Қазақи қара сабын, білгенге дара сабын - Шетелдегі қазақтілді БАҚ-қа шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» ХАА шет елде қазақ тілінде тарайтын ақпарат көздеріне апталық шолуын ұсынады.

Құмылдықтар шегірткеден қорғанудың ешкім ойламаған әдісін тапты - Тяньшань нет
null

Шынжаңның Құмыл жайлауындағы жасанды ұялардан соңғы күндері қызғылт қараторғайлар ұшып шыға бастады.

Жаз шыққалы сан-санақсыз қызғылт қараторғайлар Құмыл аймағына қарасты, солтүстік Тянь-Шань жайлауларында шектен тыс көбейген шегірткелерді қорек етіп, сол жерлерде мекендеп, шегірткенің жайлымды зияндауына тосқауыл болды.

Бұл туралы осы аптада Қытайлық ts.cn ақпараттық порталы хабарлады.

Аталған ақпарат көзінің мәліметіне жүгінсек, мұндағы торғайлардың санын көбейтуді жергілікті орган қолға алған екен.

«Соңғы жылдары Құмыл қаласы жасанды ұя салу арқылы құстарды баурап, қараторғайды қорғау және өсіру базасын құру сияқты сантүрлі шараны пайдалана отырып, қызғылт қараторғай үшін тыныш, тамаша жаратылыстық орта әзірлеген. Әр жылы қыруар қызғылт қараторғайдың осында келіп мекендеуіне мүмкіндік жасады. Соның нәтижесінде жайылымның экологиялық ортасын қорғады», - деп жазады Қытайлық БАҚ.

Хетт патшалығының астанасы Хаттуша - TRT
null

Ежелгі қала Хаттуша Хетт патшалығының астанасы болған. Хаттуша қаласы ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енген және дүниежүзі тарихында орын алған, деп жазды Түркия Радио Телевизия порталы.

Түркия Чорум провинциясының Богазкөй ауданы маңында орналасқан Хаттуша қаласын әлемге таныту үшін жұмыстарды тездетті.

«Осы мақсатпен ауданда ұйымдастырылған «Хатууша бейбітшілік күндері» атты іс-шаралары мамандардың басын қосты. Тарихи ұлттық парктер дәрежесіндегі аймаққа қызығушылық артуда. Іс-шарада Түрік әуе қоғамы тарапынан ұшақтардың көрсетілімдік ұшулары өткізілді. Студенттер сол дәуірдегі киімдерді киді. Хаттуша халқының тұрмыстық өмірін көрсетті», - деп жазады TRT.

Қазақи қара сабын, білгенге дара сабын - «Ағажай-Алтай»
null

Осындай тақырыппен ағымдағы аптада Қытайдың «Ағажай-Алтай» ақпараттық порталында әлеуметтік маңызға ие мақала жарияланды.

Қытай мемлекеттік қоршаған ортаны қорғау ұйымы, ҚХР-дың кедейлерді сүйемелдеу қоры ұйымы және жергілікті БАҚ өкілдерінен ұйымдасқан топ Шіңгіл ауданы, Шағанғол ауылының Жамбытас қыстағына барып, «Алтай тауы қорық районындағы қазақи қара сабынды бұлғау арқылы кіріс кіргізу жобасына» тексеру жүргізді.

Бұл тексеру - сұхбат құру, жұмыс барысын көру және ауыл тұрғындарымен пікір алмасу форматында өтті. Сұхбат құру жиынына Шағанғол ауылының басшысы, қыстақта тұратын қызмет тобының мүшелері, «Алтай тауы екі өзен қайнары» қорық районын басқару мекемесінің қызметкерлері, қыстақ тұрғындары комитетінің мүшелері және қара сабын бұлғау тобының жауаптыларын қамтыған 50-ге жуық адам қатысты.

Ауыл басшысы Шағанғол ауылы мен Жамбытас қыстағының негізгі жағдайын таныстырумен бірге, ауылдық үкіметтің нысанды, Жамбытас қыстағының жаңа өнімдерді ашу және дамыту жобасын қолдайтынын білдірді. Сондайـақ ол қара сабын бұлғау орнын ашу, сиыр, қой қатарлы малдың майын кәдеге жарату, мал басын азайтып, экологиялық ортаға түсетін қысымды бәсеңдету, қыстақ тұрғындарының кірісін арттыру сынды жұмыстарды атқарудың қажеттілігін түсіндірді.

«Алтай тауы мемлекет иелігіндегі орманды басқару» мекемесінің бас инженері, қыстақта тұратын қызмет тобының бастығы Иын Чиңжияң таза табиғи өнім - қара сабынды бұлғауға қажетті өсімдік байлығының жергілікті орында мол екенін айтты. Яғни 1 мыңнан астам түрлі дәрілік шөптен өнім өндіруге, сондайـақ ұлттың дәстүрлі мәдениетіне мұрагерлік етіп, оны қорғау мен дамытуды ұштастыра отырып, қыстақ тұрғындарының кірісін арттыруға болатынын атап өтті.

Сұхбаттасу жиынында орталықтан арнайы келген маман нысанды ашу барысын таныстырса, ғалым Жау Шушиян нысанды алдағы күнде дамыту бойынша ойымен бөлісті. Қара сабынды бұлғаумен айналысатын Монтай мен Қамила қара сабынды бұлғау жөніндегі әңгімелерін баяндап, осы кәсіп арқылы әлеуметтік жағдайлары жақсара түскенін айтты.

«Табиғи өнім - қара сабынды халқымыз сонау ертеде ойлап тапқан. Бұл - жасауға оңай, емдік қасиеті бар, ұрпақтанـұрпаққа жалғасқан мәдени мұрамыздың бірі. Қыстағымыздағы қара сабын бұлғау тобында 60-тан астам адам бар. Олар Жамбытас және Егіндібұлақ группасы болып екіге бөлінеді. Қыстағымызға арнайы мемлекеттік мекеменің қолдапـқуаттауының арқасында ұзақ уақыттан бері армандаған жобамыз іске асты. Аз да болса ақша тауып, мал санын ықшамдап, экологиялық ортаны қорғауға шамамыз келгенше үлес қосып жатырмыз. Ал қара сабынның басты шикізаты - сақарды тамыз айында алаботаның ұрығы түскеннен кейін орып аламыз. Сосын оны кептіріп, өртеп, күлге айналдырамыз. Суыған соң су құйылған қазанға салып қайнатамыз. Жарақсыз күл астына шөгіп, тұнбаға айналғанда қазанды оттан түсіріп, суытып аламыз. Бұл - сақар делінеді. Алынған осы сақарды маймен араластырып, қара сабын бұлғаймыз. Сондайـақ қара сабынның бөгде иісін жоғалту үшін арша, қалампыр және жалбыздың суын қосамыз. Кейін арнайы жасалған қалыпқа құйып, қорабының сыртына «Үшбұлақ қара сабыны» деген марка жабыстырамыз. Алдағы күнде қара сабынды үлкен қала базарына шығарсақ деген ойымыз бар. Бізге қол ұшын берген мемлекеттік органдар мен жеке адамдарға шынайы алғысымызды айтамыз», ـ деді Қамила Батырқанқызы.

Ал Риза Тасқынқызы қыстақтағы әйелдер қауымы қара сабын бұлғауға қалайша ойысқанын егжей-тегжей баяндап берді.

«Қара сабынға қатысты бұл әңгіме Жамбытас қыстағындағы Монтай деген апамыздың бір тал қара сабынынан басталыпты. Мен қазір «Шынжаң Тау ـ су ортасын қорғау және баянды дамыту орталығынд»а сәйкестіруші болып жұмыс істеймін. Бұл орталықтың бас кеңсесі Үрімжіде орналасқан. Жауапты өкілі Яң Шухұй деген мұғалім. Жамбытас Алтайдың таулы районындағы елдімекен болғандықтан, әлгінде айтқан Яң Шухұй мұғалім Жамбытасқа барып жүріп Монтай апамызбен танысқан. Бұл орталықтың түп мақсаты экологиялық ортаны қорғап, баянды дамуды іске асыру. Жамбытас қыстағы мал шаруашылығын негіз етеді, басты кірісі мал бағудан келеді. Жамбытас қыстағының негізгі жайлауы - Үшкөл. Қазіргі уақытта бұл өңірдің басты проблемасы мал басының артуымен жайлымның тұяқ кесті болуы. Сонымен, бұл орталық қайткенде экологиялық ортаны қорғауға болады деген мәселеге бас қатыра бастаған. Солай, «қыстақ тұрғындарының кірісі мал бағудан келсе, оларды бір юань болса да, басқалай кәсіппен ақша таба алатын мүмкіндікке ие етсек, бір бас болса да малды аз бағар еді» деген оймен ұмытылып бара жатқан қара сабын бұлғау кәсібін қайта дамытып, ауылдағы әйелдер қауымын ұйымдастыра бастаған. Кейін келе, қара сабын бұлғауға көптеген апалар мен тәтелер араласқандықтан, бұл сабынды жеке бір адамға тәуелдеуге болмайтыны шешілді. Бұрыннан қалған ата мұрамыз деп, көпшілік ақылдаса келе «Үшбұлақ қара сабыны› деген ат қойды. Мұндағы «үш» Үшкөл дегендегі - үш, ал «бұлақ» - таза, кіршіксіз деген мағынаны береді. Осылайша, бұлғанған қара сабынды базарға салып, аз да болса ақша тауып отыр», ـ деп түйіндейді Риза Тасқынқызы.

Өзбекстанда доллар бағамының көтерілуі 5 аптадан бері жалғасып келеді - «ӨзА» ақпараттық агенттігі
null

Өзбекстан Республикасы Орталық банкі 2019 жылдың 25 маусымынан бастап валюталық операциялар бойынша шетел валюталарының сумға байланысты соңғы бағасын жария етті. Бұл туралы осы аптада Өзбекстанның «ӨзА» мемлекеттік ақпарат агенттігі хабарлады.

«Оған байланысты 1 АҚШ доллары өткен аптаға қарағанда 26,60 сумға қымбаттап, 8562,34 сумға жеткен. 1 еуро 165,96 сумға қымбаттап, 9731,96 сум болып бекітілген. Ресейдің 1 рублі 2,77 сумға артып, 135,34 сум деп бағаланған. Валюталар құнын бағамдау кезінде Өзбекстан Республикасы Орталық банкі, аталған валюталарды осы бағада сату немесе сатып алу шартын өз міндетіне алмайды», - деп жазады uza.uz/kz.

Соңғы жаңалықтар