«Қазақмыс» корпорациясы қызметкерлерінің жалақысы өсті

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Қазақмыс Холдинг» компаниясының басшылығы шілде айының басынан бастап осы жылы екінші рет барлық қызметкердің жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы «Қазақмыс Холдинг» ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына сілтеме жасап Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Компанияның жалпы еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы шамамен 10 пайызды құрайды, бұл ретте кәсіптер бойынша жалақының өсуі сараланған және ағымдағы төлем деңгейіне байланысты болады.


«Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың қаңтарынан бастап «Қазақмыс» корпорациясының қызметкерлері жоғары жалақы алады, оның өсуі Қазақстан Республикасындағы ең төменгі жалақы мөлшерінің өзгеруіне байланысты болды.


«Қазақмыс Холдингі» - табиғи ресурстарды өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жетекші компания, Қазақстандағы ең ірі мыс өндіруші болып табылады. Компания құрамында он екі кен орындары, алты байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты және екі көмір разрезі бар.


Корпорация қызметкерлерінің жалпы саны 38 671 адамды құрайды»,-делінген облыс әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар