғалым-педагог, әдіскер, әдебиетші, сыншы, тарихшы, аудармашы, қоғам қайраткері ШОНАНҰЛЫ Телжан дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданында туған.

Екі сыныптық Ырғыз орыс-қазақ училищесін, Орынбор қырғыз (қазақ) мұғалімдер институтын, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық институтын бітірген.

1917 жылы Алашорда үкіметінің А.Байтұрсынов басшылық еткен Оқу комиссиясына сайланған. Мұғалім, Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушысы, доценті қызметтерін атқарған.

30-дан астам оқулықтың авторы. «Жаңалық», «Сауаттан», «Колхоз ауылы», «Оқу құралы» (А.Байтұрсыновпен бірге), «Тіл дамыту», «Қазақ тілінің оқу құралы», т.б. латын әрпі, татар, ұйғыр, түрік тілдері жайлы зерттеу еңбектері бар. «Қазақ жер мәселесінің тарихы» (1926) атты Ташкентте басылған кітабында қазақ жерін отарлаудың 200 жылдық тарихы талданған.

1994 жылы Ақтөбеде құрылған Т.Шонанұлы атындағы мейірімділік қоры ғалым мұрасын іздестірумен, зерттеумен айналысады.

55 жыл бұрын (1954) педагогика ғылымдарының докторы, математика профессоры, Жоғары мектеп ғылымдары Халықаралық Академиясының академигі, Қазақ спорт және туризм академиясының ректоры ЗАКИРЬЯНОВ Қайрат Хайруллинович дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1993-1995 жылдары - Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, облыс әкімінің орынбасары. 1995-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі. Қазіргі қызметінде - 1998 жылдан.

АҚШ-тағы Иллинойск университетінің құрметті профессоры. Қазақстан университеттері Ұлттық спорт одағының президенті, Еуропа мен Азиядағы спорт жоғарғы оқу орындары қауымдастығының бірінші вице-президенті.

18 ЖЕЛТОҚСАН, ЖҰМА

Көші-қонның халықаралық күні. ЭКОСОС-тың ұсынысы бойынша 2000 жылғы желтоқсанның 18-де БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен. 1990 жылғы желтоқсанның 18-де барлық еңбек етіп жүрген оралмандарды және олардың отбасын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданды.

ОҚИҒАЛАР

17 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасының «Семей полигонындағы ядролық сынақтан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңы қабылданды.

6 жыл бұрын (2003) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандағы өлім жазасына мораторий енгізу туралы» Қаулыға қол қойды.

1 жыл бұрын (2008) Қарағандыда танымал ғалым, Қарағанды мемлекеттік политехникалық институтын көп жылдары бойы басқарған Әбілқас Сағыновқа арналған ескерткіш тақта ашылды. Ескерткіш екінші оқу корпусының ғимаратында орнатылған, мұнда Ә.Сағынов отыз жылдан астам оқытушы қызметінде жұмыс атқарды.

ЕСІМДЕР

140 жыл бұрын (1869-1919) қоғам қайраткері, Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату жолында күрескендердің бірі МАЙКӨТОВ Әділбек дүниеге келді.

Атбасар уезінің Сарышой ауылында (қазіргі Ақмола облысы) туған.

1887 жылы орыс-қазақ училищесін бітірген. Арнайы білімді Омбының фельдшерлік мектебінде алды. Атбасарда дәрігерлік қызмет атқара жүріп, қоғамдық саяси өмірге де белсене араласты.

1905 жылдан бастап Петропавлдағы социал-демократтар ұйымымен байланыста болды. 1905-1907 жылдары Атбасар жұмысшыларының ереуілін ұйымдастыруда белсенділік танытқан. 1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде қазақ жастарын тыл жұмыстарына тартуға қарсы шығып, Ұлытау өңірінде қарулы жасақтар ұйымдастырады. 1916 жылы жергілікті өкімет орындары Әділбек Майкөтовті тұтқындап, түрмеге жабады. 1917 жылы ақпан көтерілісінің нәтижесінде бостандыққа шыққан.

Ол Қазан көтерілісінен кейін большевиктер партиясына мүше болып, халық арасында үгіт-насихат жүргізді. 1918 жылы ақпанда Атбасар уездік кеңестерінің съезінде уездік атқару комитетінің құрамына сайланған. Атбасар уездік кеңесі төрағасының орынбасары, денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі және қазақ бөлімі жұмысына жауапты қызметкер болған.

1918 жылы Атбасарда кеңес билігі құлағаннан кейін астыртын жағдайда Уақытша Сібір үкіметіне, Алашорда бөлімдеріне, кейін Колчак диктатурасына қарсы күрестер жүргізді. Атбасар өңірінде партизандар жасақтарын ұйымдастыруға атсалысқан. 1919 жылы қаңтарда тұтқындалып, Колчак үкіметінің Атбасар уездік төтенше комиссиясының шешімімен ату жазасына кесілді.

Атбасар қаласында қоғам қайраткері Әділбек Майкөтовке ескерткіш орнатылған. Астана, Атбасар қалаларында Ә.Майкөтов атындағы көшелер бар.

75 жыл бұрын (1934) қазақстандық сәулетші, Қазақстанның еңбек сіңірген әрі құрметті сәулетшісі МОРДВИНЦЕВ Станислав Ильич дүниеге келді.

«Қарағандықалаауылжоба» институтының бас сәулетшісі. Ұзақ уақыт Қазақстан Сәулетшілер одағының Қарағанды облыстық бөлімшесінің төрағасы болды.

С.Мордвинцевтің жобасы бойынша ҚарМУ мен Қарағандының орталық алаңындағы Облыстық кәсіподақ кеңесінің ғимараты, «Степной» тәжірибелік шағын ауданы, «Шайбұлақ» емдеу-сауықтыру орны салынды.

Қарағанды қаласының жаңа бас жобасын дайындағаны үшін Мемлекеттік сыйлыққа ие болды.

65 жыл бұрын (1944) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты - Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі ӘБДІКӘРІМОВ Оралбай дүниеге келді.

Қарағанды облысы Нұра ауданында туған.

Қарағанды мемлекеттік университетін, Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

Қарағанды қалалық халықтық бақылау комитетінде, партия органдарында, республикалық басқару органдарында мемлекеттік қызметте, Президент Аппараты басшысының орынбасары - ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы, Қазақстан Республикасы Жоғары тәртіптік кеңесінің төрағасы, сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Мемлекеттік комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет істеген.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің он екінші шақырылымының депутаты.

1999 жылғы қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты болып тағайындалған. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы болып сайланған.

II дәрежелі «Барыс», ТМД ПАА-ның «Содружество» ордендерімен, сегіз медальмен марапатталған.

19 ЖЕЛТОҚСАН, СЕНБІ

Энергетик күні. Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қарашаның 20-дағы Жарлығына сәйкес атап өтіледі.

 

Жарлы-жақыбайларға көмек көрсетудің халықаралық күні. Айналасындағы тұрмысы нашар жандарға ат үсті қарамайтын барлық адамдар осы міндетті атқарады.

ОҚИҒАЛАР

78 жыл бұрын (1931) Қарағандыдан 45 шақырым жердегі Долинка ауылында еңбекпен-түзейтін лагері құрылды. Қарлагтың басты міндеті - тұтқындардың тегін еңбектерін Орталық Қазақстандағы дамып келе жатқан көмір-металл өнеркәсіптері: Қарағанды көмір бассейні, Жезқазған мен Балқаштағы мыс қорытатын комбинаттарына азық-түлік базасын құру мақсатында пайдалану болды. Жергілікті тұрғындардың қоныс аударуына мәжбүр еткен соң бос жерлерге есепсіз тұтқындар колониялары орналастырылды. Олар темір жол, тұтқындарға арналған барактарды, сиырлар тұратын орындарды, әскериленген күзетке арналған казармалар, басқарушылардың үйлерін салды. Лагердің бар болған кезеңінде онда 1 миллионнан астам тұтқындар болды. Тұтқындар Ұлы Отан соғысы кезінде елдің әскери экономикасына өздерінің үлкен үлесін қосты. Мұнда ұлы ғалымдар өз мерзімдерін өткізді, артынан Қарағандының ұжымдары мен оқыту мекемелерінде ғылыми зерттеулер негізін қалады. Қарлагта ерекше мәдени мұра қалдырған еліміздің және шетелдің жүздеген өнер қайраткерлері болды.Уақыт өткен соң Қарлаг қылмыскерлерге арналған лагерь болып қалды. Лагерь 1959 жылы таратылды.

18 жыл бұрын (1991) алғашқы пунктінде «КСРО одақтық-республикалық органы Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитетінің республикамыздағы құқықтық мирасқоры болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Қауіпсіздік Комитеті деп танылсын» деп көрсетілген Министрлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті туралы» Қаулысына қол қойылды. Бұл егеменді мемлекеттің қауіпсіздік органдары жүйесінің құрылуының алғашқы қадамы болды.

13 жыл бұрын (1996) Қазақстан тарихында алғашқы соттар сьезі өтті. Сьезде сот жүйесінің құрылуы мен жұмыс жасау сұрақтары талқыланды. Республиканың Соттар одағы құрылды және Соттар этикасы кодексі қабылданды.

 

12 жыл бұрын (1997) Түркия астанасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті.

ЕСІМДЕР

110 жыл бұрын (1899-1938) қазақ тілі білімінің негізін қалаушылардың бірі, түрктанушы, педагог-ағартушы, профессор ЖҰБАНОВ Құдайберген Қуанұлы дүниеге келді.

Ақтөбе облысы Темір ауданында туған.

Електегі (Орынбор облысы) екі кластық орыс училищесін, Орынбордағы «Хусайния» медресесін, Санкт-Петербор Шығыстану институтының толық курсын, КСРО Ғылым академиясы Тіл білімі институты аспирантурасын бітірген.

Темір қаласындағы уездік оқу бөлімінің, Ақтөбе губерниялық оқу бөлімінде нұсқаушы-әдіскер және педтехникумының оқытушысы, Қазақ КСР Оқу халық комиссариатының ғылыми және оқу-әдістеме кеңесінің төрағасы, Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты қазақ тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, КСРО Ғылым академиясының Қазақстан бөлімшесінің сектор меңгерушісі, мемлекеттік Терминком төрағасы қызметтерін атқарған.

Жұбановтың тіл білімі бойынша жазған еңбектері қазақ әліпбиі мен орфографиясы мәселелеріне арналған. «Көмекші етістіктер мен күрделі етістіктер», «Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің жасалуы», «Қазақ тілінің ғылыми грамматикасының материалдары», «Фонетика», «Қазақ тілінің ғылыми курсы жөнінен лекциялар», «Қазақ тілі фонетикасының тарихын зерттеуге кіріспе», «Қазақ сөйлеміндегі сөздердің орын тәртібі», «Жаңа грамматиканың жаңалықтары жайынан», «Буын жігін қалай ажыратуға болады», т.б. еңбектері - қазақ тіл білімі теориясын жасау және оны дамытуға қосылған үлкен үлес. Латын әліпбиіне негізделген қазақ орфографиясын жасауға қатысты. «Термин сөздердің өзіндік ерекшеліктері», «Қазақ әдеби тіл терминологиясының мәселелері» атты еңбектер жазды.

Республика халық ағарту комиссариатының коллегия мүшесі, КСРО ҒА Қазақстан бөлімшесі төралқасының, бірнеше ғылыми кеңестер мен қоғамдардың мүшесі болған.

Халық ағарту ісіндегі еңбегі үшін «Қазақстанның 15 жылдығы» белгісімен марапатталған. 1938 жылы «халық жауы» деген жаламен атылып, 1957 жылы КСРО Жоғарғы Соты Соғыс коллегиясының үкімімен ақталды.

20 ЖЕЛТОҚСАН, ЖЕКСЕНБІ

Халықаралық адамдар ынтымақтастығының күні. БҰҰ Бас Ассамблеясының кедейлікті жою үшін күрес жөніндегі БҰҰ-ның бірінші Онжылдығын өткізуге арналған қарарында жарияланған. 2006 жылдан бастап жыл сайын 20-шы желтоқсанда аталып өтеді.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының үлкен залында Орта Азияның көрнекті ғалымы Ұлықбек Мұхаммед Тарағайдың 600 жылдығына (1394-1449) арналған ғылыми конференция болып өтті.

3 жыл бұрын (2006) Румыния астанасында Бухарест Университеті, Экологиялық университеті және Спиру Харет А.Караджи атындағы университеті профессорының «Қазақстан - Орталық Азияның барысы» атты кітабы жарық көрді. Кітап, «Михай Эминеску» халықаралық баспа қорымен Қазақстан Республикасының Бухарестегі дипломатикалық миссиясы көмегімен басып шығарылды, кітапта біздің елдің туристік назар аударатын жерлері туралы жалпы ақпарат бар.

3 жыл бұрын (2006) Астанада Қазақстан Республикасындағы Ұлыбритания елшілігі ресми түрде ашылды.

3 жыл бұрын (2006) Алматыда олимпиада чемпионы Бекзат Саттарханов туралы кітаптың ашылу салтанатты өтті.

Бекзат Саттарханов (1980-2000) - 2000 жылғы Сиднейдегі Олимпиада ойындарының чемпионы, «Барыс» орденінің бірінші дәрежедегі кавалері. Кітап «Қазығұрт» баспасында басылып шыққан, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жазылған. Отбасылық мұрағаттан алынған суреттер және көптеген спорт журналистерінің фото суреттері пайдаланған. Фотоальбом чемпионның спорттағы «шыңға жеткен» жеңістері хроникаларынан басталады. Кітаптың тиражы - 3000 дана.

1 жыл бұрын (2008) Қазақстандағы балалар хирургиясының негізін қалаушы, балалар хирургиясы мен педиатрия институтының директоры, медициналық ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының академигі Қамал Ормантаевқа «Қызылорда облысының құрметті азаматы» атағы берілді.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1914-1979) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, актер ТҰРСЫНОВ Жүсіпбек дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Павлодар облысында туған.

1937-1951 жылдары Ақтөбе мен Жамбыл облыстық драма театрларында қызмет еткен. 1952 жылдан - Шымкент облыстық драма театрының актері.

Махамбет (М.Ақынжановтың «Исатай-Махамбет»), Жантық, Жағыпар (Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» және «Амангелді»), Арыстан, Көбей, Керім (М.Әуезовтің «Айман-Шолпан» және «Еңлік-Кебек», М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай»), Боқай (С.Адамбековтің «Біздің үйдің жұлдыздары»), Базарбай (Ә.Ордабаев пен Қ.Шаниннің «Сенім күші»), Қатай (С.Жүнісовтің «Ажар мен ажал»), Қарасай (Б.Майлиннің «Шұға»), Әли (Р.Ғамзатовтың «Тау қызы»), Подколесин (Н.Гогольдің «Үйлену») сияқты күрделі де қиын образдарды сомдады.

Қызыл Жұлдыз орденімен және медальдармен марапатталған.

85 жыл бұрын (1924-1975) ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор БЕРЖАНОВ Қартбай Бекемұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған.

Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының оқытушысы, доценті, проректоры, Алматы облыстық білім беру бөлімінің меңгерушісі, Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарған.

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты - революцияға дейінгі Қазақстандағы оқу-ағарту ісі мен жаңа кезеңдегі (1917-1941) Қазақстан мұғалімдерінің қоғамдық, мәдени-ағарту қызметі. «Педагогика тарихы» атты жоғарғы оқу орындарына арналған қазақ тіліндегі тұңғыш оқулықтың авторы.

21 ЖЕЛТОҚСАН, ДҮЙСЕНБІ

Түрікменстанның алғашқы президенті Сапармұрат Ниязовты еске алу күні. С.Ниязов 2006 жылғы 21-ші желтоқсанда жүрек ұстамасынан қайтыс болған.

Сөз жұмбақтың туған күні. Алғашқы сөз жұмбақты құрастырушы Ливерпульдан Нью-Йоркке қоныс аударған журналист Артур Уинн болған. Уинннің ойлап тапқаны отандастарына ұнамады. Автор өзінің 32 сөзден тұратын сөз жұмбағын «Нью-Йорк уорлд» газетіне жіберіп, ол 1913 жылғы желтоқсанның 21-де басып шығарылды.

Нидерландыда Қасиетті Томастың күні. Желтоқсанның 21-і - жылдың ең қысқа және ең қараңғы күні атап өтіледі. Бұл күн Рождество демалыстары алдындағы мектептегі сабақтардың соңғы күні болып табылады.

ОҚИҒАЛАР

16 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Қаулысымен «Алтын Жұлдыз», «Халық қаһарманы» атағы, ордендер, медальдар, және басқа мемлекеттік сыйлықтар белгілерінің бейнелері бекітілді. «Халық Қаһарманы» атағы - Қазақстан Республикасының «Алтын Қыран» орденімен - айрықша ерекшеліктің жоғарғы дәрежесі белгісімен бірдей айрықша ерекшеліктің жоғарғы дәрежесі. Бұл орденмен тек қана Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша «Алтын қыран» орденінің ерекше түрінің кавалері атанады. «Халық қаһарманы» атағын алған адамдарға Алтын жұлдыз ерекше белгісі және «Отан» ордені беріледі. «Отан» ордені - Қазақстан республикасының жоғарғы ордендерінің бірі. «Отан» орденімен мемлекеттік және қоғам қызметтерінде: экономиканы дамытуда, әлеуметтік салада, ғылым мен мәдениетте, құқық қорғау және әскери қызметінде, демократия мен әлеуметтік саланы дамытуда ерекше еңбектері үшін марапаталады.

14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қаулысымен Израиль мемлекетінде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

5 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімшілігі жаңа ғимаратының ашылу салтанатында қатысты. Әкімшіліктің ғимараты қаланың орталығында Әуезов пен Бөкейхан көшелерімен қиылысатын Кеңесары көшесінде орналасқан. Жаңа ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Кувейт қорының қаражатына салынды.

4 жыл бұрын (2005) Ақмола облысы Ерейментау қаласында қазақтың танымал батыры - Қанжығалы Бөгенбай батырдың мұражайы ашылды. Батыр XVIII ғасырдың бірінші жартысында жоңғарлармен күрес жылдары дарынды әскери басқарушы болған. Мұражайға келушілердің назарына жарты мыңнан астам экспонаттар көрмеге қойылған.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1929-2002) құрметті спорт шебері, республикамыздың он дүркін чемпионы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы УЛЬЯНОВ Степан Иванович дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған.

КСРО чемпионатының және ІІ КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері. Теміржолшылар арасында өткен жарыстардың чемпионы.

Ульянов екі қолымен көтеру жаттығуында 12 мәрте КСРО рекордтарын және 6 мәрте әлем рекордтарын жаңғыртты.

Жаттықтырушысы - А.Костин.

45 жыл бұрын (1964) Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы басқармасының бастығы ДҮЗЕЛБАЕВ Бақтыбай Жексенбайұлы дүниеге келді.

Атырау облысында туған.

Алматы сәулет-құрылыс институтын бітірген.

Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы департаментінің директоры қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың 23 сәуірінен.

22 ЖЕЛТОҚСАН, СЕЙСЕНБІ

Дунчжицзе қыс күндерінің тоқырау мейрамы. Жыл сайын қыстағы күнің тоқырау күні желтоқсанның 21-і мен 22-і аралығына келеді. Қыстағы күнің тоқырау күні жылдың ең қысқа күні және ең ұзақ түні болып есептеледі. Ежелгі Қытайда осы уақыттан бастап табиғаттың «еркектік күші» көтеріледі және жаңа кезең басталады деп есептелген. Сондықтан қыстағы күнің тоқырауы ең бақытты күн және тойлауға лайықты мейрам деп саналады.

ОҚИҒАЛАР

10 жыл бұрын (1999) Алматыда белгілі ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетов өмір сүрген үйінің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды. Академик Е.Бөкетов (1925-1983) 9 ғылыми монография жариялады. Шәкірттері дайындаған 14 монографияға басшылық етті. Өз пікірлестерімен бірігіп, 242 ғылыми еңбек жазып шықты. 100 авторлық куәлігі бар. Кейбір жаңалықтарына АҚШ, Франция, Англия, Канада, Австралия, Италия, Германия мен Жапонияда патент алды. Бұл жаңалықтар әлі де өз пайдасын алып келуде.

1 жыл бұрын (2008) Қызылордада ТМД елдерінде баламасы жоқ күріш кеспесін өндіретін зауыт ашылды. Кеспені өндіру кезінде күріштің барлық түрі пайдаланады. Өнім Америка мен Еуропа елдерінде жоғары сұраныста.

1 жыл бұрын (2008) Оралдағы Д.Қонаев атындағы ықшамауданда Кеңес Одағының Батыры Михаил Абдоловқа ескерткіш тақтасы орнатылды. М.Абдолов (1918-2006) барлаушы болып қызмет атқарды, Волгадан Берлинге дейін соғысқа қатысқан.

5 жыл бұрын (2004) Өзбекстанда Брайл әрпімен терілген Құран басып шығарылды. Бұл кітап көзі көрмейтін және көзі нашар көретін адамдарға мұсылмандардың қасиетті кітабының уағыздарын оқуға мүмкіндік береді.

ЕСІМДЕР

150 жыл бұрын (1859-1919) Алаш қозғалысының көрнекті қайраткері ҚҰЛМАНОВ Бақтыгерей дүниеге келді.

Жәңгір мектебін, Санкт-Петербургтегі Император университетінің Шығыс факультетін тәмамдаған. 1887 жылы ғылым кандидаты атағын алып, көп уақыт Бакудегі түрлі сайланбалы жауапты жұмыстарда болды.

Б.Құлманов 1906-1907 жылдары І Мемлекеттік және ІІ Мемлекеттік Думаларға Ішкі орда қазақтарынан депутат болып сайланып, мұсылман фракциясын басқарған. 1917 жылғы сәуірдің 23-нен желтоқсанның 2-не дейін Бөкей ордасындағы уақытша үкіметтің комиссары болды. 1917 жылғы желтоқсанның 3-7 аралығында Орынборда өткен жалпықазақ съезінде президиум басқарып, Алашорда үкіметінің төрағалығына Ә.Бөкейхановпен бірге ұсынылды.

45 жыл бұрын (1964) мемлекеттік 3-сыныпты әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы АХМЕТЖАНОВ Марат Мұратұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Павлодар, Оңтүстік-Қазақстан облыстарының прокуроры қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2009 жылдың 3 қыркүйегінен.

45 жыл бұрын (1964) Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы ҚЫСТАУБАЕВА Әсия Баянқызы дүниеге келді.

Атырау облысында туған.

Гурьев педагогика институтын (Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті) бітірген.

Облыс әкімі аппараты басшысының ұйымдастыру-бақылау және кадр мәселесі жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Аталған қызметінде - 2008 жылдың 10 маусымынан.

23 ЖЕЛТОҚСАН, СӘРСЕНБІ

Жапонияның мемлекеттік мейрамы - Императордың туған күні. 1933 жылы Жапонияның 125-ші императоры Акихито дүниеге келді. Оның туған күні өз елінде ұлттық мереке болып табылады. Акихито әкесі Хирохито қайтыс болғаннан кейін 1989 жылғы қаңтардың 7-інде таққа отырды. Сол кезден бастап, жапондықтардың Хэйсэй деп аталатын жаңа жыл санау кезеңі басталды. Акихито 14 жасынан ел басқару ісімен айналысып келеді.

Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қаңтардың 26-да орнатылды.

Швеция корольдігінің Ұлттық мейрамы - королева Сильвияның туған күні. 1943 жылы Швеция королевасы Сильвия дүниеге келді. Королева Сильвия жұмысқа жарамсыз мүгедектерге қол ұшын беру ісмен айналысып жүр. Ол - мүгедек балалар ойындары мен спорты саласын зерттеу ісін қолдайтын Король қайырымдылық қорының төрайымы. Мүгедек балаларды спортпен айналысуға жетелейтін швед, ағылшын, неміс және испан тілінде жарық көрген «Дегеніңе жет» атты кітаптың шығуына тікелей басшылық жасады және демеушісі болды. Құлағы нашар еститін жандармен тілдесу үшін королева саңыраулардың тілін үйренді. Сильвия ханым - мүгедектердің олимпиадалық ойындарының тұрақты қонағына айналды.

Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы сәуірдің 7-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) Бішкекте Қазақстан Республикасының елшілігі ресми түрде ашылды.

15 жыл бұрын (1994) Алматы қалалық №12 қазақ орта мектебіне қазақтың белгілі ағартушысы Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

4 жыл бұрын (2005) Байқоңырда «Байқоңыр» космодром жобасының алғашқы жетекшісі Алексей Ниточкинге арналған ескерткіш тақтаның ашылу салтанатты өтті.

1 жыл бұрын (2008) Маңғыстау облысында «Өзен - Жетпісбай» кесіндіде орналасқан «Өзен - Ақтау» магистральді газ құбырының резервті тармағы ашылды. Жобаның мақсаты - тұтынушыларға үздіксіз «көгілдір» отынды жеткізу және аймақтағы газды өндірудің жоғарылауына байланысты тасымалдау жүйесін жақсарту. Жаңа тармақ басты құбырда техникалық ақаулар болған жағдайларда аймақты газбен қамтамасыз етеді.

ЕСІМДЕР

120 жыл бұрын (1889-1937) Алашорда үкіметінің Батыс бөлімшесінің мүшесі және белсенді қайраткері ЖАНҚАДАМОВ Бижан (Бижанғали) Әбілқасымұлы дүниеге келді.

Б.Жанқадамов 1916 жылы қазақтан майдандағы тыл жұмысына адам алуды тоқтату жөніндегі Жайық сырты қазақтары делегациясы құрамында Петроградқа барды. Сол жылы қазан айында Қазан қаласында оқитын бір топ қазақ студенттерінің қатарында майдандағы тыл жұмысына алынғандарға, олардың үй-ішіне көмектесу жөнінде «Қазақ» газетіне хат жазды. 1917 жылы наурыз айында Ә.Бөкейхановтың шақыруымен қазақ оқығандары тобында Батыс майданға келіп, жігіттерді елге жеткізу ісін ұйымдастырды. 1917 жылы күзде ел ішіндегі ықпалды адамдардың ұсынуымен Жымпиты уездік земство басқармасы төрағалығына Жәленовпен баламалы негізде шарға (сайлау) түсіп, басым дауыспен төраға болды. Ол Земство жүйесін бірден-бір жергілікті билік органы деп біліп, оның демократтық негізде жұмыс істеп, халық шаруашылығы міндеттерін толықтай атқаруына күш жұмсады. М.Шоқай, Х.Досмұхамедов, И.Қашқынбаев, Б.Қаратаевтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, Алашорданың үкімет ретінде танылуына зор үлес қосты. 1937 жылы сәуірдің 10-ында «белсенді алашордашы, халық жауы» ретінде тұтқындалды. Жауап алу кезінде Ж.Досмұхамедовты құрметтейтінін, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың талантына бас иетінін тайсалмай айтып, Батыс Алашорда құрамында болғанын жасырмағаны үшін 1937 жылғы желтоқсанның 2-де атылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты коллегиясының 1992 жылғы қыркүйектің 16-дағы ұйғарымымен ақталды.

105 жыл бұрын (1904-1945) композитор, домбырашы КӨШЕКБАЕВ Смағұл дүниеге келді.

Атырау облысы Теңіз ауданында туған.

Құрманғазының күйлері мен Мұхиттың әндерін орындаушы.

1936 жылдан Жамбыл атындағы мемлекеттік филармонияда қызмет етті.

Құрманғазының «Ертең кетем», «Лаушкен», «Повестка» күйлерін Е.Г. Брусиловскийге нотаға түсіртті. «Майданға», «Жас достар», «Май гүлі», т.б. ән-романстардың авторы. 1939 жылы Шымкент қорғасын зауытында, 1941 жылы Ащысайда (Оңтүстік Қазақстан облысы) халық аспаптар оркестрін құрды.

Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

85 жыл бұрын (1924) суретші, кескіндемеші, акварелші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері ӘЖИЕВ Үкі Әжиұлы дүниеге келді.

Ұлы Отан соғысына қатысқан.

Алматы облысы Қаскелең ауданында туған.

Н.В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.

Шығармашылығы Қазақстанның бейнелеу өнерінде елеулі орын алады. Республикадағы сурет көрмесінің бәріне белсене қатысты. Англия, Гана, Нигерияда болып, қала көрінісінің бірнеше картиналарын жазды. Суретшінің «Бұқара», «Самарқан» серияларына енген «Хиуа көшесі», «Шайханада», «Хиуа 1968 жылы» деген шығармалары ерекше көзге түсті. Мұнда Әжиев Шығыс қалаларының көріністері мен халықтың жарқын тұрмысын шынайы бейнеледі. Туған жер табиғатын танытатын «Асы жайлауы», «Алатау бөктерінде» атты шығармалары шыншылдығымен, нақтылығымен құндылы. Портрет жанрында да көп еңбек етті. «М. Әуезовтың портреті», «Студент қыз», «Механизатор» сияқты портреттер суретші дарынының жан-жақтылығын танытады.

Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері. Бірнеше медальдармен марапатталған.

24 ЖЕЛТОҚСАН, БЕЙСЕНБІ

Сочельник (католиктік мейрам). Батыс елінде Сочельник мерекесін Әулие Иса пайғамбардың туған күні қарсаңында тойлайды. Дәстүрге сай, әрдайым осы күні, Иса туылған жер - Вифлеемде мерекелік шеру өтеді. Түн ортасы ауғанда шіркеуде месса басталады. Месса - Ватиканда өтетін ең салтанатты қызмет түрі.

Албания Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні (1924). Бұл ел 1912 жылғы қыркүйектің 28-де тәуелсіздігін алды. 1946 жылғы қаңтардың 11-де Албания халықтық республика болып жарияланды. 1976 жылғы Конституцияға сәйкес, Албания Халықтық Социалистік Республика деп атын өзгертті.

Қазақстан Республикасымен дипломатиялық қарым-қатынас 1993 жылғы қыркүйектің 21-де орнатылды.

ОҚИҒАЛАР

65 жыл бұрын (1944) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің М.Әуезов либреттосына жазылған «Абай» операсы алғаш рет қойылды. Бұл опера театр репертуарынан орнықты орын алған қазақ композиторларының алғашқы шығармасы. Басты рөлді Ришат Абдуллин сомдаған «Абай» операсы Мәскеу, Ленинград, Берлин, Дрезден, Лейпциг, Ташкент, Ярославль театр сахналарында қойылды.

10 жыл бұрын (1999) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығына сәйкес сол кездегі «Отан» партиясы төрағасының міндетін атқарушы С.А.Терещенко мен Армян мәдени орталығы төрағасының орынбасары Э.А.Тер-Погосян Бейбітшілік және рухани келісім президенттік сыйлығының лауреаты атанды.

7 жыл бұрын (2002) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевқа Бейжің университетінің Құрметті докторы ғылыми атағы берілді.

5 жыл бұрын (2004) Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығы аумағында орналасқан Қазақстан Республикасы Президентінің Резиденциясы ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатына елорданың барлық ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері мен құрметті ақсақалдар қатысты. Қазақстан Республикасының Президенті Резиденцияның ашылу салтанатында жаңа ғимаратты «Ақ Орда» деп атады. Резиденция 2001 жылы қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36720 кв.м. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 метр.

ЕСІМДЕР

70 жыл бұрын (1939-1999) ақын ОРАЗАЕВ Совет дүниеге келді.

Алматы облысында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Аудандық және облыстық газет редакцияларының, Қазақстан Жазушылар одағының көркем әдебиетті насихаттау бюросының, Жезқазған облысы Ақадыр аудандық «Ақадыр таңы» газетінің қызметкері болған.

Өлеңдері бірнеше рет ұжымдық жинақтарға енген. «Дала дауысы», «Шырқау биік», «Өлеңім - өзім» атты жыр жинақтарының авторы.

25 ЖЕЛТОҚСАН, ЖҰМА

Рождество. Еуропада Рождество мерекесі Әулие Николаус күні, яғни желтоқсанның 6-да басталып, қаңтардың 6-да аяқталады. Еуропаның көптеген елдерінде бұл мереке - нағыз отбасылық мейрам болып саналады. Рождествоны тойлау екі-үш күнге созылады да дәстүрлі бірінші жұлдыз жанған сәтте кешкі асқа отырудан басталады.

ОҚИҒАЛАР

30 жыл бұрын (1979) «Тараздың көне ескерткіштері» атты мемлекеттік мұражай-қорығы құрылды. Мұражайдың құрамына көне Тараздың ескерткіштері және Әулиеата кезіндегі қала құрылысы мен сәулет ескерткіштері кіреді. Солардың ішінде Айша бибі, Қарахан, Бабаджа хатун, Дәуітбек (Шамансүр) кесенелері, Әбдіқадыр мешіті, Үштөбе сақтар қорғаны, Төнкеріс, Төрткөл үй-жайы және т.б. бар. Мұражай экспонаттарына көне-түрік жазулары, күйіктас құмыралары, ағаш ыдыстар кіреді.

27 жыл бұрын (1982) «Отырар сазы» атты фольклорлық-этнографиялық оркестрі құрылды (қазіргі Н.Тлендиев атындағы Мемлекеттік фольклорлық-этнографиялық оркестр академиясы).

3 жыл бұрын (2006) Алматыда «Ахмет Жұбанов» атты деректі фильмнің премьерасы болды.

Көріністің авторы - танымал режиссер Қалила Омаров. Фильмнің сценарийін музыкант Жұбановтың қызы Ажар Ахметқызымен бірге жазған. Фильмде кейіпкердің танымал және танымсыз өмірінің көріністері пайдаланылған. А.Жұбановтың туған жері - Ақтөбе облысында және Алматыда, Астанада және Париждегі мерейтойлық шаралар өткен ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде түсірілген. Мәскеу мұрағаттарынан материалдар пайдаланылған. Фильмде Жұбановтар әулетінің көптеген мүшелері және оның шөбересі, жас танымал дирижер Алан Бөрібаев та қатысқан.

3 жыл бұрын (2006) Семейде алғашқы рет қазақстандағы дөңгелекті тракторды ТТЗ-80.10. құрастыру конвейерлік желісі іске қосылды. Бұл оның құрылуына Беларус, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан қатысқан бірлескен кәсіпорын.

ЕСІМДЕР

120 жыл бұрын (1889-1941) Алаш қозғалысының қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист МҰСТАФА Шоқай дүниеге келді.

Қызылорда облысы Шиелі ауданында туған. Сұлутөбе стансысындағы орыс мектебінде бастауыш білім алған ол 1902 жылы Ташкенттегі гимназияға түсіп, 1910 жылы үздік бітіріп шығады. Болашақ қайраткер 1910 жылы Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түсіп, оны 1917 жылы бітіреді.

Студент шағынан қоғамдық-саяси өмірге белсене араласып, түркі-мұсылман студент жастарының қозғалысына қатысады. 1917 жылы сәуірдің 16-21-і аралығында Ташкентте өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының 1-ші съезіне қатысып, оның төралқасына мүше болып сайланды. «Бірлік туы» газетінің негізін қалап, оның алғашқы редакторы болды. Түркістан өлкесі жергілікті халқының мүддесін қорғауды мақсат еткен қоғамдық-саяси ұйымдардың қызметін үйлестіру үшін құрылған «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесіне» төрағалық етті. Бірінші жалпықазақ съезіне қатысып, Бүкілресейлік құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ташкенттегі жұмысшы-солдат депутаттар кеңесі жергілікті халықтың өзін-өзі басқару құқығын мойындаудан бас тартып, қарашаның 15-22-інде өткен кеңестердің 3-ші съезі қабылдаған «өлкедегі барлық билік еуропалық нәсіл өкілдерінен кұралған Түркістан Халық комиссарлар кеңесіне көшеді» деген қаулысын Мұстафа Шоқай нағыз әділетсіздік деп бағалады. Ұлттық қоғамдық-саяси ұйымдарды кеңестердің қырына алуына байланысты Мұстафа Шоқай жетекшілік еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандарының орталық кеңесі» Ташкенттен Қоқанға көшіп, онда өлке мұсылмандарының төтенше съезін тез арада өткізу ісін қолға алды. 1917 жылы қарашаның 28-інде өткен Түркістан өлкесі мұсылмандарының төтенше 4-ші съезінің төралқасына басшылық етті. Осы съезд шешімімен құрылған Түркістан (Қоқан) автономиясының 54 адамнан тұратын Уақытша Халық Кеңесі құрамына сайланды және жаңа Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметінің төрағасы М.Тынышбаев қызметінен кеткеннен кейін оның орнына Мұстафа Шоқай сайланды. Ол сондай-ақ 1917 жылы желтоқсанда Екінші жалпықазақ съезіне қатысып, Алашорда құрамына сайланды. Съезд аяқталғаннан кейін Мұстафа Шоқай біртұтас автономия құру мәселесін қарау үшін Сырдария қазақтарының құрылтайын шақыру туралы тиісті қайраткерлерге жеделхат жолдады. Онда: «Сырдария халқына өз тарапымнан айтарым, тегінде Алаш баласының басы қосылатын кезі осы бүгін. Айрылсақ, мұнан соң жұрттың басын қосуымыз қиын. Алаш ұранына шаппайтын қазақ баласы болмас. Сырдария қазағы кешікпей Алаш туының астына жиналар деген үміттеміз делінген еді. Мұстафа Шоқайдың Сырдария өңірі қазақтарын Алаш автономиясына қосу жолындағы әрекеті нәтижесіз болған жоқ. 1918 жылдың бас кезінде өткен Сырдария облысы қазақтарының съезі «Алашорда өз алдына автономия жариялап, Түркістан (Қоқан) автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақтары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіреді» деген қаулы қабылдады. Қоқан қаласын большевиктер жаулап алып, Түркістан (Қоқан) автономиясын құлатуына байланысты Мұстафа Шоқай шет елге эмиграцияға кетуге мәжбүр болды. 1918 жылы мамырда Шоқай Ақтөбеге, одан Екатеринбургке жетті. Онда кеңестік билікке қарсы оппозиция күштермен байланыс орнатып, большевиктер үстемдігіне қарсы күрес жүргізудің жолдарын қарастырды. Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының Самарадағы комитеті мәжілістеріне қатысты. Осы комитеттің ұйымдастыруымен 1918 жылы қыркүйекте Челябинскіде шақырылған съезге қатыспақ болып барғанында өзге делегаттармен бірге Колчак әскерлері тарапынан тұтқынға алынды. Сәті түсіп, тұтқыннан босап шыққан соң 1919 жылы көктемде Маңғыстау арқылы Бакуге, одан Тбилисиге келді. Мұстафа Шоқай онда 1921 жылғы ақпанның 25-іне дейін болып, осетиндік белгілі қайраткер А.Цалыковтың редакторлығымен шығатын «Вольный горец» және Грузия меньшевиктерінің «Борьба» газеттерінде істеді. 1920 жылы Тбилисиде украиндықтармен бірлесе отырып «На рубеже» журналын шығаруды жолға қойып, оның редакторы қызметін атқарды. Сонымен бірге ол «Шафақ» («Таңсәрі») газетіне бас редактор болды. Тбилиси қаласы Кеңес өкіметінің қолына өткен соң Мұстафа Шоқай зайыбымен бірге Түркияда біраз аялдап, соңынан Францияға ауысты. Шетелдік эмиграция жылдарында көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып, ол кең ауқымды, терең мазмұнды саяси күрес жүргізді. А.Керенскийдің «Дни» және П.Милюковтың «Последние новости» газеттерінде қызмет етті. 1927 жылдан Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Парижде шығып тұрған «Иени Түркістан» журналына атсалысып, «Туркестан милли бирлиги» («Түркістан ұлттық бірлігі») ұйымына жетекшілік етті. Эмиграцияда жүрген түркі-мұсылман халықтарының Ә.Топчибашев және Г.Исхаки секілді өкілдерімен жиі араласып, пікірлес болды. Оларды Ресейдегі түркі-мұсылман халықтарын азаттыққа жеткізуде күш біріктіре әрекет етуге үндеді.

1940 жылы Парижге неміс әскері кіргенде, Мұстафа Шоқай тұтқынға алынып, бірнеше ай концлагерьде отырып шығады. Көп ұзамай Мұстафа Шоқай Берлиндегі «Виктория» ауруханасында күмәнді жағдайда көз жұмып, қаладағы мұсылмандар зиратына жерленді.

Францияның Ножан-сюр-Марн (Валь-де-Марн департаменті) қаласында қазақ ұлт өкілдерінің қатысуымен ескерткіш тақта орнатылған. Алматы қаласында Мұстафа Шоқай есімімен аталатын көше бар. Қызылорда қаласындағы Экология университетіне Мұстафа Шоқай есімі берілген. Қайраткердің туған ауылына ескерткіші қойылған.

 70 жыл бұрын (1939) қазақтың ақын қызы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының халық жазушысы ОҢҒАРСЫНОВА Фариза Оңғарсынқызы дүниеге келді.

Атырау облысында туған. Атырау мемлекеттік педагогика институтын бітірген.

Ауылдық мектептің мұғалімі қызметін атқарған. 1966-1969 жылдары - «Коммунистік еңбек» облыстық газетінің әдеби қызметкері. 1969-1977 жылдары - «Лениншіл жас» («Жас Алаш») газетінің Атырау, Ақтөбе, Орал облыстары бойынша меншікті тілшісі, «Қазақстан пионері» газетінің редакторы. 1978 жылы - «Пионер» журналының бас редакторы.

Алғашқы кітабы «Сандуғаш» 1967 жылы жарық көрген. «Мелодия», «Беспокойная пора», «Гордое поколение», «Көгершіндерім», «Тревоги», «Ожидание солнца», «Озарение» жыр жинақтарының, «Биіктік» очерктер жинақтарының, «Біздің Кәмшат» повесінің, Ә.Тәжібаев, М.Мақатаев, чили ақыны Пабло Неруды шығармашылықтары туралы әдеби-сын мақалалардың авторы. С.Вангелидің «Приключения Гугуце», «Дедушкин министр» балаларға арналған повестерін, С.Капутикянның, Е.Евтушенконың, Р.Казакованың, араб ақыны Әбдурахман әл-Хамисидің өлеңдерін, П.Нерудың кітаптарын қазақша аударған. Ақынның көптеген шығармалары шет тілдерге аударылған.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің бірінші және екінші шақырылымының депутаты.

«Құрмет белгісі», «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

26 ЖЕЛТОҚСАН, СЕНБІ

Словенияның тәуелсіздігі мен ынтымақтастық күні. 1990 жылғы 26-шы желтоқсандағы референдумның қорытындыларын жариялайды. Референдум 1990 жылғы желтоқсанның 23-де өткізілген болатын.

ОҚИҒАЛАР

18 жыл бұрын (1991) Қазақстан мен АҚШ арасында толық көлемді дипломатиялық ара-қатынас бекітілді.

14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңы қабылданды.

14 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік» Заңы қабылданды.

4 жыл бұрын (2005) Ақтөбе облысындағы Алға ауданы орталығында 19 ғасырдың аяғында Ақкемір кентінде өмір сүрген хазірет Мұхамбетқазы Мендіқұлов атындағы мешіт салтанатты түрде ашылды. Ол исламның беделді қызметшісі, Меккеге бірнеше рет қажылық жасаған, ағартушы, сол өңірдің тарихына өз ізін қалдырушы. Мұхамбетқазы ресей патшасының қабылдауында болып және Ақкемірде мектеп ашуына рұқсат алған.

3 жыл бұрын (2006) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің «Қазақстан жолы» атты кітабының тұсау кесер рәсімі өтті.

3 жыл бұрын (2006) Павлодарда Чернобыль атом электр стансасы апатында құтқаруға қатысқан Павлодарлықтарға арналған ескерткіштің ашылу рәсімі өтті. Ескерткіштің ортасында - адам денесінің нұсқалары, «атом ядросын» ұстауға талпынған қолдар. Павлодарлықтар мен Чернобыльдықтардың шығармашылық қоғам ұжымының жобасы қала әкімшілігінің қолдауымен іске асырылған.

1 жыл бұрын (2008) Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қаракөл ауылында Қазақстан Республикасының композиторы, еңбек сіңірген ұстазы Нәсекен Сүлейменовтың мұражайы ашылды.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1894-1938) мемлекет және қоғам қайраткері, Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің төрағасы, Түрксіб құрылысының негізін салушылардың бірі РЫСҚҰЛОВ Тұрар дүниеге келді.

1907-1910 жылдары Тұрар Меркедегі орыс-қазақ бастауыш мектебінде, 1910-1914 жылдары Бішкектегі ауыл шаруашылық училищесінде оқып, бау-бақша мамандығын алады. 1914-1916 жылдары Меркеде және Ташкент түбіндегі бау-бақша ісімен айналысады. 1916 жылдың жазында Әулиеата оязында отаршылдыққа қарсы қарулы көтерілісті ұйымдастырғаны үшін қамауға алынады. Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы жас интеллигенттердің саяси сауаттану мектебі болды және олардың тағдырын айқындап берген ұлы қозғалыс еді. 1917 жылғы революция кезінде патшаның тақтан құлағанын естіген Т.Рысқұлов Ташкенттегі оқуын тастап, Әулиеата оязындағы Мерке ауданына келеді. Онда еркіндік пен тәуелсіздік үшін күресу мақсатында 1917 жылдың басында «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. 1918 жылы Әулиеата оязы Совдепі төрағасының орынбасары қызметін атқарады. Қазан айында Кеңестердің VІ съезінде ТүркОАК құрамына кіреді. Одан кейін Түркістан Республикасының денсаулық сақтау халкомы болып тағайындалады. Түрлі қызмет атқарып, 1920 жылы Түркістан Компартиясы ОК-нің мүшесі, Түркістан АКСР ОАК төрағасы болып сайланды.

Рысқұловтың саяси, мемлекеттік қызметкер ретіндегі есімі Мұсылман бюросындағы қызметімен байланысты кеңінен белгілі болды. Оның басшылығымен Мұсбюро Орталықтың қысымы мен диктатына қарсы үнемі күрес жүргізді. Түркі Республикасы мен Түркі компартиясын құру жөніндегі Рысқұлов көзқарастары Мұсбюроның ІІ конференциясында қолдау тапты. Бірақ орталық араласып, түркістандықтардың ұлттық бағдарлануға деген еркіндігін басып тастады. Тұрарға пантюркизм мен ұлттық ауытқу жөнінде айып тағылып, өмірінің соңына дейін қалмады. Т.Рысқұлов 1920 жылы Бакудегі Шығыс халықтарының І съезінің жұмысына қатысты. 1920 жылы желтоқсанда РСФСР Ұлттар ісі жөніндегі халкомының орынбасары, 1922 жылы Түркістан Республикасы Халық комиссарлары Кеңесінің Төрағасы қызметіне тағайындалды. 1924 жылы Монғолияға Коминтерннің өкілі ретінде жіберілді. 1925 жылы Қазрайком БКП (б) баспасөз бөлімінің меңгерушісі және «Еңбекші қазақ» газетінің жауапты редакторы, 1926-1937 жылдары мақта жөніндегі тұрақты мәжіліс төрағасының орынбасары.

Оның қаламынан ондаған кітап, кітапша, 100-ден аса мақалалар шықты.

1937 жылдың мамыр айында Мәскеуде қамауға алынған. 1934 жылы құрылған «Бүкілодақтық біріккен орталықты» ұйымдастырушы деген айып тағылған. 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына ұшыраған.

Алматыда ірі даңғылдардың бірі Рысқұлов есімімен аталады.

50 жыл бұрын (1959) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасы МАРЧЕНКО Григорий Александрович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген.

1984-1991 жылдары - Қазақ КСР Түсті металдар министрлігі конструкторлық-технологиялық бюросының инженер-конструкторы, басқару кадрлар бөлімі бастығының орынбасары - министр кеңесшісі, Қазақ ғылыми-экономикалық және техника-экономикалық зерттеулер ғылыми-зерттеу институты аудармашысы, редакторы, аға редакторы және маркетингтік ақпараттық тобының жетекшісі, Шалаөткізгіштік машина құрылысы конструкторлық бюро секторының атқарушы директоры, «Алое» ғылыми-өндірістік кооперативтік орталығы конструкторлық бюросының төрағасы. 1991-1999 жылдары - «Еуразия» аймақаралық мемлекеттік экологиялық консорциумы сыртқы экономикалық байланыстар бойынша бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы вице-президентінің көмекшісі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, «Deutsche Bank-Securities (Kazakhstan)» ААҚ-ның президенті. 1999-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, «Қазақстанның Халық Жинақ Банкі» АҚ-ы басқармасының төрағасы. Аталған қызметінде - 2009 жылдың қаңтарынан.

Қазақстан Республикасындағы Сингапур Республикасының, Алматы қаласындағы Испания Корольдігінің құрметті консулы.

«Парасат», «Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» ордендерімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медалімен марапатталған.

27 ЖЕЛТОҚСАН, ЖЕКСЕНБІ

1429 хижра жылының 10-шы мұхаррамы - Ашура күні - Алланың Пайғамбарлары мен Елшілерін еске түсіру күні. Ашура - «ашара» сөзінен шыққан, мағынасы - «он» дегенді білдіреді. Бұл күні Мұхаммед пайғамбар адамдарды ізгілікке шақырып, оның шапағатты Ұлы күн екенін айтқан. Ашура күні тұтылған ораза адамды өткен және алдағы күнәларынан тазартады деп саналған. Ал бұл күні сырқаттың халін барып сұрау - Адам атаның барлық балаларын аралағанмен бірдей болады екен. Бұл күні сусағанға су берген адам - күнәсіз, пәк адам саналады, бұл күні толық жуынып, дәрет алған адам - көптеген ауру-сырқаулардан, азап-тозақтардан қорғалады

Ресей Федерациясының құтқарушы күні. Ресей Федерациясы Президентінің 1995 жылғы 26-шы қарашадағы Қаулысымен бекітілген.

Қырғызстанның төлқұжат-бұрыштама қызметкерлерінің күні. 1932 жылғы желтоқсанның 27-де Орталық атқарушы комитет пен КСРО Халық Комиссарлар Одағы «КСР Одағына Бірыңғай төлқұжат жүйені бекіту туралы» Қаулы қабылдады және төлқұжатта міндетті түрде тіркеу болу керек. Осы уақыттан бастап төлқұжат-бұрыштама қызметінің құрылған күні деп есептеледі. 2006 жылғы мамырдың 30-да Қырғыстан Республикасы Президентінің Қаулысымен төлқұжат-бұрыштама Департаменті құрылды.

ОҚИҒАЛАР

85 жыл бұрын (1924) Семейде Орыс географиялық қоғамының Абайды еске алуға арналған мәжілісі және қалалық театрда ұйымдастырған кеші өтті. М.Әуезов Абай шығармашылығы туралы баяндама жасады.

4 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Президенті Қаулысымен Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына қолдау көрсету, қазақстан парламентінің дамуына өз еңбектерін сіңірген үшін Қазақстан Республикасының Парламентінің 10-жылдығына орай мерейтойлық медальдар бекітілген.

ЕСІМДЕР

85 жыл бұрын (1924) ғалым-биохимик, биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері СЕЙІТОВ Зұлқарнай дүниеге келді.

Қостанай облысында туған.

Омбы ауылшаруашылығы институтын, оның аспирантурасын бітірген.

1954-1997 жылдары - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институты (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) органикалық химия және биохимия кафедрасының доценті, профессоры, меңгерушісі. 1998-2001 жылдары - әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры. 2002 жылдан - С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті биохимия кафедрасының профессоры.

Негізгі ғылыми еңбектері мал биохимиясына арналған. Сиыр мен бие, түйе сүтіндегі белок, амин қышқылы, май қышқылы, үшглицерид, витаминдер құрамы мен оның технологиялық қасиеттерін химиялық тұрғыдан зерттеді. Бие мен түйе сүтін, саумал қымыз бен шұбатты молекулалық деңгейде кептірудің жаңа әдісін тауып, содан алынған құрғақ ұнтақтан табиғи қымыз бен шұбат өндірудің жаңа биотехнологиясын ұсынды. «Қазақ бальзамы» шипалы сусыны мен ішіне алтын тамыр салып ашытқан «Алтын су» тұнбасының, 150 астам ғылыми еңбектердің, 7 авторлық куәлік пен 2 патенттің авторы.

2-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

60 жыл бұрын (1949) 3-дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары ОҢҒАРБАЕВ Сәттібек Оңғарбайұлы дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Р.А.Руденко атындағы Свердлов заң институтын бітірген. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының орталық аймақтық көлік прокуроры қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2006 жылдан.

28 ЖЕЛТОҚСАН, ДҮЙСЕНБІ

Халықаралық кино күні. 1895 жылы Парижде Капуцин бульварында «Гранд-кафе» Люмьерлер ағайындарының синематографиясының алғашқы сеансы өтті. 1895 жылы француз Луи мен Огюст Люмьерлер өздерінің ойлап тапқан «Синематограф» аппаратына патент алды. 1895 жылы наурыздың 22-де ағайындар Парижде алғашқы рет киносеанс өткізді. Олар жақын достарына ғана «Жұмысшылардың Люмьер зауытынан шығуы» («Выход рабочих с завода Люмьер») атты қысқа лентасын көрсеткен.

ОҚИҒАЛАР

75 жыл бұрын (1934) Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ драма театры ашылды. Бүгінде Павлодар облыстық музыкалық-драма театры Ж.Аймауытовтың есімімен аталады.

5 жыл бұрын (2004) АО «Қазпошта» көрнекті қазақ жазушысы және мемлекеттік қайраткер Сәкен Сейфуллинің 110-жылдығына арналған жаңадан суреттелген «Мерейтойлық және елеулі күндер» атты серияның маркасын айналымға шығарды. Жаңа марканың бағасы -35 теңге, тираж 50 000 дана.

С.Сейфуллин (1894-1938) - көрнекті қазақ жазушысы және қоғам қайраткері. 1914 жылы Қазанда алғашқы «Өткен күндер» («Дни минувшие») атты өлеңдер жинағы жарық көрді. Құттықтау, шаттанған өлеңдердің авторы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті қолдады. Оның қолынан «Бақыт жолына» пьесасы, «Тар жол тайғақ кешу» романы, қазақ әдебиетіндегі еңбектері мен халық фольклоры, басқа да шығармалары шыққан. Газет-журналдармен белсенді жұмыс жасаған. 1922 жылы Қазақ АКСР Халық комиссарлар одағының төрағасы, содан кейін халыққа білім беру комиссариаты ғылыми орталығының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының төрағасы болып тағайындалған.

ЕСІМДЕР

45 жыл бұрын (1964) Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының әкімі ӨТЕҒҰЛОВ Арман Кәрімұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған.

Саратов зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетін бітірген.

1989-1998 жылдары - Фурманов ауданы «Ақкөл» кеңшарының бас малдәрігері, Казталов ауданы «Талдыапан» ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры. 1998-2002 жылдар аралығында Казталов ауданы әкімшілігінде және облыс әкімі аппаратында басшы және жауапты лауазымдар атқарған. Қазіргі қызметінде - 2002 жылдың желтоқсан айынан.

29 ЖЕЛТОҚСАН, СЕЙСЕНБІ

Биологиялық әралуандылықтың халықаралық күні. БҰҰ Бас Ассамблеясы 49-сессиясының (1995) шешімі бойынша биологиялық әралуандылық (Жердің флорасы мен фаунасы, 1993) туралы халықаралық конвенцияның күшіне енген күнінен бастап тойланады.

ОҚИҒАЛАР

11 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңы қабылданды.

5 жыл бұрын (2004) Қазақстанның техникалық кремнийдің бірінші килограммы Первомай сирек жерлік зауытының («Ертіс сирек жерлік компаниясы» ЖШС) өнеркәсіп алаңында алынды.

1 жыл бұрын (2008) Қазақстан Республикасының Президенті қоғамдық арақатынасты бақылайтын, өмірдің қиын жағдайында орналасқан адамдарға арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңға қол қойды.

1 жыл бұрын (2008) Қазақстанда бірінші ЭЛВ-4 өнеркәсіп жылдамдатқышы және «Ядролық технологиялар паркінің» радиациялық технологиялар кешенінің технологиялық желісі іске қосылды. Бұл - технопарктің инновациялық инфрақұрылымының алғашқы өндіріс объектісі болып табылады. Ядролық технологиялар кешені Қазақстанда ерекше өзінің мағынасы бар және көлемді ұлттық технопаркті құруға мүмкіндік береді, жоғарғытехнологиялар зерттемелерін нарыққа шығару және өнеркәсіп өндірісін енгізілуін қамтамасыз етеді. Технопарктің негізгі ерекшелігі - ядролық-физикалық өндірістің бағдары. Электронның өнеркәсіп жылдамдатқышы технопаркқа бірегейлік береді және оның ерекшелігін көрсетеді.

ЕСІМДЕР

80 жыл бұрын (1929-2000) ақын ШІЛДЕБАЕВА Күлән дүниеге келді.

Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туған.

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын бітірген.

Алматы орта мектептерінде, Жамбыл қаласындағы Мәдени-ағарту училищесінде қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ беріп, ұстаздық еткен.

Тұңғыш жинағы 1962 жылы жарық көрген. «Тұңғыш кітап», «Арманым», «Қыз көңіл», «Бойжеткендер», «Іңкәрім», «Меруерт гүл», «Можжевельник» жыр жинақтарының авторы. Бірқатар өлеңдері орыс тіліне аударылған.

30 ЖЕЛТОҚСАН, СӘРСЕНБІ

Мадагаскар Республикасының күні. 1975 жылы желтоқсанның 21-де Референдум Демократиялық Мадагаскар Республикасының Ата Заңын қабылдады.

ОҚИҒАЛАР

14 жыл бұрын (1995) Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауылында Қазыбек биге ескерткіш орнатылды.

11 жыл бұрын (1998) Қазақстан Республикасының «Импорт тауарларынан ішкі нарықты қорғау туралы шаралар» Заңы қабылданды.

10 жыл бұрын (1999) Ақмола облысы Атбасар қаласында жазушы Ілияс Есенберлиннің мұражайы ашылды. Жазушы тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1914-1996) тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, Қазақ КСР-не еңбек сіңірген мұғалімі, Қазақ қыздар педагогикалық институтының алғашқы ректоры МУРЗАБЕКОВА (Мырзабекова) Тұрсын дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет) бітірген.

1933-1945 жылдары оқытушылық, Шымкент қалалық атқару комитетінде қызмет атқарған. 1945-1959 жылдары - Қазақ қыздар педагогикалық институтының ректоры. 1959-1978 жылдары - Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) оқытушысы.

Қыздар педагогикалық институтында жатақхана мен оқу корпустарын салуды, студенттерді тегін тамақтандыруды, кітапханаларға Мәскеу, Санкт-Петербор қалаларынан кітаптар алдырып, химиялық лаборатория ұйымдастырған.

Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1939) ғалым, заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Құқық және нарық академиясының ректоры СӘБІКЕНОВ Салахиден Нұрсалиұлы дүниеге келді.

Атырау облысында туған.

Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1965-1993 жылдары - Қазақстан Ғылым Академиясы Философия және құқық институтының ғылыми қызметкері, Қарағанды жоғары милиция мектебінің оқытушысы. 1993-1995 жылдары - Алматы жоғары милиция мектебі бастығының орынбасары. 1996-1998 жылдары - Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшесі.

«Право и социальные интересы», «Нормативно-правовые акты», «Концепция правового государства», «Салыстырмалы мемлекеттік құқық» ғылыми еңбектердің авторы. 5 ғылым докторын, 35 ғылым кандидатын дайындаған.

31 ЖЕЛТОҚСАН, БЕЙСЕНБІ

Әлем әзірбайжандарының ынтымақтастық күні. Алғашқы рет 1991 жылғы желтоқсанның 16-ында әзірбайжан халқының көшбасшысы Гейдар Алиев Нахичеван Автономиялық Республикасының Жоғарғы Мәжілісінің төрағасы бола тұрып жариялады, содан кейін бұл күн әзірбайжан халқының ұлттық мейрамы болып қалды.

Қырғыстанның кеден қызметкерлерінің күні. 2006 жылғы ақпанның 15-і Қырғыз Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Қырғыз Республикасының кеден қызметінің дәстүрін ұйымдастыру және мирасқорлығын қамтамасыз ету мақсатында бекітілген.

ОҚИҒАЛАР

15 жыл бұрын (1994) академик Зейнолла Қабдоловқа «Қазақстанның халық жазушысы» құрметті атағы берілді.

15 жыл бұрын (1994) әнші Мақпал Жүнісоваға «Қазақстанның халық әртісі» құрметті атағы берілді.

13 бұрын (1996) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қаулысымен «Шетелде тұратын отандастарға көмек көрсету мемлекеттік бағдарлама» бекітілді.

5 жыл бұрын (2004) Алматыда Қазақстаның тарихы, мәдениеті және өнері туралы «World Discovery Kazakhstan» атты журналының бірінші саны жарық көрді. Жаңа журналда тарих, мәдениет, қазіргі қазақстан қоғамының сана сезімінің дамуы туралы тақырыптар қозғалады. Журналдың баспагерлері мен редакция ұжымының ойынша, «World Discovery Kazakhstan», қазіргі қазақстан қоғамы өзін-өзі идентификациялау және қалыптастыру үшін ғана арналған, сол ұлттық нақыш басқа бірлестіктердегі халықтарды біріктіреді. Баспаның тиражы - 15 мың дана, жылына 4 рет шығады.

ЕСІМДЕР

95 жыл бұрын (1914-1974) жазушы, аудармашы, ғалым, филология ғылымдарының кандидаты САТЫБАЛДИЕВ Әбен дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

1939-1962 жылдары - «Оңтүстік Қазақстан» облыстық газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінің меншікті тілшісі, бөлім меңгерушісі, «Ара» - «Шмель» журналының жауапты хатшысы, «Жұлдыз» журналы бас редакторының орынбасары, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы. 1968-1974 жылдары Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакторының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

«Рухани қазына» ғылыми еңбектер жинағының, «Ақмарал» әңгіме, очерктер жинағының авторы. И.Гончаровтың «Жар» романын, Б.Полевойдың «Нағыз адам туралы аңыз», Ф.Гладковтың «Балалық шақ» повестерін, А.Қаһардың «Қыштақ», Ш.Рашидовтың «Дауылдан да күшті» романдарын қазақ тіліне аударған.

85 жыл бұрын (1924-1991) ғалым, өнертану ғылымдарының кандидаты, профессор БИСЕНОВА Ғафура Нұрғалиқызы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданында туған.

Орал педагогикалық институтын (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет), Алматы консерваториясын (Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

Орал педагогикалық институты физика-математика факультетінің оқытушысы болған. 1953-1967 жылдары - Қазақ радиосының көркемдік жетекшісі, Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитеті үгіт-насихат бөлімінің нұсқаушысы. 1967 жылдан Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры, қазақ музыкасы мен фольклоры кафедрасының профессоры қызметтерін атқарған.

Ғылыми еңбектері қазақтың халық музыкасын зерттеуге, негізінен Абайдың ән шығармашылығына арналған.

Бөлісіңіз:
MURAǴAT