«Kazakh Tourism» компаниясына жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бисақаев Өркен Серікқалиұлы «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат МСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұжымға жаңа басшыны таныстырды.

Бисақаев Өркен 1977 жылғы 24 шілдеде Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді. Екі жоғары білімі бар. 1999 жылы Қазақ ұлттық техникалық университетін (Экономика және менеджмент, инженер-экономист), 2010 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетін (Заң мамандығы) тәмандаған.

2000-2007 жылдары қазақстандық және шетелдік компанияларда түрлі лауазымдарда қызмет етті. Түрлі жылдары Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметінде болды. Маңғыстау облысы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және Туризм басқармасының басшысы болды. Соңғы лауазымы - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.

«Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Қазақстанның туристік әлеуетін дамыту мақсанда, туристік нарыққа қолдау көрсету мен оны біріктіру үшін ҚР Үкіметі қаулысымен 2017 жылдың шілдесінде құрылған еді. Компанияның негізгі жұмыс бағыттары - Қазақстанды шетелде жарнамалау, нарықтың компетенциясын көтеру және туристік салаға инвестиция тарту болып табылады.

Соңғы жаңалықтар