«Kazakhstan Invest Group-A» ЖШС-і директоры 12 жылға бас бостандығынан айырылды

None
None
АСТАНА. Қазанның 7-сі. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Астана қаласында барлық мүлкін тәркілеумен 12 жыл бас бостандығынан айыруға «Kazakhstan Invest Group-A» ЖШС директоры Ш. Юнусов жауапқа тартылды.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен апталық брифингте Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Ол «Алматы» және «Анталия» тұрғын үй кешендері бойынша 162 үлескердің 993 млн. 750 мың теңге ақшалай қаражатын ұрлаған. Оған қоса, Юнусов үлескерлік құрылыспен тиісті лицензиясыз айналысып, 233 млн.теңге заңсыз табыс алған»,-деді ресми өкіл.

Атап айтқанда,  Юнусовтың құны 850 млн.теңгені құрайтын  мүлкі тәркіленді.      

Сонымен қатар елордада «АКА-АБ» ЖШС құрылтайшысы мен директоры сотқа тапсырылды. Олар үлескерлік құрылыс бойынша заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, 51 үлескерге 109 млн.теңге көлемінде залал келтірген.

Соңғы жаңалықтар