KAZAKH INVEST былтыр инвесторлардың 2,2 мыңнан астам өтінішін қарады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2020 жылы KAZAKH INVEST инвесторлардың 2 279 өтінішін қарады. Бұл компанияның басқармасы төрағасы Мейіржан Жүсіпов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«KAZAKH INVEST Call-center арқылы инвесторларға тәулік бойы сервистік қолдау көрсетіп келеді. Сонымен қатар компания мамандары шетелдік бизнеске визалық қолдау, инвестициялық келісімшарт жасасуға жәрдемдесу және инвестициялық жобаларды іске асыру барысында заң жағынан көмек көрсетеді», - деді Мейіржан Жүсіпов Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Оның атап өтуінше, 2020 жылы ұлттық компания тарапынан инвесторлардың 2 279 өтініші қаралды.

«Атап айтқанда, 1 438 қоңырау қабылданды. 587 жазбаша және ауызша кеңес берілді. Инвестициялық преференцияларға 44 өтінім, сондай-ақ визалық және көші-қон мәселелері бойынша 126 өтініш қаралды», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар