USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

«Қазақмыс» кенішінің үңгушісі неден қайтыс болғаны анықталды

2015 жылғы 26 наурыз 17:06
Бөлісіңіз:
«Қазақмыс» кенішінің үңгушісі неден қайтыс болғаны анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «Балқаштүстімет» ӨБ-нің Шатыркөл кенішінің үңгушісі жұмыс орныда жүрек талмасынан қайтыс болды, деп хабарлады «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС-нің баспасөз қызметінен.

«Шатыркөл кенішінде жұмыс істеген үңгушінің аяқ астынан қайтыс болуының себебі анықталды. Медициналық сараптама жұмысшының өлімі өндіріске тікелей байланысты емес, жүрек талмасының салдарынан болған деген қорытынды шығарды», делінген хабарламада.

Қазақмыстың басшылығы мен еңбек ұжымы үңгушінің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
Бұған дейін, 23 наурызда «Балқаштүстімет» ӨБ-нің Шатыркөл кенішінде 56 жастағы үңгуші қаза тапқаны хабарланған.

Ауысым арасындағы демалыс кезінде үңгушінің денсаулығы кенеттен сыр берген. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілгенімен, дәрігерлер ажалға араша түсе алмады.

Бұл оқиғаны анықтау үшін өндірісте арнайы комиссия құрылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT