«Қазақмыс» кенішінде жұмысшы қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа жыл қарсаңында «Жезказганцветмет» ӨБ-нің Шығыс Жезқазған кенішінде жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Қазақмыс» корпорациясының баспасөз қызметі.

«Тау жынысының кенеттен опырылып құлауы салдарынан 1981 жылғы дизельдік учаскенің машинисі ауыр жарақат алып, қаза тапты», - делінген хабарламада.

Арнайы комиссия оқыс оқиғаның себебін анықтауда.

«Қазақмыс» компаниясының басшылығы және еңбек ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра отырып көңіл айтуда.

Соңғы жаңалықтар