«Қазақмыс» жергілікті қамту үлесін арттыруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елордада «Қазақмыс» корпорациясының қолдауымен «Қазақстандық өнімдер» атты VI форум өтті. Бұл туралы аталған корпорацияның баспасөз қызметінен хабарлады.

Шараға 315 отандық өндіріс орындарының, 755 ірі компанияның, орта және шағын бизнес субъектілерінің, мемлекеттік өндіріс салалары мен даму институттарының өкілдері қатысты.

«Қазақмыс» тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алудағы жергілікті қамтуды дамыту бағдарламасын табысты жүзеге асырып, отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетуде. 2014 жылдың 12 айында қазақстандық кәсіпкерлерден 167,8 млрд. теңгеге тауарлар, жұмыстар мен қызметтер сатып алынды. Оның ішіндегі жергілікті қамту үлесі 69 пайызды құрайды. Бұл көрсеткіш 2013 жылы 67 пайыз құраған болатын.

Аймақтарда да бұл бағыттағы жұмыстар белсенді жүргізілуде. «Қазақмыс» компаниясы Жезқазған және Балқаш аймақтарындағы құрамына 115 орта және шағын бизнес кіретін 4,3 мың жұмысшысы бар Кәсіпкерлер мен өндірушілер қауымдастығына зор қолдау көрсетуде. Аталған қауымдастық қатысушыларын сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үлесі соңғы үш жылда екі есеге өсті. 2014 жылдың нақты сатып алу көлемі 10,4 млрд. теңгені құрады.

«Біз шағын және орта буын кәсіпкерлерінің белсенділігін арттыруға көмектесудеміз. Отандық өнім өндірушілермен байланысымызды нығайтып, шағын қалалардағы кәсіпкерлікті дамытуға ықпал етудеміз. Бұл маңызды бағыт Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған болатын. Біз нақты жұмыс жүргізетін, өз өнімдерінің сапасын ізденіспен жақсартып отыратын, соған ұмтылатын, бәсекелестікке қабілеттілікті арттыратын қазақстандық кәсіпорындармен бірге жұмыс жүргізуге, оларды қолдауға дайынбыз», - деді «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы Эдуард Огай.

Соңғы жаңалықтар