«Қазақконцерт» әртістері «Ескендір аға туралы» атты арнайы шығарылым ұсынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақконцерт» ұйымының әртістері «Ескендір аға туралы» атты арнайы шығарылым ұсынады. Онлайн форматтағы іс-шарада Қазақстанның Халық әртісі Ескендір Хасанғалиевтің әндері орындалып, оның өнегелі өнері туралы естеліктер айтылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өздерінің естеліктерімен «Қазақконцерт» ұйымының көркемдік жетекшісі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Тимур Урманчеев; ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор Серік Еркімбеков; Қазақстан композиторлары одағының төрағасы Серікжан Әбдінұров бөліседі.

Онлайн форматта Қазақконцерттің жас әншілері мен «Астана мюзикл» театрының әртістері Ескендір Хасанғалиевтің өміршең әндерін жанды дауыста орындайды. Арнайы шығарылым сағат 21:00-де Қазақконцерттің Qazaqconcert Live YouTube арнасында көрсетіледі.

Биыл, 30 сәуірде әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев өмірден озды.


Соңғы жаңалықтар