«KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясына жаңа басшы келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Директорлар кеңесінің шешімімен Сартбаев Бауыржан Мейрамбекұлы «KAZAKH INVEST» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.

Б. Сартбаев 1966 жылы Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін, КИМЭП бітірген.

2000–2002 жылдары ҚР Қаржы министрлігінің «Оңалту қоры» РМК заң басқармасының бастығы болды.

2000–2002 жылдары — ҚР Білім министрлігінің «Қаржы орталығы» ММ директорының орынбасары.

2003–2006 жылдары— «Қазастықтранс» еншілес компаниясының басқарма төрағасы.

2006–2007 жылдары— Ұлыбританиядағы «Азық-түлік корпорациясы» АҚ өкілдігінің директоры.

2008–2012 жылдары— «Номад» ЖШС директорының орынбасары, 2012–2013 жылдары «Сарыарқа» кешенді даму орталығы» мемлекеттік қоры директорының орынбасары.

2013–2015 жылдары— ҚР ПІБ «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары, ҚР ПІБ РМК директоры қызметтерін атқарған.

2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілі лауазымында болды.

Соңғы жаңалықтар