+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

"Қазақмыс" көмек ретінде Қарағанды облысының үш қаласының медицина саласына 1 млрд теңге бөлді

2020 жылғы 11 шілде 15:14
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақмыс көмек ретінде Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш қалаларының медицина саласына 1 млрд теңге бөлді, деп хабарлайды ҚазАқпарат корпорацияның сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мың алғыс: Шымкентте ассамблея өкілдері 1 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетті Мәжіліс депутаттары Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық акциясын өткізді


«Қазақмыс өзі орналасқан қалалардың халқы үшін COVID-19 диагностикалау және емдеу бойынша медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырады. Соңғы екі аптада елімізде Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларының тұрғындарына да ықпал еткен эпидемиологиялық жағдай орын алды. Короновирус инфекция пайда болған сәттен бастап компания кәсіпорындарында ескерту шаралары қабылданды, алайда ауру жылдам халықтың барлық топтарына жаппай тарай бастады.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы облыстың денсаулық сақтау объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған іс-шаралар жоспарын әзірлеп, оның ішінде шамамен 3 миллиард теңге Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш қалаларына бөлінді», делінген хабарламада.

Аталған іс-шаралар жоспарының аясында Қазақмыс корпорациясымен бірлесіп COVID-19-ға қарсы күресуде ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумда денсаулық сақтау объектілерін толық жабдықтау, атап айтқанда, үш қаланың денсаулық сақтау объектілерінің емдеу қоры үшін қосымша медициналық жабдықтар мен дәрілік препараттарды сатып алу, амбулаториялық медицина қызметкерлерінің тәулік бойы қозғалысын қамтамасыз ету үшін көлікті ұйымдастыру және т. б. шараларды орындау бөлігінде жалпы сомасы шамамен 1 миллиард теңгеге «Қазақмыстың» қатысуы қарастырылған.

Меморандум іс-шараларын жүзеге асыру аясында жақын арада Қарағанды облысы үшін 1 200 дана оттегі концентратын жеткізу күтілуде, оның ішінде 200-ден астамы Жезқазған, Сәтбаев және Балқаш ауруханаларына бөлінеді. Аталған қалалар үшін корпорация 10 өкпені жасанды желдету аппаратын, 3 виброакустикалық аппаратты сатып алады, күзге қарай қалалардың стационарларында 3 медициналық газдар (оттегі) бөлу жүйесі орнатылатын болады. Сондай-ақ компания 8 шілдеде ашылған Жезқазған университетінің жатақханасындағы 250 төсек-орынға арналған инфекциялық госпитальді техникалық жарақтандыруға қаражат бөлді. Аталған жабдықтармен қоса үш қаланың әрқайсысына бір-бірден 3 компьютерлік томограф (КТ) жеткізілетін болады.

Меморандум аталған іс-шаралармен шектелмеген. «Қазақмыс» КВИ-мен күресуде қажеттілікті анықтау және оны толықтыру бойынша денсаулық органдарымен одан әрі бірлесе жұмыс жасауды және халыққа жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беруді жоспарлап отыр.

«Бүгінгі күнде өзара қамқорлық көрсете отырып, бірге болуымыз маңызды. Сондықтан да біз қатысу аймақтарындағы халыққа медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша ықтимал шараларды қабылдаймыз. Біз медицина саласындағы өзіміздің қызметкерлеріміздің кәсіби біліктілігіне сенімдіміз және күш-жігерімізді біріктіріп, бірлесе отырып, осы қиын кезеңді сөзсіз жеңеміз», - деп компания басшылығы атап өтті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT