USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Қазақконцерт әртістері Душанбеде өнер көрсетті

2021 жылғы 17 қыркүйек 21:53
Бөлісіңіз:
Қазақконцерт әртістері Душанбеде өнер көрсетті

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - «Қазақконцерт» әртістері Шанхай ынтымақтастық ұйымының 20-шы мерейтойлық саммитінің гала-концертінде өнер көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тәжікстан, Өзбекстан, Пәкістан, Қырғызстан, Ресей, Қытай және Үндістан өкілдері бас қосқан бұл іс-шарада отандық әртістер қазақ мәдениетін жоғары дәрежеде көрсете білді.

«Ұлттық ән өнерінің үздік үлгілерін Қазақконцерт солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Рысқали ұсынды. Әнші белгілі композитор Бауыржан Ақтаевтың өңдеуіндегі «Молдабайдың әні» туындысын орындады. Б.Ақтаевтың көркемдік жетекшілігімен өнер көрсететін «Астана сазы» фольклорлық ансамблі де оның «Арнау» музыкалық шығармасын орындап, жиналған қауымды тәнті етті. Ұлы дала елінің мәдени болмысын жеткізе білген бұл туынды көпшіліктің зор ықыласына бөленді. Сондай-ақ шетелдік көрермендер «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы би композицияларын тамашалай алды», - деп атап өтеді Қазақконцерт» баспасөз қызметінен.

Қазақконцерт әртістері өз өнері арқылы ШЫҰ-на мүше елдердің арасындағы ынтымақтастық және достық қарым-қатынастың нығаюына өз үлесін қосты. Шанхай Ынтымақтастық ұйымының саммиті аясында отандық әртістер енді 18 қыркүйек күні Тәжікстанның Бохтар қаласында өтетін үлкен концертте өнер көрсетпек.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT