Kazakh Tourism мен Kazakh Invest бірігіп, туризм саласына инвестиция тартпақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Kazakh Toursim» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басшысы Сапарбек Тұяқбаев серіктестік туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл құжатқа сәйкес, Ұлттық компаниялар туризм саласына шетелдік инвестиция тарту бойынша бірігіп әрекет ететін болады.

Атап айтсақ, туризм саласының инвестициялық жобалары туралы ақпарат таратуды көздейтін бірлескен жұмыс және жобалардың отандық және шетелдік инвесторлар тобына таныстырылуы KAZAKH INVEST жасап шығарған ақпараттық-мониторингтік CRM жүйені қолдану арқылы жүргізіледі деп күтілуде.

Оған қоса, ынтымақтастық аясында кросс-маркетинг сұрақтарына ерекше мән беріледі. Осылайша, тараптар Қазақстан аумағында және шетелде инвестиция тартуға септігін тигізетін түрлі іс-шаралар, мысалы бизнес-форумдар, көрме, дөңгелек үстелдер, жәрмеңкелер өткізіп, бір-біріне ақпараттық қолдау көрсетеді.

«Екіжақты келісімдер бойынша нақты жұмыстар басталып та кетті. Осындай іс-шаралардың бірі - біздің компания ұйымдастыратын Қазақстандағы алғашқы туристік инвестициялық форум болмақ. Бұл форумда отандық және шетелдік инвесторларға салалық ірі инвест-жобалар ұсынылады. Сондай-ақ, қазіргі кезде әлеуметтік желілерде белсенді түрде талқыланып жатқан Туризмді 2023 жылға дейінгі дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында инвестициялар тарту мәселелерін де ескерудеміз. Сондықтан осы аталған және басқа да жұмыстар бойынша KAZAKH INVEST ұлттық компаниясымен бірлесе отырып атқаратын боламыз»,- дейді «Kazakh Toursim» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Рашид Күзембаев.

Соңғы жаңалықтар