+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Kazakhstan Fashion Week: Отандық дизайнерлер қандай тренд ұсынады

2018 жылғы 17 қазан 10:36
Бөлісіңіз:
Kazakhstan Fashion Week: Отандық дизайнерлер қандай тренд ұсынады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Kazakhstan Fashion Week 25-ші сән апталығы есігін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Республика сарайында өтіп жатқан үшкүндік шарада Қазақстанның 17 дизайнерінің, сондай-ақ Өзбекстан мен Тәжікстан сәнгерлерінің киім үлгілері көрсетілетін болады.

KFW шымылдығын тележүргізуші, дизайнер Динара Сәтжан ашты.

null «Қазақстанда сән саласы дамып жатқанына өте қуаныштымын. Бәсекенің арқасында даму болатыны рас. Біздің елде стилистер, косметологтар, дизайнерлер мен визажистердің қатары өсіп келеді. Бәсеке сапа тудырады. Марафонда секілді мұнда адамдар өте көп. Олардың қайсысы мәре сызығына жететінін уақыт көрсетеді. Мен fashion-бизнеспен айналыса бастағаныма 8 жыл өтіпті. Қазір байқасаңыздар, отандық дизайнерлердің киімін кию сәнге айналды», - деді Динара Сәтжан.

Дизайнер былтыр КСРО халық әртісі Роза Бағланованың туғанына 95 жыл толуына орай алғашқы коллекциясын таныстырған болатын.

nullАл биылғы топтамасының идеясы «Тақиялы періште» фильмінен бастау алып отыр. Осыған орай модельдердің барлығы тақия киіп шықты.

Подиумдағы шеруге Марат Бисенғалиевтің дирижерлігімен Алматы симфониялық оркестрі музыкалық сүйемелдеу жасады. Келесі дизайнер Тоқтар Сейілбеков (Tosi) әйелдерге арналған pret-a-porter коллециясын көрсетті. Ал Тамара Ламанукаева кең жеңді, жакет смокингтерін, кешкі жиын киімдерін көрсетті.

nullАлғашқы күнді дизайнерлер Ерлан Жолдасбек, Arunaz Design мен Алексей Чжен қорытындылады.

KFW 25 маусым ішінде көкжиегін айтарлықтай кеңейтті. Биыл көрсетілімдер Шымкент (26, 27 қазан), Ақтөбе (6, 7 қараша) және Астана (21-23 қараша) қалаларында өтеді.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Алматы, Қоғам, Аймақ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT