«Қазақфильмнің» мемлекет меншігінде қалғанын жақтаймыз - Арыстанбек Мұхамедиұлы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының мемлекет меншігінде қалғанын жақтаймыз. Бұл туралы бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл мәселені көтерген Қуаныш Сұлтанов (Мәжіліс депутаты) ағамызға рахмет. «Қазақфильм» мемлекет меншігінде қалуы керек. Неге десеңіздер, ол біздің тарихымыз, келешегіміз», - деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Сонымен қатар ол киностудияны сатып алушыларға қазақстандық немесе шетелдік инвестор деп шектеу қойылмайтындығын айтты.

«Ол жекешелендірілетін нысандардың тізіміне 4-5 жыл бұрын қосылған еді. «Қазақфильмнің» тек 49 пайызы ғана сатылады, ал қалған 51 пайызы қалай десек те мемлекет меншігінде болмақ.  Десек те, біз «Қазақфильмнің» мемлекет меншігінде қалуы үшін тырысамыз. Сатып алушы болмаса, қуанамын», - деді министр.

Оның айтуынша, «Қазақфильмнің» сатылымға шығарылған 49 пайыз акциясының құнын Қаржы министрлігіне қарасты тәуелсіз комиссия анықтайтын болады.

Бұған дейін мәжілісмендер «Қазақфильмді» жекешелендіруге қарсы шыққанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар