+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

ҚазАқпарат әлемнің ақпарат кеңістігінде лайықты орынға ие – ӨзА басшысы

2020 жылғы 13 тамыз 19:00
Бөлісіңіз:
ҚазАқпарат әлемнің ақпарат кеңістігінде лайықты орынға ие – ӨзА басшысы

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі өңірдің және ТМД-ның ғана емес, бүкіл әлемнің ақпарат кеңістігінде лайықты орынға ие. «ӨзА» ақпарат агенттігінің Бас директоры Абдусаид Кучимов агенттікке жолдаған құттықтауында осылай деді.

«Өзбекстанның «ӨзА» ұлттық ақпарат агенттігі және бүкіл өзбек халқы атынан «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің еңбек ұжымын атаулы күн - 100 жылдық мерейтоймен құттықтауға рұқсат етіңіз.

Бүгінгі таңда «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі өңірдің және ТМД-ның ғана емес, бүкіл әлемнің ақпарат кеңістігінде лайықты орынға ие. Өзбекстанның «ӨзА» Ұлттық ақпарат агенттігі көптеген жылдар бойы «ҚазАқпарат» ХАА-мен жемісті жұмыс істеп келеді. Осы серіктестік негізінде «ӨзА» Қазақстанда іске асырылып жатқан түрлендірулер жөнінде қажетті ақпаратты Өзбекстан халқына үнемі жеткізіп отырады.

Осы тұрғыда соңғы жылдары Өзбекстан мен Қазақстан Президенттерінің бастамалары мен мықты саяси ерік-жігерінің арқасында елдер арасындағы достық және бауырластық қатынастар мүлде жаңа деңгейге көтерілгенін атап өткім келеді. Бұл ретте, ақпарат саласындағы ынтымақтастық та кеңеюде.

Мәселен, 2019 жылы Өзбекстанда Қазақстан жылы болып жариялануына байланысты, «ӨзА» сайтында қазақ тіліндегі нұсқа іске қосылды. «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігінің жаңалықтары өзбек тілінде де жарияланып отырады. Бұл, сөзсіз, бәрімізді қуантады.

100 жыл – аз уақыт емес. Қатал бәсекелестікке негізделген қазіргі ақпараттық ғасырда «ҚазАқпарат» ХАА-ның республикалық, өңірлік және халықаралық ауқымдағы ең өзекті жаңалықтарды жариялаудағы жеделдігі, сондай-ақ өзінің берік ұстанымын паш етуі айрықша құрметке лайық.

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, баршаңызды мерейтойларыңызбен тағы да құттықтаймын. Халыққа қызмет ету, екі елдің дамуына үлес қосу, халықтар арасындағы бауырластық байланыстарды одан әрі нығайту жолындағы құрметті жұмыстарыңызға зор табыс тілеймін!», - деді Абдусаид Кучимов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT