Қазақмыс машина жасаушылардың халықаралық көрмесінде өз жобаларын таныстырды

None
Қазақмыс 21-23 қыркүйек аралығында Астанада өтіп жатқан машина жасау және металл өңдеу бойынша Kazakhstan Machinery Fair II Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысып жатыр.

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов 21-23 қыркүйек аралығында Астанада өтіп жатқан машина жасау және металл өңдеу жөніндегі арнайы халықаралық көрме аясында Қазақмыс компаниясының ақпараттық стендімен танысты.

Бұл көрмеде Қазақмыс «Мэйкер» ЖШС Қарағанды құю-машина жасау зауытын, сондай-ақ компанияның Ұлытау облысындағы жобаларын таныстырды.

«Қазақмыс Холдинг» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин Министрлер Кабинетінің басшысына бүгінгі таңда тек Қазақмыс ішінде ғана емес, Қазақстанның мұнай саласының да қажеттілігін қамтамасыз ететін «Мэйкер» кәсіпорнының әлеуеті туралы айтып берді.

Қарағанды құю-машина жасау зауыты 1940 жылы құрылған және Қазақстанның ең ірі машина жасау зауыттарының бірі болып табылады.

Зауыттың қуатты өндірістік базасы бар және қуаты айына 1,5 мың тоннадан астам өнім шығаратын бүкіл жұмыс процесінің сенімді жүрісін қамтамасыз ететін тәжірибелі мамандардан тұратын команда еңбек етеді.

Өндіріс орны жаңа еуропалық жабдықтармен жабдықталған.


Соңғы жаңалықтар