+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

«Қазақмыстың» бас директорына қастандық жасалды

2020 жылғы 21 қаңтар 23:00
Бөлісіңіз:
«Қазақмыстың» бас директорына қастандық жасалды

ЖЕЗҚАЗҒАН. ҚазАқпарат - Бүгін Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс» корпорациясының кеңсесінде кәсіподақ ұйымының төрағасы кәсіпорынның бас директорына және дамыту жөніндегі директорға өзара қақтығыстан соң пышақ салған. Кейін ол өзі пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

21 қаңтар сағат 18.20-да Қарағанды облысының Жезқазған қаласындағы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС директорының кабинетінде туындаған ұрыс-жанжал барысында кәсіподақ ұйымының төрағасы Тоғызбай Тәжбенов компания бас директоры Минигуловтың арқасынан пышақпен жарақаттаған және сол жақ кеуде тұсынан кесілген жарақат салған. Сондай-ақ «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС маманы Сабыржан Тембаевқа да пышақ салған.

«Содан кейін куәгерлердің айтуынша, ол сол жақ кеуде қуысына пышақ жарақатын салып, оқиға орнында көз жұмды. Минигулов пен Тембаев ауруханаға жатқызылды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүріп жатыр»,-деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Агата Мухамеджанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT